23Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Қыр

Облыс әкімі "Қазатомпром" басшысын қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов "Қазатомпром" Ұлттық компаниясы АҚ президенті Нұрлан Қапбаровты қабылдады.  Кездесу барысында компанияның жергілікті облыс бюджетіне түсіп жатқан салық жоспары талқыланды. Сонымен қатар білікті кадрларды даярлау мәселесі де қозғалды. 
Облыс басшысы сөз арасында атом саласындағы мамандарды оқытатын колледж құрылысы жүріп жатқанын, оған 2,6 гектар жер бөлінгенін айтып өтті. Оқу орнының корпусы қазіргі жаңадан соғылып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығының аумағында салынбақ.  А. Мырзахметов әлеуметтік бизнес-жобаларды екі жақты келісімге келе отырып, атқару жөніндегі бастаманы көтерді. Сонымен бірге ұлттық компания жүргізіп жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысын жеделдетуді, мейлінше тиімді шешім қабылдау керегін ескертті. Өз сөз кезегінде Н.Қапбаров әкім көтерген бұл мәселелердің маңызды екенін, айтылған тапсырмалар мен ұсыныстар акционерлік қоғам тарапынан кешікпей орындалатынын жеткізді. 
Осы категориядағы басқа материалдар: Жаңа құрылыс нысандарын аралады »

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.