29Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Құрылыс

Биыл Шымкент қаласында бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊқұрылысы жүргізілуде. Оныӊішінде 60 нысанныӊқұрылысын биыл тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊбаспасөз қызметі.  2016 жылы бюджет қаржысы есебінен 38,5 млрд.теӊгеге 125 нысанныӊқұрылысы жүргізілуде. Оныӊішінде 60 нысанныӊқұрылысын биыл тапсыру жоспарланып, қалған 65-і 2017 жылға өтпелі. Сонымен қатар, ағымдағы бюджет есебінен бірқатар маӊызды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 8 мектеп, 3 балабақшаны күрделі жөндеу, транспорт саласында 59 көшені күрделі жөндеу, 98 көшені орташа жөндеу, 47 көше бойына тротуар салу, 20 бағдаршам орнату, 82 көпқабатты тұрғын үйдіӊауласын абаттандыру, 686 көпқабатты тұрғын үйдіӊауласын жарықтандыру, су алу қаупі бар көшелерде 11,5 шақырым ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралған. Бұдан бөлек, қаланыӊдамуына және тұрғындардыӊтұрмыс тіршілігіне бірінші кезекте қажетті 108 инвестициялық жобаныӊжобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Оныӊішінде 78 жобалық-сметалық құжаттамалары биыл дайын болады, қалған 30-ныӊдайын болу мерзімі келесі жылға өтпелі. Бүгінгі таӊда құны 23,2 млрд.теӊгені құрайтын 28 ЖСҚ дайын. Бұл жобалар 2017 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге ұсынылған.  Шымкент қаласыныӊбюджеті 2016 жылдыӊжоспары бойынша108,3 млрд.теӊгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,9 млрд.теӊгеге ұлғайған. Оныӊішінде республикалық бюджеттіӊтрансферттері 29,9 млрд.теӊге, облыстық бюджеттіӊтрансферттері мен кредиттері 26,4 млрд.теӊге, өзіндік кірістер 52,0 млрд.теӊгені құрап отыр. 2016 жылдыӊ1 қазанына қарағанда бюджетті игеру жоспары 75,1 млрд. теӊгені құрап, 99,5 пайызға орындалды.

Толығырақ ...

ОҚО әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласында жаңадан бой көтеріп жатқан ірі құрылыс нысандарын тағы да кезекті рет аралап шықты. Әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысына бас сұғып, жолшыбай "Түркістан" мәдениет сарайының, драма театрдың да ішкі-сыртқы әрлеу- сылақ жұмыстарын көзімен көрді.   - Мердігер компанияның өкілдеріне айтарым, - деді әкім сөзін шегелеп. -  Құрылыс нысандарының сапасы қатаң талапқа сай болуы керек, көпшілік орынға арналған ғимараттардың сыртқы келбеті тартымды болуы тиіс.             Әкім сосын жаңа тарихи-өлкетану мұражайында, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлер орталығында, денросаябақта болды. Құрылысқа қатысты мекеме басшылары мен басқарма басшыларымен тілдесіп, жоба-сметалық құжаттамаларда көрсетілген жұмыстардың іске асуын, өндірістік кестенің сақталуын қадағалауды тапсырды. 

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов "Қазатомпром" Ұлттық компаниясы АҚ президенті Нұрлан Қапбаровты қабылдады.  Кездесу барысында компанияның жергілікті облыс бюджетіне түсіп жатқан салық жоспары талқыланды. Сонымен қатар білікті кадрларды даярлау мәселесі де қозғалды.  Облыс басшысы сөз арасында атом саласындағы мамандарды оқытатын колледж құрылысы жүріп жатқанын, оған 2,6 гектар жер бөлінгенін айтып өтті. Оқу орнының корпусы қазіргі жаңадан соғылып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығының аумағында салынбақ.  А. Мырзахметов әлеуметтік бизнес-жобаларды екі жақты келісімге келе отырып, атқару жөніндегі бастаманы көтерді. Сонымен бірге ұлттық компания жүргізіп жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысын жеделдетуді, мейлінше тиімді шешім қабылдау керегін ескертті. Өз сөз кезегінде Н.Қапбаров әкім көтерген бұл мәселелердің маңызды екенін, айтылған тапсырмалар мен ұсыныстар акционерлік қоғам тарапынан кешікпей орындалатынын жеткізді. 

Толығырақ ...