13Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

23 Қаз

Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының табыстылығы 6,5% өседі

Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының табыстылығы 2014 жылдың соңына қарай 6,5% дейін өседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Зейнетақы активтерінің табыстылығы қаңтар-қазан аралығында 4,7% құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2,2% болса, 2013 жылғы 1 қазанда - 4,4% болған еді. Жылдың қорытындысы бойынша біз табыстылық деңгейі 6,5% шамалайды деп күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Ұлттық банк басшысы өз сөзінде.
Ол сондай-ақ, 2013 жылы жекеменшік зейнетақы қорлары жұмыс істегенін айтып өтті. "Жалпы алғанда, Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді"-, дейді ол.
«Келесі жылғы көрсеткіш бұдан да жақсы болады деген ойдамыз. Мемлекеттік құнды қағаздарға салынған салымдар мен депозиттер бойынша орташа табыстылық жақсарып келеді», - деді Ұлттық банк басшысы өз сөзінде.
Қыркүйек айында бір мезгілде корректировка жүргізіліп, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-на берілгеннен кейін қайта бағалау жүргізілгенін айтып өткен Қ.Келімбетов, «нәтижесінде қайта бағалау 94 млрд теңгені құрады, бұл «нашар» облигациялар деп аталатын инвестициялардан қалыптасқан «минус», - деп түйіндеді өз сөзін Ұлттық банк басшысы.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.