22Қазан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

15 Қыр

Кәсіпкер алпыс тоннадай бидай егіп, жемісін көрді

Камильжан Сайпиев «Осман ата» шаруа қожалығын басқарады. Жеке кәсіпкер. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бойынша бес жұмысшыны әлеуметтік жұмыспен қамтып отырған, ал өзі көптен бау-бақша егумен айналысып келе жатқан азамат. Диханшылық оның ата кәсібі.

Бала кезінен егін егіп, жер еміп өскен Камильжан жігіт ағасы жасына келіп, бұл күндері бау-бақшалықты жіті игеріп отырған азамат. Қазір қарамағында жалға алған жиырма алты гектар жері бар. Оның он бір гектарына жоңышқа, он гектарына бидай, көкөніс, қалған бес гектарына жеміс-жидектерін отырғызды. Осыдан бес жыл бұрын еккен алма, жүзім, шие, өрік ағаштары әне-міне дегенше жеміс салғалы тұр. Биылдан бастап, оның да нәтижесін көрмек.

-                     Тамшылатып суғару тәсілін қолға алғалы бері су, сумен қоса бәрінен бұрын уақыт үнемделді, - дейді кәсіпкер әрбір мезгілдің қадірін білетін тәжірибелілігін көрсетіп. Тамшылатып суғару қондырғыларын өз қолымен оналастырған көрінеді. Оған да қолының епсектігі бар екені көрініп тұр.

Белі жазылмай еткен еңбектің арқасында биыл алпыс тоннадай бидай алған. Өнімді қайда өткізеді десеңіз, ауыл-аймақтың барлығы ежелден малсақ өңір. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың өзі тонналап сатып алып кетеді. Азыққа да жарамды. Ең бастысы  - диірменге өткізеді. Ол жерге бидайдың келісін 35 теңгеден беріп отыр.

-Диірменнен тартылған ұнды халық тұтынып келеді. Жергілікті тұрғындардың жағдайын ойлап, төмен бағада беріп жатырмыз. Көпшіліктің ішінен рахметін айтып жатқандар қаншама, - дейді Камильжан азаматтық танытып. Әйтсе де мұнымен тоқатылып қалғысы жоқ, бидай сапасын арттыру үшін келесі жылы элиталық сорттарды егуді қолға алмақшы.

Оның үстіне тұқымға, жоңышқа егуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген субсидиялар беріліп тұрады. Кәсіпкердің айтуынша техника атаулыдан әзірге жалғыз тракторының өзі кәдеге жарап, біраз шаруасын тындырып тұр. Бір ғана трактордың арқасында ақпан айынан бастап, жерді жыртып, өңдеп, егіске дайындап шығады екен. Содан шілденің ортасынан бері қарай ораққа түседі. Күздік бидай қазаннан бастап егіледі. Оның қасында жоңышқа биылдыққа үшінші рет орылып үлгерді. Жоңышқаны да сатып алып кететіндер көптеп табылады.

Айтпақшы, бидай мен жоңышқадан бөлек, «Осман ата» шаруа қожалығы көкөністерді егіп жатыр. Мәселен, картоп, қызынақ, қияр далалық ашық жерде жайқалып өнім беріп тұр. Қысқасы, жергілікті нарықтың сұранысын өтеп келеді. Ол биыл шаруашылығын кеңейтіп, отбасы мүшелерімен бірге тағы да бес жұмысшыны қосымша жұмысқа қабылдады. Олар «Халықты жұмыспен қамту орталығынының» жолдамасымен жұмысқа жіберілген азаматтар.

Жұмысшылардың бірі бақшалыққа қараса, енді бірі трактормен шөп тасиды, бірі суғарудан қолы босамайды. Қайсысы болмасын еңбекшіл, жалақыларын тиісті мөлшерде уақытылы алып отыр. Осының барлығы талап-тілектің, еңбекке деген ынта-жігердің арқасы емес пе?  

Камильжан Сайпиев:

-         Мақсатым – отбасымызды, балаларымды аяғынан тік тұрғызу, өмірге бейімдеу. Әрбір шаңырақтың тұрмысының түзелгені – мемлекеттің хал-ахуалы, экономикасының жақсарғанын білдіреді. Сондықтан, осындай идеяда құрылған «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына», оларды қолға алып, іске асыруға мұрындық болып отырған Халықты жұмыспен қамту орталығына рахметімді айтамын, - дейді кәсіпкер.

Білдей бір шаңырақтың тұтқасы, әрі кәсібін дөңгелетіп отырған азаматқа біз де ісіңіз оңғарыла берсін деп тілек айтамыз. 

 

Қ.Исламқызы

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.