23Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

21 Қыр

Тағы да бір әкімшіліктік кедергі жойылды

Жеке кәсіпкер А. Джамбулов ОҚО Кәсіпкерлер палатасына өз құқығын және заңды мүддесін қорғау үшін өтінішпен келді. Ол қалалық әкімшілікке жер учаскесінің мақсаттық жоспарының өзгерісі бойынша арыз тастады. Аталған жер учаскесі тұрғын үй, дүкен құрылысына және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу үшін берілген болатын.
ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жер учаскесі актісіне келісу кезінде, келісімнен бас тартып және бұл әрекеттердің санитарлы-қорғау аймақты сақталмаған деп түсіндірді. Палата сарапшыларының сараптамасы байынша, жоғарыда айтылған нормаға сәйкес: майды өндеу заводтарының құрылысын жүргізу кезінде санитарлық қорғау аймағы 100 метрден кем болмау керектігі белгіленді.
Бірақ мақсаттың өзгеруіне байланысты май өңдеу заводы емес дүкен мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бекеттерінің құрылысы салынып жатқаны анықталды. Сондықтан ОҚО Кәсіпкерлер палатасы осы мәселе бойынша прокуратура көмегіне сүйенді. Прокуратура ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тексеріс жүргізді. Кәсіпкер субъектісіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде осы әкімшіліктік кедергі келтіргені және жіберілген қателіктің орын алғандығы анықталды.
Жүргізілген тексерістін нәтижесі мен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының келтірген дәлелдері бойынша Абай ауданының прокуратурасы ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы келтірілген кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасалды.
Ақпарат көзі: ОҚО Кәсіпкерлер палатасы  

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.