26Қыркүйек2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты облыс белсенділеріне «Жастар - Отанға!» ұранын тастады. Еліміздің 14 облысынан келген белсенді жастар осы ұранды ұстаным етіп, Төлеби ауданында бас қосты. Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба ҚР Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігіне тиесілі. Жастар саяси лагерінде Әлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды.
Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген жобаны іске асыратын қуатты күш, шуақты күй бар. Осыны ескерген ұйымдастырушылар еліміздегі әр облыстың 60 шақты елдімекенінен ең белсенді жастарды жинады. Бұл елу  елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Бірнеше бағытта шеберлік сыныптарын өткізіп, арнайы семинар-тренингтерде жарыссөзге шықты.
Ата дінге берік, құқықтық, экономикалық білімі биік жастар ғана Қуатты Қазақстанды құра алады. Әлеуметтік жобада сол толқынды тәрбиелеу, шыңдау көзделген. Басымдық жаңа технологияларды игеріп, бәсекеге қабілетті болуға да бағытталып отыр.  
Райымбек Телжанұлы, жоба қатысушысы Ақтөбе облысы
Біздің Жастар лагерінен алған әсеріміз керемет. Енді өзіміздің аймаққа барғанда осы жерден білген-түйгенімізді өзгеде жастарға жеткізетін боламыз.
Ауқымды шара бұған дейін еліміздің Астана, Алматы сынды ірі қалаларында да ұйымдастырылған. Бұл жолғы басқосу әсерлі әр берді. Атырау арынын, Алтай-Арқа айбынын айшықтай келген жастар 5 күн бойы туған жердің тағы бір табиғаты тамаша бұрышын аралап, баябан байтағымызға деген патриоттық сезімін нығайтты. Шара достықты бекем еткен спорттық  ойындарға ұласты.
 
 

 

Сәрсенбі, 16 Қараша 2016 20:40

ОҚО-НЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ БАҚ СЫНАУДА

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты білікті мамандар «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы ұйымдастырған олимпиадада бас қосты. Өңіріміздегі 200 ге жуық мектеп мұғалімдері өзара мықтыларын анықтайтын болады.  «Ұстаз» сөзінің өзі «Отан», «Ар», «Адамгершілік», «Намыс» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет.
Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.
Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Ұстазда да ұстаз бар, үздіктері бір бөлек! Елімізде  білім стандарттарына биыл біраз өзгеріс енген. Енді басымдық пәндік білімге емес, функционалдық сауаттылықты пән арқылы дамытуға беріледі. Бұл білім бәсекесі екі бағыт бойынша жүзеге асады. Жаратылыстану – математика және  қоғамдық - гуманитарлық саласында ұстаздардың жұмыстары сарапқа түседі.
Бұл олимпиадаға қатысушылар - өз аймақтарында жүзден жүйрік шыққандар. Әр ауданда өткен байқаудың жеңімпаздары. Солардың бірі - Жанар Жолдасова. Қазығұрт ауданынан келген география пәнінің мұғалімі ғылыми жұмысын қоғамның тыныс-тіршілігімен байланыстырған. Жаратылыстану ғылымының барлық салада орны бар екенін дәлелдеген.
Олимпиада екі турдан тұрады. Теориялық тәжірибе мен әдістемелік біліктілік бойынша баға беріледі. Бұл додадан дара шыққандар жоғарғы санатқа лайық деп танылады. Мүғалімдердің ең үлкен сыйы да осы. Ұстаздардың ұлықтылығы санатымен сараланады.
Бәйдібек ауданында кәсіпкерлердің басын қосқан алқалы жиын болып өтті. Онда аймаққа қосымша инвестиция тарту және кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары жөнінде жауапты сала мамандарының есебі тыңдалды. Басқосуға аудан әкімі арнайы қатысып, мұндағы атқарылған тірліктің жай-күйімен танысты.
Бәйдібекте ағымдағы жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімі 2 млрд. теңгеден асты. Нәтижесінде нақты көлем индексі 100 пайызды басып озды. Белсенді кәсіпкерлік субъектілері де былтырғымен салыстырғанда, біршама көп. Ауданда шағын және орта бизнес те ілгері басқан. Шығарған өнім мен көрсетілген қызмет түрлері 2 млрд. теңгенінің көлемінде болды. Жеке кәсіпкерлер есебінен 74,2 млн. теңге салық төленді.   
Жыл басынан бері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 152 кәсіпкерге бизнесті дамыту жөнінде кеңестер берілді. Қаржы институттарынан 78 жоба несиемен қамтамасыз етілді. Мемлекеттің негізгі саяси бағыты - үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша бірнеше ірі жоба қолға алынып, қажетті инфрақұрылымдар тартылған.  
Ел дамуын еселеу инвестицияны шебер икемдеумен байланысты. Даласы дархан, тау тасы асыл аймақтың әр мүмкіндігін пайдаланып, шетелдік компаниялармен әріптестік аясында қажетке жарату  ең маңызды міндет болып отыр.  Бұл  бағытта келешекте бірнеше жоба іске асады.
Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесіне орай Отырар ауданының  Ақтөбе ауылындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп базасында аудандық алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу семинары болып өтті. 
Семинардың мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шараларда жас ұрпақтың қоғам алдындағы басты міндетін сезіндіру болып табылады. Сонымен қатар,оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту. Әскери сымбаттылыққа, әскери әдептілік пен тәртіпке тәрбиелеу.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдос Құлмаханов ашып, іс-шараның маңыздылығына тоқталып, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, семинарға қатысушы ұстаздар мен оқушыларға сәттіліктер тіледі. 
Шара соңында алғашқы әсери дайындық пән мұғалімдері мен оқушылары салтанатты шеру жасап, мектеп өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
 Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал етеді. Әскери-патриоттық тәрбие беруде мұғалімнің атқаратын ролі өте маңызды. Болашақ Отанқорғаушысын дайындау біздің басты міндетіміз деп санасақ та болады.
Оқушылардың алғашқы әскери дайындық пәніне деген қызығушылығын ояту үшін, әр-түрлі әдістерді пайдалана отырып өткізу қажет. Бейнематериалдар, әр түрлі деңгейдегі тесттер, сабақ өткізу кезінде психологиялық, математикалық тренингтер өткіп түру керек. Сабақ өткізу барысында өмірмен ұштастырып, байланыстыра отырып оқушылардың қызығушылығынн арттыру керек. Отанға деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек– дейді іс-шараға қатысушылар. 
Жергілікті аумақта жылыжай кәсібін дамыту халықты қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Қазір қалада бұл бағыттағы барлық жұмыс жанданған. Бастамаға Елбасы белгілеп берген 5 реформа серпін беріп отыр.  Елбасының жариялаған бес институттық реформалық бағдарламасы Қазақстанды жаңа белеске шығаратын бағдарлама деп айтуға болады. 100 қадамның тең жартысы кәсiпкерлер үшiн маңызды индустрияландыру мен экономикалық өрлеуге қатысты. Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік.
Арыс қаласының аумағында 64,7 мың адам тұрады. Онда өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны жылдан жылға артып келеді.
Осыған орай бүгін Ақдала ауылдық округінде «ОNTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жанынан құрылған «Агро-кеңес беру» орталығының мамандары жас кәсіпкерлермен, шаруалармен және ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен кездесіп мастер-класс өткізді. 
Аталған кездесу жеке кәсіпкер Р.Кенжебаевтың жылыжайында өтті. Мамандар жылыжайда көп өнім алудың қырларымен таныстырып, әр кәсіпкерге өзіне тиімді ұрықты, оларға беретін тыңайтқыштарды таңдау тәсілдерін, қайдан алу керектігі туралы кеңінен мәлімет берді. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатын белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен, биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр және т.б.) жылытылады.
Мастер-класс соңында жаңадан ісін бастаушы кәсіпкерлерге сертификат табысталды.
Бүгін, қала әкімдігі мәжілісінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі тыңдалды. Жиын барысында аталған бөлімнің басшысы Мұрат Базарқұлов бөлім тарапынан атқарылған жұмыс тұралы кеңінен айтып берді. 
- Есептік кезеңде 8 ресми мерекелік жиынмен қатар 80-ге жуық мәдени-көпшілік іс-шара өткізілсе, алдағы желтоқсан айында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының аясында бірқатар мәдени шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар, ел егемендігінің 25 жылдығының бастау алуына арналған «KZ-25» және «Мен елімді сүйемін» акциясы өткізілді, - деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Базарқұлов.
Бүгінге дейін, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» қала аумағына қосылған елді мекендердегі 10 мәдениет үйінде 125-тен аса мәдени іс-шара ұйымдастырып, мәдени және спорттық бағыттағы 19 үйірмеге 125 жасөспірім мен жастар тартылған. Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 18 танымдық клуб пен үйірме жұмыс атқаруда.
Кездесуде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі зообақ, мәдениет үйлері, кітапханаларда халыққа қолайлы жағдай жасау жөнінде құрылымдық бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктелді. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Шымкент зообағында қайта жаңғырту жұмыстары бойынша «Тау» экспозициясы мен «Африка» аумағының, «Тұяқтылар» бөлімінің құрылыс жұмыстары, инженерлік-коммуникациялық жүйелері мен су ұңғымасы, ішкі электр қуаты, газбен қамтамасыз ету жүйелері жүргізілуде.
Есепті жиын соңында қала әкімі қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысына "Шымкент қаласының 2017 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту" туралы жоспар жасауды тапсырды.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ «Даму» бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура бастаған делегатпен кездесті.
Делегация мүшелерімен болған жиында ҚР Үкіметі мен БҰҰ Бірлескен бағдарламаларын іске асыру барысындағы жасыл энергетика, қоршаған ортаны қорғау, өңірлік ынтымақтастық, аумақтық даму және тиімді басқару аясындағы жобалар жайы қаралды. Жоғарыда аталған жобалар бүгінде облыста жүзеге асырылып жатқанын айтқан әкім халықаралық деңгейде тәжірибесі мол ұйыммен әрбір бағыт бойынша бірлесе жұмыс жасап, одан әрі дамыту өңіріміз үшін тиімді болатынына сенім білдірді.
«Баламалы энергия саласын дамыту бағытында  27 жоба іріктеліп, 10 жоба нақты жүзеге асуда.  Ал энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен облыс әкімдігі және «Шымкент-цемент» АҚ арасында үш жақты келісім жасалды. Бұл өз кезегінде бес жыл ішінде энергия тұтынуды 15 пайызға азайтуға мүмкіндік беретін болады»,-деді облыс әкімі.
Отырыста БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Үкіметі үлкен қолдау білдіріп отырғанын айтып, бүгінде бірқатар жобалар республика өңірлерінде сәтті іске асып жатқанын жеткізді.
«Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жоғарыда аталған жобалар табысты жұмыс жасап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды Оңтүстік өңірінде де іске  асыруда бірлесе жұмыс жасауға ниеттіміз. Мәселен,  Шымкент осы бесжылдық жоба аясында іріктеліп алынған 15 пилоттық қалалардың бірі болып табылады. Осындағы қала инфрақұрылымы  мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика, көлік сынды жобаларды анықтауға, оларды әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге дайынбыз»,- деді Норимаса Шимомура.
Оңтүстік Қазақстан - халқы көп облыс болғандықтан проблемада жоқ еместігіне тоқталған аймақ басшысы,  алдағы уақытта ұсынылған бағдарламалар бойынша тығыз байланыста жұмыс жасалатынына сенім білдірді.
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген делегаттар облыстағы қолөнер орталығының жұмысымен танысып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетімен бірлескен «БҰҰ еріктілер бағдарламасы» жастар форумына қатысады деп жоспарлануда.
Оңтүстік Қазақстан облысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен  «Отандық өнім — Тәуелсіздіктің 25 жеңісі» атты отандық өнімді қолдауға арналғанаудан, қалалардажастар акциясы өтуде.
Елбасының аграрлық саланың алдына қойған міндеттеріне сәйкес азық-түлік тауарлары ішкі нарығының 80 пайыздан астамын отандық тамақ өнімдері құрауы тиіс делінген болатын.
Сондықтанр, қазір қай салада болсын отандық өнімді дамыту өзекті мәселе болып отыр. Әсіресе, халықтың күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының басым бөлігін отандық табиғи, таза өнімдердің құрауы аса маңызды. Алайда, бүгінгідей ашық экономикалық кеңістікте шетел өнімдерін ығыстыру жоғары бәсекелестікпен қатар, тауар өткізудегі жүйелі жұмысты да талап етеді.
Бүгін Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында аудан орталығындағы кіші маркеттерде, дүкендерде, шырын, консерві өнімдерін шығаратын зауыттарда акция өтіп жатыр.
Атаулы акцияның мақсаты жастар арасында Тәуелсіздіктің 25 жылда жеткен жетістіктерін насихаттау, отандық өнімдерді жиі тұтынуға шақыру, жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған акция Жетісай қаласында орналасқан "Нұрай" сауда орталығында да жалғасын тапты. Акция барысында отандық өнімді, оның ішінде ауданымызда өндірілетін өнімдерді тұрғындарға тұтынуға шақырды.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі құрылысы жүріп жатқан медициналық нысандарды аралап, сапасын қадағалады. 
Ең алдымен, облыс басшысы Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету ауруханасының жаңадан құрылысы жүріп жатқан «В» корпусының жұмысымен танысты. Ондағы қабылдау бөлімі, ота жасау блогы, жансақтау бөлімі мен галереяның жапсарлас құрылысының сапасын қадағалаған аймақ басшысы медициналық нысанның заман талабына сай жүзеге асырылу қажеттігін ескертті. 
Жоба қуаттылығы 21 операциялық бөлме мен стационарлы 27 орынды қамтыған ғимарат құрылысының аяқталуы келер жылға өтпелі болып отыр.
Шымкент қалалық жедел жәрдем медициналық ауруханасы көпсалалы стационарлық қызметтік мекеме болып табылады. Тәулік бойы жұмыс істейтін мамандандырылған аурухана хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық бейінде облыс тұрғындарына шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. 
Қазіргі уақытта қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы 425 орынға шақталған болса, оның 317-сі хирургиялық науқастарға, 108-і терапиялық бөлімнен тұрады. Клиникада жалпы саны 1 мыңға жуық қызметкер жұмыс атқарады. Мұндағы  диагностикалық және тактикалық сұрақтарды шешуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар заман талабына сай жабдықталған.
Мұнан соң, жұмысшы топ облыстық онкологиялық диспансерге жапсарлас 75 орындық палаталық корпустың құрылысын аралап көрді. Тапсырысшысы облыстық құрылыс басқармасы болып табылатын ғимараттың құрылысын «Тұр-Ахмет и Компания» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары 2017 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде.
Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері өңірде бүгінде 12 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертімен есепте тұрғанын, ал жыл сайын  3 мыңнан астам азамат онкологиялық ауруларға шалдығатыны анықталатынын айтты. 
Жоғарыда аталған мәліметтерді тыңдаған өңір басшысы қатерлі ісік ауруын емдеуде Франция мен Белгиядан   мамандар алып келіп, олардың емдеу тәсілдерін қолданып, тәжірибие алмасу үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. 
Айта кетейік, облыстық онкологиялық диспансерде түрлі онкологиялық аурулармен 230-дан астам науқас емделуде. Бүгінгі таңда, ондағы әр палатада 6-7 адамнан орналасса, жаңа жапсарлас құрылыс ғимараты біткен соң емделушілерге деген палата саны артады деп жоспарлануда.
                                                                                        
Кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамыту – «Қазақстан – 2050» Стратегиясының ең басты міндеттерінің бірі. Елбасы Жарлығын жүзеге асыру Қа­зақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытуға қажетті жағ­дайларды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған әрбір қазақстандыққа нақты көмек. Кәсіпкерлердің жұмысына қажетті жағдайды ұдайы жақсартып отыру әрқашан да мемлекеттің басты назарында.  Бұл – Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған 50 елдің қатарына қосылуы жолындағы маңызды қадам. Осы шара және кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орын­дарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың әл-ауқа­тының артуына серпін береді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов аудандық кәсіпкерлік мектебінде аудан кәсіпкерлерімен өткен алғашқы қабылдауында шешімін таппай жүрген мәселелерін бірігіп шешуді ұсынды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Аудан әкімінің жеке қабылдауына келген кәсіпкерлер өз мәселелерін ортаға салды. Оның бірі, Ленгер қаласының тұрғыны жеке кәсіпкер Роман Абдухманов құс өсіру үшін жер телімін алуға қызығушылық танытса, Кемеқалған ауылдық округінің жеке кәсіпкері Жандос Өсербаев салынған дүкен  құжаттарын рәсімдеу тәртібін сұрады. Қолынан іс келетін азаматтар мемлекеттің көмегіне қарап отырмай, тіршілігін жасауда. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов кәсіпкерлердің мәселесін шешу бойынша аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаевқа және  тиісті бөлім басшыларына заң талабына сәйкес көмек көрсетуді тапсырды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры А.Тастановқа әр аптаның бейсенбі күні сағат 10:00-де өтетін ашық есік күндері қабылдауының регламетін бекітуді тапсырды. Жеке қабылдауға келген барлық кәсіпкерлер аудан әкімі тарапынан атқарылған жұмыстарға өз ризашылықтарын білдіріп, қажетті кеңестерді алды. Айта кету керек, жалпы Төлеби ауданында кәсіпкерлік соңғы жылдары айтарлықтай қанат жайып келеді.