30Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Қаржы

Инновация, энергия үнемдеу және еңбек өнімділігі. Бұл үш түсінік индустрияландыру аптасы тақырыбының біріне біріктірілген, өйткені дәл инновациялық тәсіл жүргізіліп отырған индустриялық саясаттың тиімділігіне, Қазақстанның шикізаттық емес бәсекелестік қабілетін құруға және сақтауға кепілдік береді, деп хабарлайды Индустрия және жаңа технеологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.  ҚР Президенті өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің мақсат - жаһандық технологиялық революцияның бөлігі болу» - деп айтты. Астанада елдің инновациялық дамудың негізгі операторы - «ТДҰА» АҚ-ның баспасөз хабарламасында айтылғандай, бұған дейін  600 идея мен жоба қолдау тапты, оның ішінде 396 жоба ҮИИМДБ іске асыруды бастағаннан бері кезеңде қолдау тапқан. ҮИИМДБ іске асыру кезеңі үшін инновациялық жүйенің қайта басталуы болды. «Ғылым туралы», «Индустриялық-инновациялық қолдау туралы» жаңа заңдар қабылданды. Онда мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдары бекітілген. Қабылданған шаралар нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың саны үлесі 4%-дан 7,6%-ға дейін өсті. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда технологиялық инновацияларға арналған кәсіпорындардың жұмсалымдары 2 млрд. долларға дейін (61 млрд теңгеден 326 млрд. тегеге дейін) 5 еседен астамға өсті. 2009 жылдан бері жалпы сомасы 9 млрд. теңгеге 179 инновациялық гранттар бөлінді. Мысалы, «Вентиляциялық жабдық өндірісін жаңғырту үшін жабдықты сатып алу» жобасымен «Алматы вентилятор зауыты» 97 951 728 теңге сомасында технологияларды сатып алуға инновациялық грант алды. Кәсіпорын климаттық техниканы әзірлеумен, дайындаумен және өткізумен айналысады және Қазақстан Республикасының аумағында осындай жабдықты шығаратын жалғыз кәсіпорын болып…

Толығырақ ...

Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының табыстылығы 2014 жылдың соңына қарай 6,5% дейін өседі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті. «Зейнетақы активтерінің табыстылығы қаңтар-қазан аралығында 4,7% құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2,2% болса, 2013 жылғы 1 қазанда - 4,4% болған еді. Жылдың қорытындысы бойынша біз табыстылық деңгейі 6,5% шамалайды деп күтіп отырмыз», - деп атап көрсетті Ұлттық банк басшысы өз сөзінде. Ол сондай-ақ, 2013 жылы жекеменшік зейнетақы қорлары жұмыс істегенін айтып өтті. "Жалпы алғанда, Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді"-, дейді ол. «Келесі жылғы көрсеткіш бұдан да жақсы болады деген ойдамыз. Мемлекеттік құнды қағаздарға салынған салымдар мен депозиттер бойынша орташа табыстылық жақсарып келеді», - деді Ұлттық банк басшысы өз сөзінде. Қыркүйек айында бір мезгілде корректировка жүргізіліп, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-на берілгеннен кейін қайта бағалау жүргізілгенін айтып өткен Қ.Келімбетов, «нәтижесінде қайта бағалау 94 млрд теңгені құрады, бұл «нашар» облигациялар деп аталатын инвестициялардан қалыптасқан «минус», - деп түйіндеді өз сөзін Ұлттық банк басшысы.

Толығырақ ...

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығынан алынған жобалар енгізілген 2 кітапшаны жарыққа шығарды. Екі жарияланым да құны 3 млн. теңгеге дейінгі жобалардан тұрады. Бір кітапшаға ауыл шаруашылығындағы жобалар енгізілсе, екіншісіне – қызмет көрсету саласындағы. - «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында жеке ісін құру және дамыту бойынша ауылдықтардың бастамаларына қолдау көрсетіледі. Ауылдағы жеке бір қосалқы шаруашылыққа берілетін микрокредиттің сомасы 3 млн. теңгені құрайды. Сондықтан да жинақтарға дәл осындай жобалар енгізілді,  - деп атап кетті ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Лаура  Тілеубердиева.   Кітапшалар 2000 дана таралыммен қазақ тілінде шығарылды және ОҚО ауыл тұрғындарының арасында тегін таратылатын болады.    ОҚО Кәсіпкерлер палатасы

Толығырақ ...

Жеке кәсіпкер А. Джамбулов ОҚО Кәсіпкерлер палатасына өз құқығын және заңды мүддесін қорғау үшін өтінішпен келді. Ол қалалық әкімшілікке жер учаскесінің мақсаттық жоспарының өзгерісі бойынша арыз тастады. Аталған жер учаскесі тұрғын үй, дүкен құрылысына және ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу үшін берілген болатын. ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жер учаскесі актісіне келісу кезінде, келісімнен бас тартып және бұл әрекеттердің санитарлы-қорғау аймақты сақталмаған деп түсіндірді. Палата сарапшыларының сараптамасы байынша, жоғарыда айтылған нормаға сәйкес: майды өндеу заводтарының құрылысын жүргізу кезінде санитарлық қорғау аймағы 100 метрден кем болмау керектігі белгіленді. Бірақ мақсаттың өзгеруіне байланысты май өңдеу заводы емес дүкен мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру бекеттерінің құрылысы салынып жатқаны анықталды. Сондықтан ОҚО Кәсіпкерлер палатасы осы мәселе бойынша прокуратура көмегіне сүйенді. Прокуратура ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тексеріс жүргізді. Кәсіпкер субъектісіне қатысты жүргізілген тексеріс нәтижесінде осы әкімшіліктік кедергі келтіргені және жіберілген қателіктің орын алғандығы анықталды. Жүргізілген тексерістін нәтижесі мен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының келтірген дәлелдері бойынша Абай ауданының прокуратурасы ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы келтірілген кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасалды. Ақпарат көзі: ОҚО Кәсіпкерлер палатасы  

Толығырақ ...

Халықтың негiзгi тiршiлiк көзi мақта мен бау-бақша болып табылатын ауданымызда суармалы алқаптардың мелиоративтiк жағдайын жақсартып, қалпына келтiруге үлкен бетбұрыс жасалып отыр. Соның бiр жарқын көрiнiсi осыдан екi жыл бұрын Үкiмет қаулысымен республикамызда алғаш рет «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының тiк дренаж ұңғымаларын пайдалану бойынша Мақтаарал ауданында өндiрiстiк бөлiмшенiң ашылуы дер едiк. Тыңнан түрен салып, жұмысты жаңадан бастау, жаңа кәсiпорынды аяғынан тiк тұрғызу оңай емес екенi белгiлi. Дегенмен, бұл жауапты мiндеттi мойнына алған аталмыш мекеме басшысы Шаһадат Омаров өзiнiң iске ептiлiгiн, шаруаға шалымдылығын, кәсiпке бейiмдiлiгiн байқатты. Мамандығы инженер-механик болса да энергетика саласының қыр-сырын игерiп үлгердi.    Күн-түн демей iзденiп, күрмеуi қиын күрделi мәселенi оңтайлы шешу үшiн талан-таражға түсiп, қолды бола бастаған тiк дренаж ұңғымаларының жағдайын жiтi зерттедi. Жай-жапсарын саралап, бар-жоғын түгендеп, жiлiктеп есептеп шықты. Жоғарыдағы басшыларға жаңа жұмыс жоспарын, қолға алғалы отырған тың жобаларын орнықты дәлелмен түсiндiрдi. Тiк дренажды iске қосу үшiн қажеттi қаржы мөлшерiн айтып, қанша техника, өз iсiн жетiк бiлетiн маман кадрлар қажеттiгiне көздерiн жеткiздi. Iстiң жайын табуға ұмтылып, мемлекет қаржысын үнемдеп жұмсап, жүйелi iске көшкелi отырған жаңа басшының оңтайлы әрекетiне ҚР Су ресурстары комитетiнiң төрағасы Ислам Әбiшев қолдау бiлдiрдi. Мақтааралға келген сапарында И.Әбiшев жаңадан өндiрiстiк база құрып жатқан Ш.Омаровтың ескi сыра зауыты аумағындағы нысандарын аралап, танысты. Содан берi бiршама уақыт…

Толығырақ ...