13Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Там

Мемлекет қаржысын үнемдейтін бастама

Халықтың негiзгi тiршiлiк көзi мақта мен бау-бақша болып табылатын ауданымызда суармалы алқаптардың мелиоративтiк жағдайын жақсартып, қалпына келтiруге үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Соның бiр жарқын көрiнiсi осыдан екi жыл бұрын Үкiмет қаулысымен республикамызда алғаш рет «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының тiк дренаж ұңғымаларын пайдалану бойынша Мақтаарал ауданында өндiрiстiк бөлiмшенiң ашылуы дер едiк. Тыңнан түрен салып, жұмысты жаңадан бастау, жаңа кәсiпорынды аяғынан тiк тұрғызу оңай емес екенi белгiлi. Дегенмен, бұл жауапты мiндеттi мойнына алған аталмыш мекеме басшысы Шаһадат Омаров өзiнiң iске ептiлiгiн, шаруаға шалымдылығын, кәсiпке бейiмдiлiгiн байқатты. Мамандығы инженер-механик болса да энергетика саласының қыр-сырын игерiп үлгердi.   
Күн-түн демей iзденiп, күрмеуi қиын күрделi мәселенi оңтайлы шешу үшiн талан-таражға түсiп, қолды бола бастаған тiк дренаж ұңғымаларының жағдайын жiтi зерттедi. Жай-жапсарын саралап, бар-жоғын түгендеп, жiлiктеп есептеп шықты. Жоғарыдағы басшыларға жаңа жұмыс жоспарын, қолға алғалы отырған тың жобаларын орнықты дәлелмен түсiндiрдi. Тiк дренажды iске қосу үшiн қажеттi қаржы мөлшерiн айтып, қанша техника, өз iсiн жетiк бiлетiн маман кадрлар қажеттiгiне көздерiн жеткiздi. Iстiң жайын табуға ұмтылып, мемлекет қаржысын үнемдеп жұмсап, жүйелi iске көшкелi отырған жаңа басшының оңтайлы әрекетiне ҚР Су ресурстары комитетiнiң төрағасы Ислам Әбiшев қолдау бiлдiрдi. Мақтааралға келген сапарында И.Әбiшев жаңадан өндiрiстiк база құрып жатқан Ш.Омаровтың ескi сыра зауыты аумағындағы нысандарын аралап, танысты. Содан берi бiршама уақыт өттi. Үшқабатты ғимаратты жаңғыртып, жаңарту жұмыстары қызу жалғасуда. Iшкi қабырғаларын нығайтып, қайта өрiп, шатырын жауып, токарь, фрезер, бұрғылау цехтары мен ұстахана ашты. Шыңырауға түсетiн насостарды, трансформаторларды сынақтан өткiзiп жөндейтiн цехта ауыр заттарды жылжытып, көтерiп орнықтыратын қондырғылар қойылған. Су айналымын қамтамасыз ететiн қауызда сусорғылар 18 параметр бойынша тексеруден өтедi. Үшқабатты бұрынғы сыра зауыты ғимаратында асхана, акт залы, өндiрiстiк басқару орталығы, қонақүй, бильярд залы орналаспақшы. Ауласында гүлзар жасалады. Өндiрiстiк басқару орталығында тiк дренаж ұңғымаларының картасы жасалып, элекр шамдары арқылы компьютерлiк жүйе бойынша жұмыс iстеу барысы бақыланатын болады. Несi бар, өте жақсы бастамалар, тек баянды болсын дейiк.
Бiздi ерекше қызықтырғаны, Ш.Омаровтың мемлекет қаржысын үнемдi жұмсау мақсатында скважина үшiн аса қажеттi қондырғылар мен жабдықтарды өз цехтарында өздерi жасауға кiрiскенi, оның әрбiрiне кететiн шығынды есептеп, қазынасындағы қаржыны мейлiнше үнемдi жұмсауға ұмтылуы дер едiк. Мәселен, бiр сусорғыны сынақтан өткiзу үшiн облыс орталығына апарса 180-200 мың теңге шығын кетедi. (Оның үстiне онда сусорғыны қауызда сынақтан өткiзу мүмкiн емес). Ал өздерiнде сынақтан өткiзу 101 мың 871 теңгеге түседi. Әрi сапасы да жақсы. Екiншiден, «скважинаны» қоршайтын торды да өздерi жасауды қолға алды. Арнайы станокта 2 маман жұмыс iстейдi. Бiр ұңғыманы қоршауға 24 шаршы метр тор кететiн болса, оны жасау 4132 теңгеге түседi. Ал сатып алсаңыз, ең кемi 9192 теңге тұрады. Сонда 5000 теңге үнемделедi. Есiк-қақпаны сатып алып едi, 31 мың теңге тұрады екен. Өздерi iстеп көрiп едi, небәрi 10 мың теңгеге түстi. Бұдан 21 мың теңге үнем жасады. Бiр ұңғымада 3 қуат сақтандырғыш болады және олар жиi күйiп кетедi. Әрқайсысы дүкенде 5000 теңге тұрады. Оны мамандар өздерi жасап көрiп едi, небәрi 170 теңге шығын кетедi екен. Сонда 100 данасынан 483 мың теңге үнем жасауға болады.
Электр сымын орнатуға бетон бағаналары өте көп қажет болғандықтан алдағы кезде (847 скважинаға 10 мың дана бағана керек) оны да өздерi жасауға әрекет жасауда. Сатып алса 32 мың теңге, өздерi iстесе 20 мың теңгеге түседi. Қазiр оны жасайтын жабдықтарды iздестiруде. Электр бағанасының төбесiне орнатылатын «Т-кескiндемесiн» де өздерi қолдан жасауда. Жарамсызданған ұңғымалардың трансформаторларын да түгел жинап әкелiп, оны қайтадан жабдықтауда. Ал жаңасы өте қымбат тұрады.
– Қолда барды ұқсатқанға не жетсiн! Қаржыны пайдалануда ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Әрбiр мемлекеттiк қызметкер қаржыны үнемдi жұмсауға дағдылануы керек. Бiздiң әрқайсымыз өз шаруамызға мығым болсақ, елiмiздiң iргесi де берiк болмақ. Елдiң егесi, халықтың қызметшiсi екенiмiздi ұмытпайық! Менiң басты ұстанымым осындай, – дейдi Ш.Омаров.
«Ақша санағанды ұнатады» демекшi, қоржынындағы қаржысын тиындап есептеп, үнем жасауға бар күш-жiгерiмен кiрiскен жаңа кәсiпорын басшысы Шаһадат Шапалұлының бұл өнегелi iсi үйренуге тұрарлық игi бастама. Әсiресе, бюджеттен тек қосымша қаржы сұрауға дағдыланған кейбiр мекеме, кәсiпорын басшылары үшiн...
Авторы: Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ, Мақтаарал ауданы

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.