26Қыркүйек2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнің (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы директоры Джанет Хэкманмен кездесті.  Басқосуда тараптар екі жақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. 
Алғы сөзді бастаған аймақ басшысы, ең алдымен, мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, аталған банк өкілдігімен ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым, автожолдар салу мен әуежай құрылысын жүргізу салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Үш миллионға жуық халқы бар өңірдегі туу көрсеткішінің жоғары екенін, сәйкесінше, бұл ретте инфрақұрылымдық, әлеуметтік, коммуникациялық мәселелер жайы туындайтыны заңды екеніне тоқталған әкім, атап айтқанда, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мәселесінде қаржы бөлу қажеттігін айтты. 
«Жалпы, ҚР Үкіметінен түрлі салалар бойынша көптеген қаржы бөлінуде. Десе де, мұндай халықаралық ұйымдардың қаржысы біз үшін артықтық етпейді. Аталған банкпен бірге біздің тарап Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының инфрақұрылымдарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуге әзір. Бұл қаржы институтымен бірлесе жұмыс істеудің бірінші тиімді тұсы, теңге айналымын жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, пайыздық ставкасы басқа банктермен салыстырғанда өте төмен», - деді Ж.Түймебаев.  
Өз кезегінде, ЕҚҚДБ-нің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстар негізінде жұмыс істеуге уағдаласты. 
Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым болып табылады. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады. 
Банкінің мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы Одақ мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық негізде экономиканың дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады. 
1992 жылдан бері Қазақстанмен байланыс орнатып, түрлі салалар негізінде жұүмыс істеп келе жатқан банк өкілдігі биылдың өзінде еліміздегі әртүрлі 28 жобаға 703 млн. еуро көлемінде қаржы салған. 
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Алиясбек Алымкуловпен кездесті.
Тараптар басқосуда туысқан қазақ-қырғыз елінің бірлескен жобалар жайын талқылап, қос мемлекеттің алдағы жоспарларымен бөлісті.
Өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан арасында сауда-саттық, экономикалық, мәдени сынды түрлі салалардағы байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы мәртебелі меймандарға екіжақты «бауырлас қала», «бауырлас облыс» құруды ұсынды. Облыс орталығы – Шымкентті жасыл қалаға айналдыру жоспарымен бөліскен облыс әкімі көршілес Қырғызстаннан сатып алынатын ағаш көшеттерінің санын болашақта көбейтуді көздеп отырғанын жеткізді.
Аймақ басшысы тарапынан болған ұсыныстарды оң бағалап, қолдаған бас консул Оңтүстікте жүрген қырғыз азаматтарының жағдайына назар аударып, олардың шекарадан өту тәртібін жеңілдетуде септігін тигізуді сұрады. Бұл өтінішке бей-жай қарамаған Ж.Түймебаев қырғыз азаматтарының құқықтарын қорғау үшін тиісті шаралардың жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, қос тарап екі елдің ара қатынасын дамытуда жеңіл өнеркәсіп бағытын жандандыруға қызығушылық білдірді.
Айта кету қажет, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында қырғыз кәсіпкерлерінің қатысумен құрылған «FreeMark» ЖШС макарон өнімдерін өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап макарон өнімдерін қазақстандық нарыққа шығарып келе жатқан серіктестік сағатына 500 келі өнім өндіруге қауқарлы.   
 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілістің кезекті жиыны өтті. Селекторлық отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе - облыстың 10 айлық нәтижесімен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтік селекторда тындалатын мәселелер қаралды.
Жиындағы бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкемановтың мәліметінше, 2016 жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуында оң серпін байқалуда. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 643,1 млрд. теңгені құрап, республикада 3-орынға тұрақтаса, кен өндіру өнеркәсібінде 191,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 4 % артты. Өңдеу өнеркәсібінде 396 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (8,5% артты), индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жыл басынан 3,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске асыру арқылы 159 жұмыс орны ашылған.
Дегенмен, басқарма басшысының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жылдың қорытындысымен 10 индикатордың орындалмау қауіпі бар. Тарқатып айтсақ, аталған индикаторлардың 3-і кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына, 2-і ауыл шаруашылығы басқармасына, 3-і жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, 2-і денсаулық сақтау басқармасына тиесілі көрсеткіштер.
Мысал ретінде айтсақ, инвестиция тарту туралы тапсырма бірқатар аудан, қалаларда төмен күйде қалып отыр. Дегенмен, аудан әкімдері соңғы екі айлық көрсеткішті қосып, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексінің жылдық  жоспары 105% болса, 10 айда 101,2% құрап отыр. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі бойынша жылдық жоспар 100,2% болса, нақты 29,8% құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі бойынша жоспар - 5% болса, салалық басқарма жылдың қорытындысымен 5,3% болады деп болжануда.
Жоғарыда көрсетілген салалардағы кемшіліктер бойынша басқарма басшылары мен тиісті аудан, қала әкімдерінің жауаптарынан соң, Ж.Түймебаев жыл соңына дейін индикаторлар көрсеткішін жоспарлы межеге жеткізіп, басқарма басшыларының бірігіп жұмыс істеу керектігін тапсырды.   
Күн тәртібінде екінші мәселе ретінде «Үкіметтік селекторда тындалатын мәселелер» қарастырылды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу мәселелері» бойынша облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков мәлімет келтірсе, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов баяндама жасады. Ал «Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері» бойынша облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова айтты. Баяндамаларды тыңдаған облыс басшысы айтылған ұсыныс, пікірлерді жұмыс барысында басымдыққа алу қажеттігін ескертті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 26 қараша - «Азаматтық қоғам» күніне орай, Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан ҮЕҰ мен БАҚ өкілдеріне құрмет көрсету рәсімі өтті.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков облысымызда азаматтық қоғамның дамуына өзіндік үлес қосқан, облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының негізін қалаушы, Әліпова Клара Төлендіқызына және журналистика саласында жемісті 18 жыл еңбек еткен, көптеген қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болған Кирюхин Юрий Георгиевичке арнайы барып, сый-сияпат тапсырды.
 
К.Әліпова «ОҚО Азаматтық альянсында» еңбек еткен жылдары  облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуына жағдай жасады және өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға үлкен үлес қосты.
Көптеген әлеуметтік маңызы жоғары шаралардың бастамашысы болып, елде тұрақтылық пен келісім болуына бағытталған жұмыстар атқарды.
Бүгінде бұл ұйым облыстағы үкіметтік емес ұйымдарды  әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағыттап, бизнес құрылымдарын мәдени, қайырымдылық жұмыстарға тартып келеді.
Кирюхин Юрий Георгиевич еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастап, облыстық «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси  газетін 18 жыл басқарып, 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық славян мәдени орталығының төрағасы, 2016 жылдан бастап  осы орталық  төрағасының орынбасары қызметін  абыройлы атқарды.
Сондай-ақ, «Қазақ романсиадасы» Халықаралық байқауының негізін қалаушылардың бірі.
 

 

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.
Жұлдызды 25 күннің бірінші күні - «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды.
Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік тойымен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктері мен Ата Заңның мән-мағынасына тоқталды. 
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы тереңде жатыр. 1991 жылғы 16 - желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік - біздің ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткен ірі жеңістерге дәлел болатын мысалдар өте көп. Мәселен, ширек ғасырда Қазақстанда азаматтық қызметкерлердің жалақысы 17,6 есеге өссе, Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 жасқа ұлғайды. 25 жыл ішінде Қазақстанда баланың тууына орай төленетін жәрдемақы 7 есе көбейді. Соңғы 17 жылда жұмыссыздық көрсеткіші 2,7 есеге азайды.  Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салихалы саясатының арқасында қол жеткізген белестер», - деді Ж.Түймебаев.
 «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері - «Қазақстан 2050» стратегиясы, Елордасы - Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды 14 тақырыптық бөлімнен тұрса, қалған 12 бөлім Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы мен білім, мәдениет, спорт және туризмнің дамуына арналды.
Сонымен бірге, шара аясында егіз туылған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктер беріліп, қоғам өміріне етене араласып, белсенді көзге түсіп жүрген 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды. Ал мереке қарсаңында шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға неке куәлігі табысталды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы» жұлдызды күніндегі шаралар мұнымен бітпейді. Кешке дейін аудан, қалалардағы кітапханаларда «Жеті Жарғы» кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерінде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттілік тарихы» жобасы өтпек. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтсе, білім беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылады.  
Тәуелсіздік жылдарында өңір экономикасына 3 трлн. 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Сондай-ақ, осы жылдар ішінде 347 денсаулық сақтау нысаны, 491 мектеп, 1491 балабақша пайдалануға берілді. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 24,1 млрд. теңгеден 670,4 млрд. теңгеге артса, ауыл шаруашылығы 20,0 млрд. теңгеден 426,9 млрд. теңгеге өскен. Сонымен қатар, 25 жылда өңір халқының саны 1,8 миллионнан  2,8 миллионға жетіп, 1 миллионға артқан. Ширек ғасырда 2001 жылы бүкіл мемлекетіміздің бюджеті 508 млрд. теңге болса, бүгінде тек Оңтүстік Қазақстан облысының бюджеті 550 млрд. теңгеге жетіп отыр.
Айта кету керек, қарашаның 21 мен желтоқсан айының 15 күні аралығында өтетін «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» атты 25 жұлдызды күн акциясы «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Мемлекеттік рәміздер», «Мемлекеттік шекара», «Мемлекеттік тіл», «Жаһандық бастамалар», «Азаматтық қоғам», «Бірегейлік және бірлік», «Ұлттық валюта», «Ядролық қарусыз әлем», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Қазақстан Республикасының Президенті институты», «Отбасылық құндылықтар», «Ұлт саулығы», «Спорт жетістіктері», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Мәдениет және руханият», «Нұрлы жол», «Нұрлы Болашақ», «Білім», «Әлеуметтік жаңғырту», «ЭКСПО «жасыл» технологиялары», «Индустрияландыру», «Қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер», «Астана», «Мәңгілік Елдің» мәңгілік құндылықтары»  сынды түрлі атаулармен Тәуелсіздік  жетістіктерін баяндайтын 80-ге жуық тағылымы мол жиын, мерекелерімен жалғасын табады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов Ұлыбритания астанасы Лондон қаласына жұмыс сапарымен барып, онда екі ел арасындағы үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

Сондай-ақ, лондондық такси қызметінің басшысымен кездесу өткізді. Сапар аясында xалықаралық «AECOM» компаниясының атқарушы директоры Патрик Флаертимен кездесіп, «Шымкент Сити» жобасын таныстырды. Өз кезегінде британдық компания басшысы бұлф жобаға зор қызығушылық танытты.

Естеріңізге салар болсақ, осы жылдың жаз айында «AECOM» компаниясының өкілдері Шымкент қаласына келген болатын. Сол сапар барысында аталған компанияның аймақтағы директоры Марина Констанян мен қала әкімі облыс орталығына инвестиция тарту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

«АЕСОМ» - сәулет және құрылыс саласындағы, сонымен қатар қалаларды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға маманданған халықаралық компания. Қазіргі таңда компания АҚШ-тың ірі корпорацияларының Fortune-500 рейтингінде 156 орынға ие.

«АЕСОМ» жүзеге асырған ірі жобалардың қатарында Дүниежүзілік сауда орталығы, Әбу-Дабидің, Гонконгтың, Лос-Анджелестік әуежайларды, Мәскеудегі «Москва-City» жобасын атап өтуге болады.

Айта кетейік, Қазақстан – «АЕСОМ» компаниясының жұмыс істеп отырған мемлекеттер ішіндегі алғашқы дамушы ел болып табылады.
Оңтүстік Қазақстанда «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндерінің екіншісі – «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтті. «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.  Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Осыған орай, бүгін Шымкенттің белсенді жастары ерекше флешмоб ұйымдастырды. Қала орталығындағы іргелі оқу орнының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 250 студенті қатар тұрып "Мен Қазақстанды сүйемін» деген жазу құрастырды. Мұндай шаралар барлық аудан, қалалардағы оқу орындарында ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, «I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды.
Облыс көлемінде бастау алған 25 жұлдызды күннің екінші таңын бір мезетте 600 мыңға жуық жас әнұран айтып атырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған ұлттық рәміздерімізді ұлықтау шарасы кезінде бір ғана Кентау қаласының өзінде көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта ту таратылды.
Егеменді елдігіміздің нышанына айналған рәміздерді құрметтеу шаралары мұнымен аяқталған жоқ. Облыстағы барлық аудан, қалаларда «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты жастар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы өтті.
 

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов пен басқарма төрағасы Үміт Шаяхметовамен кездесті.
Тараптар, өзара әңгімеде Оңтүстіктің әрбір үшінші тұрғыны аталған банктің клиенті екенін алға тартып, оның елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтерудегі үлесіне тоқталды.
«Қазақстан Халық Банкінің» елге қызмет көрсету жөнінен көшбасшы банктердің бірі екеніне тоқталған өңір басшысы бүгінгі ашылатын жаңа ғимараттың заман талабына сай қызмет ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде, мәртебелі меймандар да аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Мұнан соң, олар Шымкент қаласындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жаңадан ашылған Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының жаңа ғимаратын пайдалануға беру шарасына қатысты.
«Қазақстан Халық Банкінің» бүгінгі ашылған жаңа ғимараты ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына жасалған әдемі сый деп есептеймін. Бүгінде халқымызға 40-тан астам филиалдары арқылы қызмет етіп жатқан банк ұжымы әрбір тұтынушыға лайықты қызмет көрсетеді деп ойлаймын. Қаржылық институттардың ішінде абыройлы көш бастап тұрған «Халық Банкіндегі» қызмет көрсету түрлерінің көбейіп, сапасы артарына кәміл сенімдімін», - деді құттықтау сөзінде Ж.Түймебаев.
Қазіргі таңда Банктің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдарында 700-ге жуық мамандар еңбектенуде. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын барынша жақсарту үшін және аймақтағы бизнестің даму сұраныстарына сай келуі үшін банктің топ-менеджменті филиалдың жаңа офиске көшуі туралы шешім қабылдады. Соңғы 12 жылда 8 аймақтық филиалдарында, атап айтқанда, Ақтөбе, Қарағанды, Астана, Қостанай, Семей, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында жаңа ғимараттардың құрылысы жүргізілді.
Халық банкінің филиалы Оңтүстік Қазақстан облысында бизнестің көп бағыттары бойынша көшбасшылардың қатарында. Филиалдың депозит портфелі 23,8 млрд. теңгеге жуық, аймақ бойынша комбанктер арасында депозиттік портфель бөлігі - 8,5%. Аймақтық бөлімшелердің ссудалық портфелі- 45,6 млрд теңге, филиал несие портфелі бөлігі бойынша көшбасшы қатарларында - 23,13%. Қазақстан Халық Банкі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2300 компанияға жуық жалақы жобалары бойынша қызмет көрсетеді. Төлем карталарының айналыс саны - 444 136. Халық банкі 40 өкілдіктерден тұратын кең ауқымды желісі Оңтүстік Қазақстан облысының шалғай аудандарындағы клиенттерге банктік қызметтердің қөлжетімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, банк дистанциондық сату каналдарын қарқынды дамытуда - облыста 176 банкомат, 32 банктік киосктер және 42 төлем терминалдары орнатылған. Халық банкі аймақтағы қазақстандық азық-түлік, құрылыс материалдар өндірушілердің, тоқыма өнеркәсіптерін қарқынды несиелендіруде. Филиалдың ШОБ бөлімінің жалпы портфель көлемі- 15 млрд. теңге, соның ішінде 5 млрд. теңге ШОБ қолдау үшін мемлекеттік бағдарламар бойынша.
2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Қазақстан Халық Банкі» қазақстандық коммерциялық банктер арасында кірісі мол банк болып табылды. Банктің Қаржылық институты Fitch Ratings-дан BB; Standard&Poor`s-дан BB және Moody's Investors Service-тен Ва2 халықаралық рейтингтік агенттіктерден берілген, қазақстандық Екінші деңгейлі банктер арасындағы рейтингі ең жоғарылардың бірі болып табылады.
2016 жылдың шілде айында «Euromoney» халықаралық басылымында Халық банкі үздік қаржылық институты деп танылды. Ал осы жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қайырымдылардың рейтингіне еніп, қазақстандық коммерциялық банктерінің арасында 1-ші орынды иеленді. Сонымен қатар, Vlast интернет-журналының нұсқасы бойынша «Елдің 25 ірі қайырымдылық жасаушылары» рейтингіне кірді.
Бүгін облыс әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Түркияның мәдениет және туризм министрлігінің тренер шеберлері - Джеззим Оздемир және Мурат Озен, сондай-ақ, Түркиядағы турагенттіктер қауымдастығының уәкілетті өкілі Чери Эрдалдың кездесуі өтті. Оңтүстіктегі туризм саласының мамандарын оқытуға келген делегация мүшелерімен болған отырыста тараптар аймақтағы аталмыш саланы дамыту жайын талқылады.
Басқосуда өңір басшысы облыстың туристік әлеуетінің жоғары екенін айтып, түркиялық туризм саласы білгірлерінің бұл салада мол тәжірибесі барын жеткізді.
«Біз туысқан түрік ағайындармен тәжірибе алмасуға ниеттіміз. Өйткені, Түркияда соңғы уақытта туризм саласы жақсы дамып келеді. Мысал келтірсек, кейінгі жылдары Түркияға 40 млн. турист келген. Анталия мен Аланияның өзінде инфрақұрылымы жолға қойылған және қызмет көрсету деңгейі жоғары 1500-ден астам үш жұлдызды, төрт жұлдызды және бес жұлдызды қонақ үйлер бар. Сондықтан, бізге олардың тәжірибесін пайдалану керек», - деді әкім.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы туристік фирмалардың қызмет көрсету деңгейін жақсарту үшін апталық оқу курсын өткізуге келген түрік делегациясы туристік операторлардың біліктілігін жетілдіру, мейрамхана бизнесіне баулу және қонақ үй менеджментіне үйрету тақырыптарынан тұратын үш кезеңді шеберлік дәрістерін өткізбек. Оған 70-тен астам туризм саласындағы мамандар қатысады.   
Айта кету керек, аталған оқу курсы «Оңтүстік Қазақстан облысының туризм индустриясын дамыту қауымдастығы» мен Түркияның турагенттіктер қауымдастығы және туристік ақпараттық орталығының келісімі нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.
Апталық оқыту жұмыстарынан соң, курсты сәтті аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілмек.
Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындалады.

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Раушан Ергашева айтты.

Оның  айтуынша, жаңа форматқа сәйкес «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді.

«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады. Балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі. Мәселен, бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

«2017 жылы түлектер үшін қорытынды аттестациялау өздері оқыған мектепте өткізіледі, яғни келесі жылдың 1-10 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50.», – деп атап көрсетті Р.Ергашева.

Мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына қабылдану үшін тапсыратын ҰБТ форматы үш міндетті пәннен тұрады. Олар – математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы. Олардың әрқайсысына 20 сұрақтан, ал екі таңдау пәніне 30 сұрақтан беріледі. Жалпы тестілеу уақытына 210 минут бөлінеді. Сұрақтар санының артқанына қарамастан,  ең төмен балл деңгейі 50 балл күйінде өзгеріссіз қалатыны айтылды.

Міндетті пәндер қатарына білім алған тілі – қазақ немесе орыс тілі және әдебиет – эссе түрінде, Қазақстан тарихы – ауызша емтихан, математика – бақылау жұмысы, меңгерген тілі бойынша тестілеу (қазақ тілі – орыс тілді мектептер үшін, орыс тілі қазақ, өзбек, ұйғыр, тәжік тілді мектептер үшін). Ал таңдау пәндері бойынша – физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шет тілінен тест тапсырады.