24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

ОҚО дін істері басқармасының ұйымдастырумен Шымкент қаласы, жоғары жаңа технологиялар колледжінің стадионында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «18 қазан - Рухани келісім күніне» орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар жетекшілері мен өкілдері арасында кіші футболдан турнир өтті.
​Турнирге 6 команда қатысты.
Олар:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мешіті командасы.
2. Православиелік конфессиясының «Дружба» командасы.
3. Католиктік конфессиясының «Святой Николай» командасы.
4. Пресвитериан конфессиясының «Титан» командасы.
5. Елуіншілер конфессиясының «Қуаныш» командасы.
6. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Сұңқар» командасы.
Қатысушыларды облыстық дін істері басқармасының басшысы Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев мерекемен және турнирдың ашылуымен құттықтады. Бұдан бөлек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Александр Могилевский сөз сөйледі.
Ниет білдірген қатысушыларға теннис, шахмат, шашки ойындары да ұйымдастырылды.
Бірінші орынды - Православиелік конфессиясының «Дружба» командасы.
Екінші орынды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мешіті командасы.
Үшінші орынды - Католиктік конфессиясының «Святой Николай» командасы.
Турнирдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Өткен аптада Шымкенттегі "Көрме" орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халық мұрасы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті.
Көрменің мақсаты - заман талабына сай, жүннен, қыштан, ағаштан, темірден, зергерлік бұйымдар жасаушы, көркем сурет салушы, ұлттық нақышта тігілген көрпе-төсек пен киімдерді дайындайтын туынды иелері, яғни жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен насихаттау. Халық арасында ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген тұлғалардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа таныстырып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу болып табылады. 
Көрме-жәрмеңкеге облысымыздың 32 қолөнер шеберлері өнердің түрлі саласы бойынша өз туындыларын қойды. Әділ қазылар алқасы құрамында ҚР шеберлер одағының мүшесі, Шымкент университетінің доценті Симова Бибіажар Иманбекқызы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшесі Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Ахметов Әбдімүтәліп Мұстафаұлы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің «Руханият» бөлімінің аға тілшісі Тастанбекова Лаура Қалшабекқызы, Облыстық мәдениет басқармасы, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Аяулы Тәжібайқызы болды. Әділ-қазылардың шешіміммен бас жүлдені ағаштан ұлттық бұйымдар жасаушы шебер Ауелбеков Якия иеленді. 1-орынды былғары зергер шебері Желдібаев Әшірбек және қыз жасауын дайындаушы Омарбекова Эльмира, 2-орынды былғарыдан бұйым жасаушы Желдибаев Бағлан және ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасаушы Түркістан қаласының шебері Кунхожаев Гаухарбек, 3-орынды «Тұмар» ЖШС-нан  Есимбекова Гүлназия және Түлкібас ауданынан қолөнер шебері Елепбергенов Амангелді және сандық сандық жасаушы Сәрсенбаев Мақсат иеленді.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертифакаттар тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және «18 қазан - Рухани келісім күніне» орайОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар жетекшілері мен өкілдері арасында 2016 жылдың 15 қазанында Шымкент қаласы жоғары жаңа технологиялар колледжінің стадионында кіші футболдан турнир өтеді.
            Турнирге 6 команда қатысады. Олар:
1.   Оңтүстік Қазақстан облыстық мешіті командасы.
2.   Православиелік конфессиясының «Дружба» командасы.
3.   Католиктік конфессиясының «Святой Николай» командасы.
4.   Пресвитериан конфессиясының «Титан» командасы.
5.   Елуіншілер конфессиясының «Қуаныш» командасы.
6.           «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Сұңқар» командасы.
Турнирге облыстық дін істері басқармасы мен діни конфессия өкілдері қатысады деп күтілуде.
Ниет білдірген қатысушыларға теннис, шахмат, шашки ойындары да ұйымдастырылады.
Турнирдың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілетін болады.
Бүгін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты Елордамыз – Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің өтуіне орай облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков брифинг берді.
Бифингте облыс әкімінің орынбасары Тәуелсіздік жылдарында өңірдің жеткен жетістіктері мен Оңтүстік Қазақстанның Астанадағы күндерінің бағдарламасы бойынша баяндады.
Оның айтуынша, бұл күндері облыс делегациясы Астана халқына өңірдің тарихы, мәдениеті мен негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық тауар өндірушілердің өнімін ұсынады. Осы күндері 300-ге жуық облыстың өнер майталмандары театр қойылымдары мен концерттік бағдарламалар және фотокөрмесін, балаларға базарлық ретінде облыста түсірілген қысқа метражды фильмдер топтамасын ұсынады. Сондай-ақ, «Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады.
Сонымен қатар, ол екі күн бойы өтетін жәрмеңкеде Оңтүстік өлкесінің тұрғындары қазақтың ұлттық бауырсақ, қымыз, шұбат, құрт сияқты тағамдарын да ұсынатынын жеткізді.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстікқазақстандық шаруалар ауыл шарушылығындада толағай табыстарға қол жеткізгенін атап өтті. 
«Биыл облыс шаруаларымен 470 мың тн. (2015ж. 246 мың тн.) астық жиналып, түсімділігі орташа есеппен 22 ц/га. құрады. Бұл  Қазақстанның Тәуелсіздік  кезеңіндегі ең үлкен рекордтық көрсеткіш болып табылады. Ал жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің көлемі  жылдан - жылға ұлғаю үстінде.  Нақтырақ айтсақ, 2008-2016  жылдар аралығында  жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  көпжылдық екпелерінің егіс көлемі 17,7 мың га. болса, биыл бұл 30 мың га  жеткізілді»,-деді өз баяндамасында Ұ.Сәдібеков.
 
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Оңтүстік Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда аталған комитеттің төрайымы Гүлжан Қарақұсаваның төрағалығымен «бюджетаралық реттеудің негізгі функцияларының бірі ретінде өңірдің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру және салықтық әлеуетінің өсуін ынталандыру» мәселесі қаралды. 
Көшпелі жиынға Қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Д.Ерғожин мен ҚР Парламенті Мәжілісінің 12 депутаты және облыстық мәслихат депутаттары қатысты. 
Отырысты ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев көшпелі жиынның маңыздылығына тоқталып, жұмысына сәттілік тіледі.
«Бүгінгі отырыста талқыланатын мәселе өте маңызды, себебі өңіріміздің бюджеті республика бойынша ең үлкен бюджет. Тек соңғы 7 жылда облыс бюджеті 2,5 есеге өсіп 559 млрд. теңгеге жетті. Осыған орай, біздің басты міндет бюджеттен жұмсалған әр теңгенің облыс экономикасына тигізетін әсерінің нәтижелі болуын ұйымдастыру. Себебі, бюджет қаражаты есебінен облыс халқының көптеген әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері шешіледі», - деді аймақ басшысы.
Жиында баяндама жасаған комитет мүшесі Омархан Өксікбаев бюджетаралық қатынастарды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ оларды одан әрі жетілдіру бағыттарын дұрыс таңдауды қамтамасыз ету – біздің ортақ жұмысы екенін жеткізді.
«Бюджетаралық қатынастар - өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару құралдарының бірі, сондықтан олар өңірдің даму мақсаттарымен және міндеттерімен үйлесімді болуға тиіс. Бюджетаралық қатынастардың қалыптасқан жүйесінде бір нәрсені өзгерту үшін салмақты дәлелдер мен оны өзгерту бойынша ұсыныстар қажет», - деді О.Өксікбаев.
Сонымен қатар, күн тәртібінде облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр сөз алып, өңіріміздегі бюджеттің атқарылу барысы туралы баяндады. Айтуынша, 2014-2016 жылдарға республикалық бюджеттен жалпы 765,7 млрд. теңге, оның ішінде 2014 жылы - 254,7 млрд. теңге, 2015 жылы - 255,2 млрд. теңге, 2016 жылы - 255,8 млрд. теңге көлемінде субвенция бөлінген. 
Айта кетейік, бюджетті жоспарлау мен орындау механизмдерін тұрақты жетілдіру нәтижесінде облысымызда Егемендік алған жылдардан бері, 1491 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 14%-дан 83,3%-ға жетті. Сондай-ақ, осы жылдарда облысымызда 444 жаңа мектептер салынып, 117 аппатты мектептердің мәселесі шешілді. Денсаулық сақтау саласында 347 жаңа нысандар пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облысымызда 8,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Сонымен қатар, орталықтандырылған сумен қамту 51,9%-дан 71,3%-ға және газбен қамту – 33,1%-дан 57,2%-ға жетті. Ерекше көңіл бөліп айтатын мәселе, өңіріміздің экономикасына бюджет есебінен көрсетілген қолдау нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 11,4%-дан 5,2%-ға төмендеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің, денсаулық сақтау және  жалпы алғанда барлық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көбейді.
                                                                                         ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Түлкібас ауданының жетістіктері жайлы Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков мәлімдеді.   
Жалпы, Түлкібас ауданында 1991-2016 жылдары әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, ауданда кәсіпкерлік саласы жылдан-жылға өркендеп келеді. Мәселен, мемлекет тарапынан беріліп отырған бағдарламалар арқылы ауданда 1026 жоба қаржыландырылып, белсенді жеке кәсіпкерлер саны  2961 бірлікті  құраған. 
Сонымен бірге, журналистермен болған кездесуде ауданда соңғы 25 жылда халық саны 26 мың 600 адамға өсіп, халықтың өмір сүру ұзақтығы 5 пайызға жоғарылағаны айтылды. Сондай-ақ, Түлкібасқа тартылған инвестиция көлемі 1991 жылы салынған 37 млн. теңге қаржыдан, 19 474 млн. теңгеге (2016 ж) жетіп, немесе 52,6 есеге өскені мәлім болды.
«Түлкібас ауданы табиғаты тамаша туристік аймаққа жататындықтан ауданға инвестиция тарту мәселесінде жобаның Түлкібастың климатын бұзбайтындай қауіпсіз болуын қатаң қадағалаймыз. Яғни, біздің ауданда орналасып, жұмысын бастайтын өнеркәсіп орындары ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, терең өңдеу, мал бордақылау, етті өңдеу сынды зиянсыз кәсіп түрлерімен айналысатын болады», - деді Ә.Тұрғымбеков.Мұнан бөлек, ауданның  жалпы өңірлік өнімі 2016 жылы 54 млрд. теңге болып, 7,3 есеге өсіп, жан басына шаққанда 487,4 мың. теңгеге жеткен.  Ауданда 1991-2016 жылдар аралығында  барлығы 1619,5 га жерге алма бау мен жүзімдіктер егіліп, 13,5 га жерге жылыжай салынған, 4474 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген.
 Ауданның табиғи ерекшелігіне сай қарқынды дамып келе жатқан туризм және ауылшаруашылығы саласы жайлы тілге тиек еткен аудан басшысы бүгінгі таңдағы аудандағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жұмыстар жайлы да өз ойын ортаға салды.
Алдағы уақытта Түлкібас ауданында  туризм саласы мен  алма және сүт кластерін дамыту  қолға алмақ.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ордабасы ауданындағы Көктөбе ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Қос кәсіпкер Ж.Өмірзақов пен С.Дәмірқажы демеушілік жасап, Көктөбе ауылына зәулім мешіт тұрғызды. Бұл күнге дейін тұрғындар 1830 жылы қабырғасы қаланған Жүніс әжі атындағы мешіттің қызметін пайдаланып келді. Көктөбелік қария Б.Исақов ескі ғимараттың үш ғасырға куә болғанын айтады. Ауыл тұрғындары жылда өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты жарамды күйге келтіріп тұрған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбек жамағатты айтулы күнмен құттықтап, бас муфтидің ізгі тілегін жеткізді. "Дәулеталыұлы Бегалы ата" мешітінің имамы Б.Әшірбай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады. Республикаға аты белгілі жас айтыскер-ақын Біржан Байтуов жомарт жандардың сауапты ісін жырмен әрлеп, көпшілікке ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Жүсіп көктөбеліктерді құттықтап, мешіт салудың сауабы жөнінде әңгімеледі. Ауыл тұрғындары өз тарапынан демеуші жігіттерге тұлпар мінгізіп, алғысын білдірді.

Page 5 of 5