23Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Қаз

«Біздің мақсат - жаһандық технологиялық революцияның бөлігі болу»

Инновация, энергия үнемдеу және еңбек өнімділігі. Бұл үш түсінік индустрияландыру аптасы тақырыбының біріне біріктірілген, өйткені дәл инновациялық тәсіл жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігіне, Қазақстанның шикізаттық емес бәсекелестік қабілетін құруға және сақтауға кепілдік береді, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технеологиялар министрлігінің баспасөз қызметі. 
ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің мақсат - жаһандық технологиялық революцияның бөлігі болу» - деп айтты. Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «ТДҰА» АҚ-ның баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұған дейін  600 идея мен жоба қолдау тапты, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ іске асыруды бастағаннан бері кезеңде қолдау тапқан.
ҮИИМДБ іске асыру кезеңі үшін инновациялық жүйенің қайта басталуы болды. «Ғылым туралы», «Индустриялық-инновациялық қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Онда мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары бекітілген.
Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны үлесі 4%-дан 7,6%-ға дейін өсті. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың жұмсалымдары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін) 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлінді.
Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасында технологияларды сатып алуға инновациялық грант алды. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып табылады.
Немесе, өнертапқыш Е. Воронов «Жылу алмасу модулін өнеркәсіптік шығару» жобасымен «Технологиялық бизнес-инкубациялау» құралы шеңберінде 6 586 632 теңге сомасына қолдау тапты. Ол жылу маусымы үшін отынның 40-45% үнемдеуге мүмкіндік жоғары тиімділікті инновациялық жылу қазандығын ойлап тапты және патенттеді.
 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.