22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Жұма, 18 Қараша 2016 12:37

"ЖАС БАЛҒЫН" БАҒЫ

Елбасының елімізді көгалдандыру, көркейту жөніндегі «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Түлкібас  ауданының білім беру мекемелерінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, кең көлемде «Жас балғын бағы» акциясы ұйымдастырылды. Жас балғындарды ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу, табиғатты аялау, туған жердің тазалығын сақтау, мектеп аулаларын көгалдандыру, ауыл көшелерін көріктендіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отыру жөнінде іс-шаралар түзіліп, бағдарлы жұмыстар атқарылды. Биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 1-сынып табалдырығын аттаған 2359 оқушы болса,  акция аясында 1300 түп жеміс, 1059 түп сәндік, барлығы – 2359 ағаш отырғызылды. Өздері еккен ағаштарын 1-сынып оқушылары мектепті бітіргенше аялап, баптап өсіреді.
Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі аясында, “Жасыл аймақ” ағаш отырғызу акциясына өткен демалыс күндері Құралай, “Дарын”, Ломоносов, Пушкин атындағы мектептері мен “Камшат”, “Балапан” және “Балдырған” балабақшалары қызметкерлері және ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер, барлығы 243 адам іс-шараға қатысып, 725 түп емен ағаш көшеттерін жаңадан ашылған “Жанкент” мөлтек ауданындағы мектептің айналасына екті. “Жасыл аймақ” акциясына қатысушылар тақтайшаға жазылған мекеме атауларын еккен ағаш көшеттерінің тұсына қағып белгілеп кетті. Іс-шараға Майлыкент а/о әкімі К.Жартыбаев, аудан мәслихаттың депутаты С.Скляров, “Жанкент” ЖОМ директоры Г.Кудериева, “Балапан”, “Кәмшат” және “Балдырған” балабақшаларының басшылары қытысты. Игі іс-шараны ұйымдастыруда Майлыкент а/о әкімінің орынбасары Аблай Шонанов белсенділік танытып, ұйымшылдықпен өтуіне мұрындық болды.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Үміт алға жетелейді” атты Дүниежүзілік зағиптар күніне арналған “Отбасыны қолдау аптасы” ұранымен “25 қайырымдылық іс” акциясы өткен аптаның бейсенбісінде Түлкібас аудандық Мәдениет сарайында тұсауын кесті. “Тәуелсіздік бабаларымыздың арман етіп, өскелең ұрпағының қол жеткізген жетістіктерінің бірегейі. Қазақстандықтар үшін бұл күн ел тарихындағы жаңа дәуірдің басталуының нышаны. Жас мемлекетіміздің өзінің тәуелсіз дамуы тарихының қысқа кезеңінде қоғам өмірінің әртүрлі саласында ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асырып жатқан қазіргі заманғы әрекетке қабілетті мемлекетке айналды. Биыл Тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жылдық мерейтойын баршамыз бейбіт өмірдегі еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеуімен тойлағалы отырмыз. Тәуелсіз даму жылдарында біздің еліміз үлкен дәрежеге қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан әр ұлттар мен дін өкілдерінің татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан, экономикасы дамыған, саяси тұрақты және халықаралық деңгейі биік, беделді ел. 25 жыл бұрын біз таңдаған жол-ырыс, береке, тұрақтылық және келісім жолы, дұрыс таңдалған бағыт екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді. Бүгінгі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “Үміт алға жетелейді” атты Дүниежүзілік зағиптар күніне арналған іс - шараға хош келіпсіздер!” - деген жүргізушінің алғы сөзінен соң сахнаға “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов көтеріліп осында жиналып отырған зағиптарды төл мерекелерімен құттықтап, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан: Н.Жандаров, Л.Ф.Коваленко, Н.Шадрида, Б.Байғалиев, А.Орақбаева сынды азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын салтанатты жағдайда табыс етті. Іс-шара барысында Созақ және Түлкібас ауданында тұратын зағип жандардың концерттік бағдарламасы көрермендер назарына ұсынылды. Әсіресе, Р.Тұрғанбаева, Г.Сыздықова, Ж.Кенжетаев, А.Темірәлі, Ж.Ахан, Н.Құрманбеков, Н.Еркін, Н.Ақсәуле, З.Дадаевалардың өнерлері көпшілік қауымға ерекше ұнады. Көздері нашар көретін жандарға арналған облыстық кітапханасының директоры Б.Нұрмағанбетов, аудандық мәслихаттың депутаты С.Қынтаев, Жаскешу ауылдық округінің әкімі С.Өкебай зағиптарды мерекелерімен құттықтап, олардың қуаныштарын бірге бөлісті. Жүрегі мейрімділік пен қайырымдылықтан жаралған қалталы азаматтар, кәсіпкерлер, мекеме басшылары қарапайым адамдар акция барысында арнайы қойылған шыны жәшікке ақшаларын тастап, өздерінің қайырымдылық ізгі қасиеттерін танытты. Акция барысында зағиптардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдары мен салған суреттері көпшіліктің назарына ұсынылды.

 

Бүкіл республика Тәуелсіздік күнінің 25 жылдығына орай көптеген іс-шаралар мен акциялар өткізуде. "Азаматтарға арналған үкімет" назардан тыс  қалмай, бүгін мемлекеттік корпорациясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің барлық қызметкерлері Облыстық қан орталығында донорлық қан тапсырды. «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акция шеңберінде жсалған жәрдем - қан тобы қажет болатын адамдарға көмектеседі деп сенеміз.Бүгін департаментінің 40-тан астам қызметкерлері донорлық қан тапсырды. Бүкіл ОҚО бойынша депертамент қызметкерлерінің қатысуы, бұл көптеген акциялардың бірі болады. Бұдан ертерек біз ОҚО бойынша 55 ағаш егу бойынша акция жүргізгенбіз. Сондай-ақ, жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ойыншықтар жинауға "Ризашылық" және Әлеуметтік бейімдеу орталығының белгілі тұрағы жоқ жандар және көмекке мұқтаж азаматтар үшін жылы киім жинауға арналған "Қиын жағдайға түскенге жылуыңды бер" акцияларын өткізу жоспарлануда.

Облысымызда мұндай қайырымдылық шаралардың соңғы кездері артып келе жатқаны көңіл жадыратады. Осындай қайырымдылық пен ізгілікке бағыттайтын бізде мамандық иелері де бар. Олар әлеуметтік сала қызметкерлері. Жақында ОҚО, Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде «Әлеуметтік сала қызметкері» күні аталып өтті. Бұл мереке 2011 жылғы ел басының Жарлығымен бекітілген болатын. Содан бері елімізде қазанның соңғы жексенбісі көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді. Қоғамдағы ең ауыр, әрі жауапкершілігі жоғары жұмыс әлеуметтік сала қызметкерлеріне тиесілі. Өйткені, олар көмекке мұқтаж жандарға рухани қуат беріп, күйбең тіршілікте қолғабыс етеді. Іс-шара осы мамандық иелерінің құрметіне арналды. Іс-шарада қызметкерлердің еселі еңбектері еленіп, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Марапатталғандардың ішінде 37 жыл еңбек өтілі бар Ералиева Айшакул Асқарқызы да бар. Жолсейтов Алмас бөлімдегі «Зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау» секторының бас маманы, бұл секторда қарттар мен мүгедектерді қорғаудың нақты жүйесі қалыптасқан.
Әлеуметтік сала қызметкерлері: Сабаева Бибігул, Джамалбекова Назира, Мырзакулова Клара жалғызілікті қарттардың көңілін аулап, барынша қолдау көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қайғысымен бөлісіп, оңалып кетуіне ықпал етуде. Бөлім басшысы жиында қайырымдылық пен ізгілікке негізделген мамандық иелеріне көптен көп алғыс айтты.
Биылғы жылы еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Егеменді дамуының 25 жылында Қазақстан әлемнің ең дамыған 50 ел қатарына енді, 2030 Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырып, 2050 Стратегиясын, "100 нақты қадам": барлығына арналған заманауи мемлекет" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісіп кетті.   Еліміз үшін маңызды оқиғаны Созақ ауданы кең көлемде атап өтуде. Мұнда халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын күнделікті мерекелік іс-шаралар үздіксіз өтуде. Осының айғағы кеше Созақ ауданының Құмкент ауылында ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Қ.Сәтбаев атындағы мектеп - гимназиясының оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне арнап флешмоб өткізді. Мектеп оқушылары қатысқан флешмобқа ұстаздар қауымы ұйытқы болып отыр. Айта кету керек, мектеп оқушылары мерекесін лайықты қарсы мақсатында апта сайын "25 бестік аламын" байқауын ұйымдастырылған. Олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын осылайша ерекше қарсы алуды көздеп отыр.
Сонымен қатар, осы күні Созақ ауылдық мәдениет үйінде "Мәңгілік ел - мұратым" атты патриоттық әндер байқауы болып өтті. Аталған шараға мекеме, бөлімдердің жастары белсенді қатысып, аудандық жастар ресурстық орталығының дипломдары мен сыйлықтарына ие болды.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, жергілікті мәслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз туры ұйымдастырылып өткізілді.
Қонақтарды облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші судья В.Мирошников ғимараттың холында қарсы алды.
Іс-шараны ашу барысында Н.Шәріпов қонақтарға сот ғимараты туралы және облыс соттарындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кейінгі кездерде сот жүйесіне енгізілген жаңа технологияларға қатысты статистикалық мәліметтерді келтіріп, қысқаша айтып берді.
Төраға өз сөзінде Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің сот жүйесінің де өз дамуында биік белеске көтеріліп, өркениетті елдер дәрежесіне көтерілу мақсатында жүйелі, сатылы түрде реформалар жүргізілгенін, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген тапсырмалардың сот жүйесіне қатысты 10 қадамының қазіргі таңда толықтай орындалғанын, сондай-ақ, аталған реформалардың негізгі діңгегі, өзегі сот жүйесінің халыққа қызметінің сапасын биік дәрежеге көтеріп, сот процестерінің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ету, сот қаулыларының заңмен көзделген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.
Облыстық соттың татуласу рәсімдері бойынша үйлестіруші судьясы Н.Биболов пен ОҚО сотының жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің хатшысы, ардагер судья М.Әміров қонақтарды облыстық сот ғимаратында жұмыс істеп тұрған медиаторлар және адвокаттар кабинеттерімен таныстыра отырып, татуласу рәсімдерінің артықшылықтары мен облыс бойынша оны қолдану барысы туралы айтып, осы бағыттағы жұмыстардың статистикалық мәліметтерін айтып берді.
Облыстық соттың жауапты мамандары шақырылғандарды сот отырысын аудио-бейне жазу жүйесінің (АБЖ) жұмысымен таныстырып, оны қолданудың артықшылықтары мен қолайлылығын көрсетті. Іс-шара облыстық соттың кіші мәжіліс залында бір кесе шай үстінде жалғасып, осы жерде орнатылған монитордың көмегімен «Сот кабинеті» инновациялық сервисі мен толықтай жаңа технологияларды қоланумен жұмыс атқарып отырған кеңсенің жұмысы көрсетілді.
Баспасөз турына қатысушылар кездесудің өзектілігін атап өтіп, таныстырылған сервистер осындай тәжірибе және пікір алмасулардың нәтижесінде халық арасында кеңірек танылып, «Сот кабинетін» пайдаланушылардың саны едәуір арта түсетінін айтты.
Отырар ауданыныңәкімі Ерлан Айтаханов аудандағықызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады– деп хабарлады Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесуде аудан әкімі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 1-15 қадамы «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бағытталғандығын атап өтіп, қадамдарда айқындалғандай мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан бастау, меритократия, яғни жеке еңбегі мен жетістіктерін бағалау, кәсіби даярлығы мен қабілетіне сай мемлекеттік қызметте көтермелеу, гендерлік саясатты ұстануға үлкен мән беріліп отырғандығын жеткізді. 
Биылғы жылы ауданымызда 9 бос орындарға жалпы конкурс өткізіліп, 9 қызметкер қабылданған. Соңғы өткізілген 3 конкурсқа 17 үміткер қатысып, 3 үміткер конкурстық комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметке қабылданды. Олар жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген. Соңғы жылдары ЖОО бітірген жастар ауданымызға келіп, қызмет жасау үрдісі қалыптасып келеді. Себебі, облыс орталығынан бөлек, өңірлер де дамып, жастарымыздың қызмет жасауына мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп, жағдай жасалынуда. 
Аудан басшысы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосып, мемлекеттік қызмет саласының ролін арттыратындығына сенім білдірді. Кездесу соңында аудан басшысы жас мемлекеттік қызметшілердің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, естелікке кітап табыстады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Бәйдібек ауданындағы Тұрақты елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Бахытбек Танағұзов елді мекен тұрғындарына өзінің ізгі тілегін білдірді. Егемендігімізді алған қысқа уақыттың ішінде еліміздің болашағы, халық игілігі үшін жұрт тамсанып, ғибрат аларлық талай игі істер біздің ауданда да атқарылып жатқандығына тоқталды. Алдағы уақытта бұл елді мекенде жаңа жол салыну жоспарда бар екенін және 2017 жылы жаңа мектептің құрылысы басталатынын атап өтті.
Жаңа көпірдің құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аудандық бюджеттен қаржыландырылып құрылысы басталған болатын. Жыл басында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында 25 нысан аудан халық игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бүгінгі нысан жиырма үшіншісі болып табылады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков Елбасының «Қазақстан — 2050» стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс жағдайы мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылып жатқандығын атап өтті. Осы іс-шара аясында Тұрақты ауылындағы халықтың жүріп-тұруына қажетті көпір құрылысы пайдалануға беріліп, тұрғындар қуанышымен бөлісті. Іс-шара соңы мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) –Қазақстан Республикасында тұңғыш ашылған Халықаралық жоғары оқу орны. Сонымен қатар, Түркі тілдес мемлекеттер арасында Халықаралық мәртебеге ие болған жалғыз білім және ғылым ордасы. Университеттің 8 факультетінде 54 бакалавриат, 30 магистратура, 11 докторантура және 3 резидентура бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Қазіргі таңда Қазақстан мен Түркиядан және Әлемнің 14 елі мен 33 қауымдастығынан 8500-ге жуық студенттер білім алуда.
Үстіміздегі жылдың 18-қараша күні Түркістан қаласындағы  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшісі Рашад Маммадов іс-сапармен келеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Университеттің баспасөз қызметі.
Елші Рашад Маммадовтың бұл сапарының мақсаты – Ахмет Ясауи университетінде «Әзербайжан тарихи-мәдени орталығын» ашу туралы меморандумға қол қою.
Меморандум негізінде алдағы уақытта мәдени және білім бағдарламалар үлгілерінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруды тараптар мақсат етіп отыр. Сондай-ақ, бауырлас мемлекеттер арасында өзара мәдени, рухани байланыстар орнату, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен іс-шараларды бірлікте ұйымдастыру көзделген.
Сонымен қатар, ықпалдастықты қолдау аясында Қазақстанның білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің, жастар ұйымдарының өкілдерімен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстары төңірегінде келісімдер жасалмақ.
Сондай-ақ, елші Р.Маммадов Ахмет Ясауи университеті студенттеріне лекция оқитын болады. Сапар барысында Әзербайжан елінен келіп білім алып жүрген студенттермен кездесу де жоспарланған.
Міндетті медициналық сақтандыруды енгізуді ұйымдастыру және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, медициналық ұйымдарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді талапқа сай ету үшін Арыс қаласының  әкімі М.Қадырбек Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөніндегі (Үйлестіру кеңесі) штаб құру туралы № 1-58-Ө өкімімен «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша Штабтың құрамын» бекітті.
Бекітілген құрамға сәйкес, Арыс қаласында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша Штабтың» кездесу кестесі бекітілді.
Жоспарға сәйкес Штаб мүшелері Ақдала, Дермене, Жиделі, Байырқұм, Қожатоғай ауылдық округтері мен елді-мекендердің тұрғындарымен кездесіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мақсаты, атап айтқанда қол жетілімділігі мен өмір сүру ұзақтығын арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғау және ана өліміне жол бермеуді қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бала өлімін азайту, жүктілік бойынша әйелдерді ерте кезден есепке тұруларын қамтамасыз ету, озық мемлекеттердің тәжірибесін енгізу туралы түсіндірілді.
     Жиынға қатысқан тұрғындар «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам»-Ұлт жоспары аясында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан тұщымды жауаптарын алды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Бейсенбі, 17 Қараша 2016 19:59

ЖАС ТАЛАНТТЫЛАР НАЗАРЫНА

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Оңтүстік-Цирк мекемесінің 5 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұрақтылық кепілі» атты облыстық мектеп оқушылары арасында жыр мүшәйрасы өтеді.
1. Жалпы ережелер
1. Бұл «Тәуелсіздік – тұрақтылық кепілі» атты облыстық мектеп оқушылары арасында жыр мүшәйрасын (бұдан әрі - Мүшәйра) дайындау және өткізудің қағидасы осы мүшәйраның тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Мүшәйра ОҚО Мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстік-Цирк» МКҚК ұйымдастыруымен облыстық, қалалық БАҚ қолдауымен 2016 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 15:00 Шымкент қаласында, аталған мекемеде өтеді.
3. Мүшәйра қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болады.
2. Мүшәйраның негізгі міндеттері мен талаптары
1. Асқақ рух пен терең сезімге тұнып тұрған намысты жырлар туындатар, өр мінезді өрен жүйрік шығармалар қабылданады. Ата-бабаның жылдар бойы аңсаған армандары орындалып, бүгінгі ұрпаққа сый боп келген қасиетті Тәуелсіздікті, қасіретті Желтоқсан оқиғасын, осы Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін жырмен өрнектеп, тақырыпты толықтай ашып көрсету. 
Кірпіші қаланғалы тынбай еңбек етіп, облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл күй сыйлап келе жатқан Оңтүстік-Цирк мекемесінің 5 жасқа толуына байланысты, жас дарындарды іріктеп, шығармашылығына жол ашу.
2. Мүшәйраны өткізудің тәртібі мен шарттары
1. Мүшәйраға оқушылар қатыса алады. 
2. Мүшәйра екі бөлімнен тұрады:
- Бірінші бөлім. Қатысушы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын жырлар патриоттық тақырыптағы кез келген туындысын жолдай алады. Бірақ бұл шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек. Өлеңдердің көлемі 6-8 шумақтан аспауы талап етіледі.
- Екінші бөлім. Оңтүстік-Цирк өмірін, облыс мәдениетіндегі орнын, цирк өнерін, цирк әртістерінің ерліктерін айғақтайтын жырларға арналады. Бұл туындының да көлемі 6-8 шумақты қамтуы қажет.
3. Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлер шынайы аты-жөнін, мектебін, тұрғылықты мекен-жайы мен сыныбы жазылған файл мен шығармаларын қоса 30 қарашаға дейін цирктің электронды поштасына ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) жібере алады. 
4. Шығармалар Time New Roman, жол арасы – 1,5., 12 қаріппен терілуі тиіс.
5. Облыстың белгілі тұлғалары қазылық ететін мүшәйра аталған 2 бөлім бойынша негізгі жеңімпаздарды анықтайды.
6. Қазылар мүшесі жүлдені бөліп бере алады.
7. Ұйымдастыру комитеті мүшәйрада алғашқы екі бөлімнен жеңімпаз атанғандарды арнайы шақырады.
8. Ұйымдастыру комитеті жол, қонақ үй, ас-ауқат тағы басқа шығындарды көтермейді.
3. Жеңімпаздарды марапаттау:
Бірінші орын – біреу. Циркке 4 адамдық бір жылдық тегін кіру сертификаты;
Екінші орын – екеу. Циркке 2 адамдық бір жылдық тегін кіру сертификаты;
Үшінші орын – екеу. Циркке 2 адамдық жарты жылдық тегін кіру сертификаты;
Арнайы сыйлықтар мен ынталандыру марапаттары да қарастырылған.
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефондары: 8(7252) 30-12-62.