14Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Там

Қазына қаржысының игерілуі қалай?

Облыс бюджетiнiң атқарылуы соңғы жылдары әртүрлi қиындықтарға қарамастан, жақсы нәтиже көрсетуде. Бұл сөзiмiзге өңiрiмiздiң экономикасы мен әлеуметтiк жағдайының жақсарып келе жатқандығы дәлел. Мұндай нәтижеге бюджет қаржысын тиiмдi игерудi тапсырған облыс әкiмi А.Мырзахметовтiң тiкелей басшылығының арқасында қол жеткiздiк десек, сiрә артық айтқандық болмас.
 
Сонымен, үстiмiздегi жылдың алғашқы 6 айында облыс бойынша игерiлген бюджет қаржысы 223,7 миллиард теңгенi құрады. Ал жалпы, облыс қазынасы биыл 470,3 миллиард теңгемен толықты. Өңiрiмiзде әлеуметтiк салаларды қаржыландыру жұмыстары өз деңгейiнде және жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, бiлiм саласына биыл 185,7 миллиард теңге қаралса, жарты жылда соның 92 миллиарды игерiлдi. Жаңадан салынатын 113 бiлiм ошағының құрылысына 31,1 миллиард, ал 134-iн күрделi жөндеуден өткiзуге 8,9 миллиард теңге бөлiндi. Мектепке дейiнгi тәрбие беру ұйымдарының қызметiн қамтамасыз етуге 23 миллиард теңге жоспарланып, 6 айда оның 10,9 миллиарды жұмсалды. Бүгiнде облыс бойынша 1329 мектепке дейiнгi тәрбие беру мекемелерi жұмыс iстесе, онда 1-6 жас аралығындағы 137547 бүлдiршiн тәрбиеленуде. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында мамандар даярлау iсiне облыстық бюджеттен 9,2 миллиард теңге қаралды. «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы аясында мамандар даярлауға республикалық қазынадан 2,1 миллиард теңге бөлiнiп, I жартыжылдықта аталған соманың 1,3 миллиарды игерiлдi. Облыстық бюджеттен бөлiнген 153,7 миллиард және республикалық қазынадан қарастырылған 275 миллион теңгеге өңiрiмiздегi колледждердiң материалдық-техникалық базасы нығайтылып және 11 колледж заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жарақталып, 73 орта мектептiң химия пәнi кабинеттерi талапқа сай әрлендi. Елiмiзде мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн арнайы курстарда оқыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осыған орай, жергiлiктi бюджет есебiнен 401,4 миллион теңге бөлiнiп, бүгiнде 2132 мұғалiм бiлiктiлiгiн шыңдауда.
Әлбетте, халқының саламатты өмiрiн қалыптастыру бiздiң мемлекеттiң басты мiндетi болып саналады. Республика бойынша Оңтүстiк медициналық ұйымдары ең көп шоғырланған өңiр болып есептеледi. Сондықтан денсаулық сақтау саласына қаралған қаржы да жылдан-жылға қомақталып келедi. Мәселен, биылға қаралған 80,9 миллиард теңгенiң көлемi өткен жылмен салыстырғанда 15,1 миллиард теңгеге артып отыр. Азаматтардың жеке санатын тегiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге 11,3 миллиард теңге бөлiнсе, медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға және күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 5,5 миллиард теңге қаралды.
Бюджеттi қалыптастырудың негiзгi мақсаты — халықты әлеуметтiк қорғау. Бұл тұрғыда үстiмiздегi жылы мемлекеттiк қазынадан 14,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып, 6 ай iшiнде соның 7 миллиардтан астамы жаратылды. Сондай-ақ, әлеуметтiк көмек бойынша төлемдерге ағымдағы жылдың 6 айында 234,9 миллион теңге жұмсалып, атаулы әлеуметтiк көмекке 4249 адам қол жеткiздi. Сондай-ақ, 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы бойынша 2042,6 миллион теңге қаралып, жан басына шаққанда табыстары азық-түлiк себетiнен аспайтын 66413 отбасыдағы 254327 балаға жәрдемақы төлендi.
Мүгедектер мен ардагерлердi қамсыздандыруға облыстық бюджет есебiнен ағымдағы жылы 540 миллион теңге бөлiнiп, I жартыжылдықта оның 248,8 миллионы игерiлдi. Сонымен бiрге, 2 мыңнан астам мүгедекке мемлекеттiк көмек көрсетiлiп, осы мақсатта әлеуметтiк оңалту және медициналық мекемелерге 2501,6 миллион теңге бөлiндi. Қомақты қаржының 6 айда 1220,7 миллионы жұмсалды.
2014 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге бюджеттен 18 миллиард теңге қаралды. Соның 6 айда 5,7 миллиарды игерiлдi. Бұл дегенiмiз мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы тауарларының көлемiн ұлғайтуға және сапасын жақсартуға жылдан-жылға қыруар қаржы бөлiнiп келе жатқандығын көрсетедi. Сондай-ақ, жыл сайын шаруаларды қолдау үшiн берiлетiн субсидия көлемi де арта түсуде. Ағымдағы жылы тұқым, асыл тұқымды мал, мал шаруашылығын қолдауға және жемiс-жидек ағаштарының көшеттерiн отырғызуға бөлiнген қаржы 6023,0 миллион теңгенi құрап отыр. Бұдан бөлек, қазынадан шаруаларға су жеткiзiп беру қызметiн субсидиялауға және көктемгi дала жұмыстары мен егiн жинау науқанында белгiленген бағада жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге 7153,6 миллион теңге қаралып, 6 айдың қорытындысы бойынша сол соманың 4180,0 миллион теңгесi игерiлдi. Бүгiнгi таңда ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көлемiн арттыру мақсатында облыс әкiмiнiң тiкелей басшылығымен көп жылдан берi жөндеу көрмеген каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалаудан өтуде. Осыған байланысты үстiмiздегi жылы 8 ауылдағы каналдарға күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн 3,5 миллиард теңге бөлiндi. Нәтижесiнде 69,7 шақырым канал iске қосылып, бюджеттен қаралған қаржының 6 айда 1,8 миллиарды игерiлдi.
Ел экономикасының қарқынды дамуы мемлекет қазынасынан жаңа әлеуметтiк нысандардың құрылысын қаржыландыруға мүмкiндiк беруде. Соның нәтижесiнде бүгiнде облыс бойынша көптеген әлеуметтiк маңызы бар нысандар салынып, құрылыстары қарқынды жүрiп жатыр. Өз кезегiнде осы нысандарға бөлiнген қаржының игерiлуi күнделiктi мониторингке алынып, ғимараттың сапалы әрi уақтылы тапсырылуы бойынша да тиiстi жұмыстар атқарылуда. Нақты айтар болсақ, денсаулық сақтау саласы бойынша 67 нысанның құрылысына биыл 10,4 миллиард теңге қаралды. Сондай-ақ, биыл 8 мәдениет үйiнiң құрылысын жыл соңына дейiн аяқтау жоспарлануда. Қазiргi таңда Шымкент қаласында №2 жеңiл атлетика және велоспорт спорт ғимараты мен жаңа мұрағат мекемесiнiң құрылысы жүргiзiлуде. Көпқабатты тұрғын үйлер салуға республикалық бюджеттен 3,4 миллиард, жергiлiктi қазынадан 9,3 миллиард теңге бөлiндi. Сонымен қатар тұрғын үйлердiң инженерлiк жүйелерiнiң құрылысына 4,2 миллиард теңге қаралды. Жалпы, құрылыс жұмыстарын атқаруға 6 айда 7,1 миллиард теңге жұмсалды.
Маңызды әлеуметтiк мiндеттердiң бiрi тұрғындарды таза ауызсумен, электр энергиясымен және «көгiлдiр отынмен» қамтамасыз ету екенi баршаға аян. Осы ретте «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 9,8 миллиард теңге бөлiнiп, елдi мекендерге таза ауызсу кiргiзу жұмыстары сәттi жүргiзiлуде. Бұған қоса аудан, қалалардың электр жүйелерiн жақсарту және «көгiлдiр отынмен» қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қазынасынан 16,5 миллиард теңге бөлiндi.
Жасыратыны жоқ, бүгiнде Шымкент қаласы республикадағы әлеуметтiк-экономикалық дамуы және демографиялық көрсеткiшi жағынан үшiншi iрi мегаполис саналады. Осыған орай шаһардың абаттандыру iсiне соңғы кездерi көп көңiл бөлiне бастады. Мәселен, қаладағы Бадам өзенiнiң жағалауын көрiктендiруге бюджеттен 1400,0 миллион теңге қаралды.
Бұдан өзге, моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында жыл соңына дейiн қазынадан бөлiнген 0,5 миллиард теңгеге Кентау қаласының жылу жүйесiн қайта жаңартуды толық аяқтау жоспарлануда.
Өндiрiстi жаңғырту және өнеркәсiп алаңдарын ұлғайтуды мақсат тұтқан «Бизнестiң жол картасы—2020» бағдарламасы шеңберiнде ағымдағы жылы 4,2 миллиард теңге бөлiнiп, 15 кәсiпкерлiк нысанның құрылысы жүргiзiлуде. Облысымызда көлiк инфрақұрылымын дамытуға 4,7 миллиард теңге қаралып, салынып жатқан 18 нысанның 15-iнiң құрылысын жыл соңына дейiн бiтiру жоспарда тұр.
Ендi екiншi жартыжылдықта тұрған өзектi мәселелердiң бiрi — әлеуметтiк сала, оның iшiнде құрылыс нысандарына қаралған бюджет қаржысының уақтылы және толық игерiлуiн қамтамасыз ету. Бұл орайда, барлық басқармалар мен аудан, қала әкiмдiктерi жұмыла еңбек етiп, жүктелген мiндеттi абыроймен атқарып шығу үшiн бар мүмкiндiктерiн салулары тиiс.
 
Исмайлбек ШАЛАБАЕВ,
облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.