29Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

02 Нау

"Қазақстанда жасалған" жәрмеңке акциясы өтті

Шымкент қаласының Әл-Фараби алаңында «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері мен Шымкент қаласы әкімдігі және облыстағы тауар өндірушілер «Қазақстанда жасалған» жәрмеңке акциясын өткізді.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 Жәрмеңке аясында қала тұрғындарына облыстың 120-дан астам тауар өндірушілері өз өнімдерін арзандатылған бағамен саудалады. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Шахан», «Имран», «Фиркан», «Метро» сынды ірі 15 сауда орындарында аталған шара өз жалғасын табады. Акция аясында отандық өндірушілердің өнімдері орналасқан сауда сөрелеріне «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар қойылады. Бұл қазақстандық өнімді ерекшелеп, сатып алушылар үшін тартымдылығын арттырды.
Бүгінде Шымкенттегі «Фиркан», «Шахан», «Метро» сынды ірі супермаркеттер желілерінің сөрелерінде тұрған тұтыну тауарларының 30%-ын отандық өнімдер құрайды. 2015 жылғы 11 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердің тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», деген болатын.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.