16Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

24 Қаз

ҚАДАМЫН ЖАҢАДАН БАСТАҒАН КӘСІП ИЕСІ ҮШІН ТАПТЫРМАС ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімі Жансейіт Түймебаев "Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Сапар барысында өӊір басшысы Орталықтыӊқызметімен танысып, кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету бойынша құрылған жүйеге оӊбаға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктіӊбаспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Сапар шеӊберінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен мемлекеттік органдармен ықпалдастық барысында кәсіпкерлер тап болатын басты проблемалар туралы талқыланды. Өӊірдегі кәсіпкерлік саласындағы ахуалмен танысқан әкім кәсіпкерлер жиі айтатын әкімшілік кедергілер проблемасына ерекше тоқталып өтті. Бұл проблемаларды жүйелі түрде шешу қажеттігін ескере отырып, әкім оларды өзініӊайрықша бақылауына алды және мәселелердіӊшешімін өӊір кәсіпкерлерімен кездесу барысында жан-жақты талқылауды ұсынды.
Сонымен бірге өӊірдіӊжаӊа басшысы кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет бойынша өтінімніӊорындалу барысын "онлайн" режимінде бақылап отыруға және құжаттарды дайындаудыӊтүрлі кезеӊдері үшін жауапты тұлғаларды көріп отыруға мүмкіндік беретін электрондық база құруды тапсырды. Бұл жүйе құжаттыӊдер кезінде орындалмауына автоматты түрде жауап қатып, мерзімді бұзуға жол берген тұлғаларды анықтап отырады. Тұтастай алғанда жүйе кәсіпкерлердіӊмемлекеттік органға жүгінуі барысында адами факторды алып тастауға және талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімін оӊтайландыруға мүмкіндік тудырады.
"Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімдігі жанынан 2012 жылы Шымкент қаласында құрылып, кейін оныӊфилиалдары өӊірдіӊбарлық аудандары мен қалаларында ашылған болатын. Орталық ашылған сәттен бері 100 мыӊнан астам кеӊес беріліп, 27 мыӊадам кәсіпкерлік тақырыбы бойынша дәрістерден өтті, шамамен 10 мыӊкәсіпкер Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊқолдауымен рұқсаттама құжаттарын рәсімдеді, 3 мыӊнан астам бизнес жоспар жасалды, орталықтыӊсүйемелдеуімен 3,7 мыӊжоба 36 млрд.теӊге сомаға қаржыландырылды.
Оӊтүстік Қазақстан облысындағы орталық республика бойынша алғашқылардыӊбірі болып ашылған үлгілік орталық екенін айта кеткен жөн. Қазір Оӊтүстік Қазақстан облысындағы орталық құру тәжірибесін елдіӊбасқа өӊірлері зерделеп, өз жұмыстарына басшылыққа алуда.
Сондай-ақ, облыс әкімі сапар барысында "Оӊтүстік" өӊірлік инвестициялық орталық" ЖШС мен "Ырыс" микроқаржылық ұйымы" ЖШС іс-қызметімен де танысты.
Бүгінгі жағдаймен "Оӊтүстік" өӊірлік инвестициялық орталық" ЖШС мен "Ырыс" микроқаржылық ұйымы" ЖШС-ніӊжеӊілдетілген шарттармен несиелендіру және шағын несиелендіруі Оӊтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығын дамытуда айрықша әлеуметтік-экономикалық маӊызға ие болып отыр. 2009 жылдан бастап 2016 жылдыӊқыркүйек айы аралығындағы кезеӊде облыс әкімдігініӊаталған қаржылық институттары 41,6 млрд.теӊге сомаға, оныӊішінде 19,4 млрд.теӊгесі облыстық бюджет қаржысынан жасақталған жарғылық капиталдыӊесебінен шамамен 14 мыӊжобаны жүзеге асырды.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.