24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Hemogens Health Care» түрік компаниясының Бас директоры Наджие Арпаджи ханыммен  кездесті. 
Кездесуде «Hemogens Health Care» компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі арасында өңірде жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру бойынша мемарандумға қол қойылды. 
Түркияда және БАӘ осыған ұқсас жобаларды ендіруде үлкен тәжірибесі бар туркиялық кәсіпкер Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жедел медициналық көмектің үлгілік кіші станцияларын салу, бірегей құралдармен және көлікпен жабдықтау, медицина мамандарын оқыту, бірыңғай ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру сынды жобаларды жүзеге асырмақ. 
Жоба аясында өңірдің денсаулық сақтау саласына 3,5 млрд. теңге инвестиция салынып, келер жылы оның 1,8 млрд. теңгесі жедел медициналық көмектің орталық станциясының кіші станцияларын салуға және жабдықтау мен санитарлық автокөліктің 25 бірлігін сатып алуға жұмсалатын болады.
Сондай-ақ, жедел медициналық көмек көрсету бойынша жаңа е-форматта бірыңғай қалалық ақпараттық-талдамалық диспетчерлік орталық құру, медицина қызметкерлерін оқыту, медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын және медициналық туризмді дамытуға септігін тігізеді. Меморандум біздің өңірдің түрік инвестициялық институттарымен ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтереді. 
Қазіргі уақытта, Түркия санитарлық авиация мен жедел медициналық көмек қызметі тұрғысынан әлемдегі ең дамыған ел болып табылады. Түркия қалаларында 94% жағдайда шұғыл көмек 10 минут ішінде, ал ауылдық жерлерде 96% жағдайда шұғыл көмек 30 минут ішінде көрсетіледі.
 
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы - Шымкентте «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесінің аясында аталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен шараға  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Мүгедектердің, жасы ұлғайған адамдардың және халықтың өзге де тобының өмірін жақсартуға негізделген әлеуметтік жобаларды қолдау – ҚР ДСӘДМ қызметінің басым бағыттарының бірі.  
Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде 100 мыңнан астам шын мәнінде көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты. 
Өз кезегінде сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың 17 %-дық үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін, яғни бұл мәселелерді реттеуде өңірге артылар жауапкершіліктің жоғары екенін жеткізді. 
Биылғы жылы аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.
Құрамына министрліктің, БАҚ-тың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері кірген іріктеу комиссиясының мүшелері ҚР ДСӘДМ сайтындағы берілген дауыстардың нәтижесін есепке ала отырып, еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыруға болатын ең үздік жобаларды анықтады.
Атап айтқанда, бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы алматылық Сергей Махашевке берілсе, екінші орынды «Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы иеленді. Үшінші орынға «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасының авторы, астаналық тұрғын Анна Рыль ие болды. 
Жалпы, аталған жобаға Оңтүстіктен облыс деңгейінде 10 жоба қатысып, оның 3-уі республикалық деңгейге іріктеліп, ұсынылды. 
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» көрмесі 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Үш жыл қатарынан Елордада өткен шара биыл аймақтар арасынан Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші болып ұйымдастырылып, республикалық деңгейде өтіп отыр.
Бүгін Шымкент қаласында «Тоқыма өнеркәсібіне арналған тауарлар мен жабдықтар – MACHTEX-2016» II қазақстандық халықаралық көрмесі мен форумы өтуде.
Екі күнге жалғасатын халықаралық көрменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев «Machtex 2016» көрмесі тоқыма өнеркәсібіне арналған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған іс-шара болып табылатынын айтты.
Көрмеге Қазақстан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония елдерінен 50-ден астам компания қатысуда.
«Machtex 2016» көрмесінің қатысушылары тоқыма өнеркәсібіне арналған жабдық, мата мен ұсақ – түйек заттар, өнеркәсіп компанияларына арналған арнайы киім, сервистік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай формалар мен мектеп формасын, ұлттық киім, балалар мен үйге арналған тоқыма және кілем өнімдерін,  ерлер мен әйелдерге арналған киім кешектер ұсынуда.
Форум аясында Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамытудың болашағы мен дамуы  жайы және тоқыма өнеркәсібінің инвестициялық әлеуетін арттыруға арналған тәжірбиелік жұмыстар өткізіледі. Аталған форум жұмысына осы саланың 2 мыңнан астам мамандары қатысады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстанда 2 ірі кілем фабрикасы мен дайын өнім шығарудан шикі мақта өсіруден матаға дейінгі жабық циклін жүзеге асыратын «Азала текстиль» фабрикасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, облыста шұлық шығаратын және дайын тоқыма бұйымдары мен арнайы киім тігетін фабрикалар іске қосылған.
Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА-та бүгінде құны 27,8 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 2 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал 2010-2015 жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2 есеге өсті. Яғни 11,2 млрд.теңгеден  21,7 млрд. теңгеге дейін өскен.

 

Бұл туралы бүгін Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр.
«Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті. Сүт өнімі 1991 жылы – 40684 тонна болса, 2016 жылы -160 мың тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті. Жұмыртқа 1991 жылы – 98500 болса, 2016 жылы – 142 мың данаға жетіп, 1,4 есеге өсті. Жүн 197 тоннадан 224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті», - деді С.Сапарбаев.
Баспасөз жиынында өзге де салалардағы жетістіктерге тоқталған аудан басшысы туризм саласы бойынша Сайрамда егемендік алғанға дейін жұмыс істелмегенін алға тартып, осынау тәуелсіздік жылдарында салаға ерекше көңіл бөлу арқасында ауданның табысты бизнес түрінің біріне айналғанын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Сайрамдағы Абылай хан ат басын тіреген Ханқорған төбесі, Сиқым баба, Жаныс баба кесенелері де халық игілігі үшін жұмыс жасауда екен. Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқандықтан Ақсу, Машат, Арыс өзендері мен Көлкент және Қырықкөл деп аталатын көлдер бойында демалыс нысандары көптеп бой көтеріп, келушілердің саны да жыл санап артып келе жатқаны баяндалды.    
Тілшілермен болған кездесуде Самат Айдарханұлы күнделікті халыққа қажетті тамақ өнімдерінің 20 түрінің 18-і, яғни, қант пен тазартылған күріштен басқа өнімдердің барлығы Сайрамда өндірілетінін мақтан етті. Барлық салалар бойынша даму көрсеткіштері жақсарып келе жатқан ауданда тамақ өнімдерінің 11 түрі ауданда артығымен өндірілетінін алға тартты.
Сондай-ақ, өз сөзінде коммуналдық, әлеуметтік, сәулет, құрылыс, білім, мәдениет, спорт салалары сынды өзге де бағыттағы жетістіктерді жеткізген аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасатынын жеткізді.
 
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев БҰҰ балалар қорының (ЮНЕСЕФ) Қазақстандағы өкілі Ю.Оксамитпен кездесті.
Кездесуде қос тарап ана мен бала өлімін азайту,  нәрестенің туу көрсеткішін көбейтіп, баланың даму деңгейін арттыру жайын сөз етті. Мұндағы басты мақсат — еліміздегі ана мен бала денсаулығын жақсартып, сәби өлімін азайту.
«Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін Қазақстанда ана мен бала өлімін азайтуымыз қажет. Яғни балалар арасындағы суицидпен күресуіміз керек. Бұл бағытта біз оған қарсы арнайы жоба әзірледік. Қызылордада жүзеге асырылған жоба бүгінгі күннің өзінде оң нәтижесін бере бастады»,- деді Ю.Оксамит.
Аталған жобаны Оңтүстік Қазақстанда жүзеге асыру туралы ұсынысын айтқан мәртебелі мейман, әкімдікпен әріптестік орнатуға ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде облыс әкімі ЮНЕСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің ұсынысын қабылдап, тиісті сала басшыларына жобаны іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
Жалпы, Қазақстанда күн сайын 1 мыңдай, ал жылына 400 мыңға тарта бала дүниеге келеді. Соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 25% артты. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде салмағы 500 граммнан жоғары, ерте туылған нәрестелердің өмірін сақтау мүмкін болды. Соңғы 5 жыл ішінде салмағы 1500 граммаға дейін болатын балаларды аман сақтап қалу көрсеткіші 30% артып, 60%-ға жуықтады. Ал 2008 жылы мерзімінен ерте туылған балалардың тек 41% аман қалатын. Тегін медициналық көмек шеңберінде туа біткен даму ауруларын уақытылы анықтау және емдеу мақсатында перинатальдық (бала туғанға дейін) және неонатальдық (жаңа туылған кезде) генетикалық скрининг жүргізіледі. Перзентханаларда жаңа туған нәрестелер арасында есту қабілетінің ақауына скрининг енгізілген.   
            Айта кету керек, балаларға амбулаториялық және стационарлық деңгейде медциналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялық, қымбат диагностикалау және емдеу амалдары тегін көрсетіледі. 
            Балалар денсаулығын нығайту үшін жыл сайын медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында 18 жасқа дейін балалар профилактикалық тексерулерден өткізіліп, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі сияқты қағидалар насихатталады. 
            Қазақстан балаларды екпемен толықтай тегін қамтамасыз етеді.
            Жүкті әйелдер мен балаларға барлық қажетті жоғары мамандандырылған медициналық көмекті 15 республикалық клиника көрсетеді. Неонатальдық хирургияның дамуы туа біткен аурулары бар нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Соңғы 3 жылда жаңа туған балаларға жасалған оталар саны 50% артты.
 
 

 

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Шымкенттегі «Түркістан» сарайында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі үшін республикалық КТК ойындары өтті. КТК ойынын Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
      Бұл реткі КТК ойындарын тікелей «Қазақстан КВН одағының» президенті, Республикалық «Жайдарман» әзілкештер мен тапқырлар сайысының жүргізушісі Есен Елеукен жүргізіп отырды. 
Ал, жайдарманның мүшелері әдемі әзілдерімен жастардың жанын жадыратуда бұл жолы да алдына жан салмады. Көңілді әрі жастар сұранысын қанағаттандыру үшін жасалған ойын әсерлі шықты. Жиналған жастардың да қарасы қалың болды. Тұңғыш рет сахна төріне көтеріліп, өнер көрсеткен құрама жастардың көкейінде жүрген көптеген түйткілдерді айтып, ойларын дөп баса білді.
Бүгінгі күнге дейін  КТК ойындары тұрақты ұйымдастырылып, жұмыстардың жүйелі жүргізілуі нәтижесінде жарық жұлдыздар тәрбиеленді. Көптеген жастарды өзіне баураған КТК қозғалысы жастардың сүйіп тамашалайтын ойындарына айналды.
         Республикалық деңгейде өткен әзілкештер сайысына Семей, Орал, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Тараз, Алматы қалалары мен Оңтүстіктің Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларынан барлығы 11 құрама команда қатысып, қала әкімінің кубогі үшін ақтық сайысқа түсті. 
      КТК ойындарының қорытындысы бойынша әділқазылар шешімімен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ханшайым» командасы қала әкімінің кубогын иеленді. Ал, жүлделі І орынға Шымкент қаласының «Байдың балалары» құрамасы тұрақтаса, ІІ орынды Алматы «ТАТУ құрамасы» жеңіп алды. Жүлделі ІІІ орынды Ақмола облысының «Қорғалжын» құрама командасы қанжығалады. Ерекше ойын өрнегімен көзге түскен «ХҚТУ Тарифі» Жайдарман тобының ойыншысы Бекұлан Жолдықожа қала әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Көңілді әрі жастар сұранысын қанағаттандыру үшін жасалған ойын әсерлі шықты. Жиналған жастардың да қарасы қалың болды.
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары басшыларымен және облыстық  этномәдени бірлестіктерінің төрағаларымен кездесу жиыны өтті.
Өңірдегі мемлекеттік этносаясаттың жүргізілу барысымен танысып, қатысушылардың  ұсыныс, пікірлерін тыңдаған аймақ басшысы алдағы кезеңдерде облыстың өсіп-өркендеуі жолындағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыру жайын айтты.
«Әрбір этнос біздің байлығымыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы қазынаның қорғаны. Аталған ұйымның жұмысын шетелдерден келіп үйреніп, тәжірибе алмасып, өз пайдаларына  жаратып жатқан мемлекеттер бар. Қиын қыстау кезеңде қазақ халқы жер аударып келген түрлі этностарды бауырына басты. Бүгінде біз бір ел – бір халық болып, бір мақсатта жұмыс атқарып келеміз»,-деді Ж.Түймебаев.
Жиын барысында Төраға орынбасары биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚХА енгізілген  жаңа функционалдық бағыттар бойынша яғни, қайырымдылықты үйлестіру,  қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінің қызметі және медиация желісін дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстарды баяндады.
«Ассамблея филиалдарын аудандардан ашу алғаш Оңтүстікте қолға алынды. Бүгінде бұл жұмыстың тиімділігін ескерген ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы оңтүстікқазақстандық тәжірибені республиканың басқа өңірлерне енгізе бастады», - деді М.Қалмұратов.
Сонымен қатар, кездесуде бірқатар этномәдени бірлестіктердің  төрағалары қазақстандық біртектілікті қалыптастыру сынды асыл міндетті іске асыруда жеткен жетістіктері мен оны әрі қарай дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды мәлімдеді. 
Бүгінде ұлысымыздың ұйытқысы атанған Оңтүстік өңірінде 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Ал облыста 20 этномәдени бірлестігі жұмыс жасайды. Олардың аудандар мен қалаларда 51 филиалы мен 17 жастар қанаты, 11 жексенбілік мектептері бар. Өңірде жыл сайын әр этномәдени бірлестік өзінің тілі, мәдениеті және дәстүрі күндерін атап өтуде.  Сонымен қатар, белсенді этнос өкілдері жыл сайын облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығымен марапатталуда.

 

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев израильдік «YR-Mitrelli Group» компаниясының өкілдерін қабылдады. Аталған компанияның президенті – негізін қалаушы Хаим Тайбпен болған әңгімеде тараптар қос мемлекет – Қазақстан мен Израильдің түрлі салаларда ынтымақтастық орнатып келе жатқанын, сондай-ақ, бұл игі жұмыстарды Оңтүстікте де одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
 Басқосуда Ж.Түймебаев компания басшылығын Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырып, атап айтқанда, Шымкент қаласында онкологиялық орталық пен консультативтік – диагностикалық емхананың құрылысы, «ақылды» автотұрақ, балық шаруашалығын дамыту, Сарыағаш ауданындағы агробақ жоспары мен сүт жинауға арналған логистикалық орталықтың жұмыстарын ұсынды.  
Израиль мемлекетінің ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп сынды бірқатар салаларда әлемдік көшбасшы екенін айтып, осы істердің Оңтүстікте де қанат жаюы қажеттігіне тоқталған Жансейіт Қансейітұлы өңірімізде шетелдік кәсіпкерлердің жұмысын дамытуға әкімдік тарапынан қажетті қолдаулардың жасалатынын жеткізді.  
 Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысына сапары аясында аталған компания өкілдері өңіріміздегі кәсіпкерлік нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы саласы бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді байқаған болатын. Қонақтар облыс аумағындағы көлік-логистикалық аймақтар мен ауыл шаруашылығының  дамуына қызығушылық білдірген.
Айта кетейік, әлемдік нарықта 20 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «YR-Mitrelli Group» серіктестігі кең ауқымды, ұзақ мерзімді жобаларды әзірлеп, жүзеге асырумен айналысатын ірі компания болып табылады. Атап айтқанда, серіктестік денсаулық сақтау, су, энергетика, білім беру, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы және т. б. салаларда еңбек етеді. 
Шымкент қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стенд және оқ атудан ХХV халықаралық турнир өтті.
Облыста ату спортының даму тарихында бұл турнир 25-ші рет өткізіліп, еліміздің Тәуелсіздігімен қатар қадам басып келеді. Биылғы жарысқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Кырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасынан (Астана, Алматы қалаларымен қатар Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары) 280 шақты спортшы қатысты.
Траптан (траншеяден нысана көздеу) ерлер арасында қызылордалық Максим Коломоец, жастар арасында алматылық Артем Чикулаев, қыздар арасында қызылордалық Айжан Досмағамбетова бірінші орынды иемденді. Ал скиттен (дөңгелек нысана көздеу) ерлер арасында оңтүстікқазақстандық Владислав Мухамедиев, жастар арасында алматылық Юнус Мачжон, қыздар арасында қызылордалық Анеля Шалтақбаеваның жұлдызы жанды. Компакт - спортингтен ерлер арасында елордалық Дмитрий Качанов, жастар арасында алматылық Эдуард Ещенко, қыздар арасында ОҚО спортшысы Ольга Хайлова ерледі. Дубль-траптан ерлер арасында ресейлік Виталий Фокеев, жастар арасында алматылық Руслан Бердов, қыздар арасында қызылордалық ару Айжан Досмағамбетова жеңімпаз атанды.
Аграрлы аймақ – Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапарында «Нұр отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ордабасы ауданындағы көкөніс өсірумен айналысатын еліміздегі ең ірі жылыжай кешені – «Аделя» ЖШС-нда болып, жұмысшыларымен кездесті.  
«Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша іске қосылған бұл жобаның инвестициялық құны 5,3 млрд. теңгені құрайды. Жалпы аумағы 16 гектар болатын «Аделя» жылыжай кешені жылына 8,4 мың тонна өнім жинайды. Оның 70 пайызы қазақстандық нарыққа шығарылса, қалған 30 пайызы Ресейге экспортталуда. Франсуздық «RISHEL» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған кәсіпорында шамамен 200 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. 
Жылыжай кешенінің жұмысын аралап көрген Партия Төрағасының Бірінші орынбасары ел Тәуелсіздігі жылдарында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы қарқынды дамып жатқанын, бүгінде бұл саланы одан әрі дамытуға мемлекеттен барлық қолдаулардың жасалып жатқанын атап өтті. 
«Осыдан 10 жыл бұрын мынадай еуропалық деңгейдегі жылыжайды армандаудың өзі қиын болатын. Енді міне, мемлекеттік қолдаулардың арқасында, «Агробизнес - 2020» бағдарламасының нәтижесінде осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Жылдың төрт мезгілінің барлығы дерлік жылы әр қолайлы болып келетін Оңтүстік өңірінің мұнан да жоғары мүмкіндігі бар екенін ескеріп, шағын және орта бизнестің үлесі артатынына сенімдіміз», - деді М. Құл-Мұхаммед.   
Өз сөзінде, партия жетекшісі агроөнеркәсіп кешендеріне мемлекеттен жасалатын қолдаулар жалғаса беретінін айтты. Алайда, негізгі назар жерге ұқыпты қарап, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылғыларын пайдаланатын шаруаларға жасалатынын жеткізді. 
Мұнан соң, жұмысшы топ «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан  шыны бұйымдарын шығаратын «ЕвроКристалл» зауытын аралап, жұмысшыларымен тілдесті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы ісі өрге басқан бұл кәсіпорында 200 мл-ден 3 литрге дейінгі тағам өнімдеріне арналған шыны ыдыстар шығарылады. 254 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында жылына 210 млн. дана шыны ыдыстар шығаруға болады. 
Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағында  79 млрд. теңгені құрайтын,  6384 адамды жұмыспен қамтитын 83 жоба іске асырылуда. Бүгінде мұнда құны 20,8 млрд. болатын 42 жоба пайдалануға беріліп, 3136 адам жұмыспен қамтылып отыр.
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
 
Page 2 of 5