24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

24 Қаз

ОҢТҮСТІКТІҢ ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы "Тассай" индустриялық аймағында болды. Индустриялық аймақ аумағында инвестициялардыӊжалпы сомасы 38 млрд. теӊгені құрайтын 23 жоба жүзеге асырылуда, оныӊішінде 14 инвестициялық жоба бойынша құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатса, 7 жоба - жобалық-сметалық құжаттамасын жасау сатысында тұр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊбаспасөз қызметі. 
"Тассай" индустриялық аймағы фармацевтикалық, жиҺаз, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау зауыттары, медициналық мақсаттағы заттар өндірісі, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын орналастыруға мамандандырылуда. 
        Өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев "Мега Смарт" компаниясыныӊМДФ панельдер, корпусты жиҺаз өндірісі зауытыныӊжұмысымен және қазір құрал-жабдықтары монтаждалып жатқан ортопедиялық бинттер өндіретін "Марай е7" компаниясы зауытыныӊжұмысымен танысты.
Айта кетейік, облыстыӊжаӊа әкімі келгеннен кейін бірнеше кәсіпорынныӊжерге қатысты проблемалары шешілді. Облыстыӊиндустриялық аймақтарындағы 14 компания, оныӊішінде "Тассай" индустриялық аймағындағы 2 компания, атап айтқанда, "Диойлгаз" ЖШС әкім жұмысқа кірісе сала екі күннен кейінгі кездесуде жер телімдерін беру туралы қаулыларға бірден ие болды. "Диойлгаз" ЖШС басшылығыныӊатап көрсетуінше, ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан бұл өзекті проблема өӊірдіӊжаӊа басшысы араласпаған жағдайда әлі де белгісіз мерзімге созыла түсер еді. Кәсіпкерлер ашық диалог жүргізу мүмкіндігін бергені және мәселелерді шұғыл түрде шешкені үшін әкімге ризашылықтарын білдірді. 
Облыс басшысы алдан шыққан кедергілер туралы уақытылы хабардар етудіӊ, тікелей байланысқа шығып кез-келген проблема туралы хабарлаудыӊмаӊыздылығын ерекше атап өтіп, олардыӊшешімін табуға тікелей араласуға әзірлік танытты.
Кәсіпкерлермен жүргізілген келіссөздерден кейін әкім индустриялық аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстарға оӊбаға беріп, "Тассай" қазірдіӊөзінде еліміздегі үлгі тұтарлық индустриялық аймаққа айналып үлгергенін атап көрсетті. Өӊір басшысы сәттілік тілеп, жеке бизнесті белсендірек дамыта түсуді, мемлекет тарапынан ұсынылып отырған қолдауды пайдалануды, әкімдіктіӊкөмегімен өз өнімдерін республикалық және халықаралық көрмелерде ілгерілете түсуді сұрады. Өнімніӊжарнамасы үшін және шымкенттік тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілете түсу үшін Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесініӊбірегей мүмкіндігін толық көлемде пайдалануға шақырды. 
Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімі Жансейіт Түймебаев өзініӊлауазымдық іс-қызметін бірден кәсіпкерлік субъектілерініӊжұмысымен танысудан бастады. Бұл қадамдар өӊірдіӊэкономикалық саясатында өнеркәсіп пен кәсіпкерліктіӊ, еӊалдымен Қазақстан РеспубликасыныӊСерпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша индустрияландыру картасы нысандарыныӊайрықша маӊыздылығын паш етеді.

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.