24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Қаз

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА ТАРТУ

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊҚазығұрт ауданындағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊбаспасөз қызметі. 
Ел Тәуелсіздігініӊ25 жылдығы қарсаӊында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соныӊбір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыӊға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарыныӊшаӊырақтарын көгілдір отынға жалғаудыӊсалтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елдімекенніӊбір көшесіне берілді.
Жиналған тұрғындардыӊқуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: "Ел Тәуелсіздігініӊширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараныӊбірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесініӊқосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесініӊқосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздыӊжұмысын жеӊілдетеді", - деді.
Ал, Шарбұлақ ауыл округініӊтөбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдыӊберілуін Тәуелсіздігіміздіӊ25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, бұл үшін аудан, облыс басшылықтарына ауыл халқыныӊатынан ризашылығын жеткізді.
Жалпы бұл күні, көгілдір отын аудандағы 16 елді мекенге берілді. Шарбұлақтан бөлек, Ащыбұлақ, Жаӊабазар, Жылыбұлақ, Жаӊажол, Жаӊаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіӊішке елді мекендерініӊтұрғындары да табиғи газ тұтынып, өркениеттіӊигілігіне қол жеткізуде.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.