30Мамыр2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Экономика

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊҚазығұрт ауданындағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊбаспасөз қызметі.  Ел Тәуелсіздігініӊ25 жылдығы қарсаӊында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соныӊбір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыӊға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарыныӊшаӊырақтарын көгілдір отынға жалғаудыӊсалтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елдімекенніӊбір көшесіне берілді. Жиналған тұрғындардыӊқуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: "Ел Тәуелсіздігініӊширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараныӊбірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесініӊқосылуы дер едім. Әрине, елді мекендерге табиғи газ жүйесініӊқосылуы үлкен қуаныш. Әсіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздыӊжұмысын жеӊілдетеді", - деді. Ал, Шарбұлақ ауыл округініӊтөбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдыӊберілуін Тәуелсіздігіміздіӊ25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, бұл үшін аудан, облыс басшылықтарына ауыл халқыныӊатынан ризашылығын жеткізді. Жалпы бұл күні, көгілдір отын аудандағы 16 елді мекенге берілді. Шарбұлақтан бөлек, Ащыбұлақ, Жаӊабазар, Жылыбұлақ, Жаӊажол, Жаӊаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіӊішке елді мекендерініӊтұрғындары да табиғи газ тұтынып, өркениеттіӊигілігіне қол жеткізуде.

Толығырақ ...

Созақ ауданында келесі жылдан бастап алтын өндіріледі. Бұл туралы аудан әкімі Мақсат Исаевтыӊел тәуелсіздігініӊ25 жылдығында атқарылған шаруаларды баяндаған баспасөз брифингінде айтты. Металл өндіруде тәжірибесі жеткілікті терсікейліктер келер жылдан бастап көмір өндірісін де қайта жандандырмақ.. Алдағы уақытта ауданда өнеркәсіп, шағын кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, атап айтқанда ет пен қымыран өӊдеуді дамыту қолға алынбақ. Баламалы қуат өндіретін күн электр станциясын іске қосу да алдағы жылдыӊеншісіне қалдырылып отыр. Сонымен қатар, бір кездері тартылып қалып биыл қайта толған Қызылкөлдіӊжағасынан демалыс орындарын салуға ниеттеніп отырған кәсіпкерлер де дайын. Тек, жоба-жоспар түзілуі керек. Сондай-ақ, Созақта тұрғын үй мәселесі де жылдан жылға шешімін тауып келеді. Ширек ғасырда ауданда 206,6 мыӊшаршы метрді құрайтын 4000-ға жуық тұрғын үй салынған. Жыл аяғына дейін тағы 50 тұрғын үй ел игілігіне берілгелі отыр. Созақтық шаруалар мал өсіруде де алдарына қара салмай келеді. Тәуелсіздік алған жылдары ауданда ірі қара басы 7 мыӊнан әреӊасса, қазір бұл көрсеткіш 27 мыӊға жетіп отыр. Биылдыӊөзінде Созақтан 2 688 қаракөл тоқтысы біріккен Араб әмірліктеріне экспортталды.

Толығырақ ...

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімі Жансейіт Түймебаев "Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Сапар барысында өӊір басшысы Орталықтыӊқызметімен танысып, кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету бойынша құрылған жүйеге оӊбаға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктіӊбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Сапар шеӊберінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері мен мемлекеттік органдармен ықпалдастық барысында кәсіпкерлер тап болатын басты проблемалар туралы талқыланды. Өӊірдегі кәсіпкерлік саласындағы ахуалмен танысқан әкім кәсіпкерлер жиі айтатын әкімшілік кедергілер проблемасына ерекше тоқталып өтті. Бұл проблемаларды жүйелі түрде шешу қажеттігін ескере отырып, әкім оларды өзініӊайрықша бақылауына алды және мәселелердіӊшешімін өӊір кәсіпкерлерімен кездесу барысында жан-жақты талқылауды ұсынды. Сонымен бірге өӊірдіӊжаӊа басшысы кәсіпкерлерге көрсетілетін қызмет бойынша өтінімніӊорындалу барысын "онлайн" режимінде бақылап отыруға және құжаттарды дайындаудыӊтүрлі кезеӊдері үшін жауапты тұлғаларды көріп отыруға мүмкіндік беретін электрондық база құруды тапсырды. Бұл жүйе құжаттыӊдер кезінде орындалмауына автоматты түрде жауап қатып, мерзімді бұзуға жол берген тұлғаларды анықтап отырады. Тұтастай алғанда жүйе кәсіпкерлердіӊмемлекеттік органға жүгінуі барысында адами факторды алып тастауға және талап етілетін құжаттарды ұсыну мерзімін оӊтайландыруға мүмкіндік тудырады. "Оӊтүстік" кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімдігі жанынан 2012 жылы Шымкент қаласында құрылып, кейін оныӊфилиалдары өӊірдіӊбарлық аудандары мен қалаларында ашылған болатын. Орталық ашылған сәттен бері 100 мыӊнан астам кеӊес беріліп, 27 мыӊадам кәсіпкерлік тақырыбы бойынша дәрістерден өтті, шамамен 10 мыӊкәсіпкер Кәсіпкерлерге…

Толығырақ ...

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊәкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы "Тассай" индустриялық аймағында болды. Индустриялық аймақ аумағында инвестициялардыӊжалпы сомасы 38 млрд. теӊгені құрайтын 23 жоба жүзеге асырылуда, оныӊішінде 14 инвестициялық жоба бойынша құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатса, 7 жоба - жобалық-сметалық құжаттамасын жасау сатысында тұр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊбаспасөз қызметі.  "Тассай" индустриялық аймағы фармацевтикалық, жиҺаз, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау зауыттары, медициналық мақсаттағы заттар өндірісі, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын орналастыруға мамандандырылуда.          Өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев "Мега Смарт" компаниясыныӊМДФ панельдер, корпусты жиҺаз өндірісі зауытыныӊжұмысымен және қазір құрал-жабдықтары монтаждалып жатқан ортопедиялық бинттер өндіретін "Марай е7" компаниясы зауытыныӊжұмысымен танысты. Айта кетейік, облыстыӊжаӊа әкімі келгеннен кейін бірнеше кәсіпорынныӊжерге қатысты проблемалары шешілді. Облыстыӊиндустриялық аймақтарындағы 14 компания, оныӊішінде "Тассай" индустриялық аймағындағы 2 компания, атап айтқанда, "Диойлгаз" ЖШС әкім жұмысқа кірісе сала екі күннен кейінгі кездесуде жер телімдерін беру туралы қаулыларға бірден ие болды. "Диойлгаз" ЖШС басшылығыныӊатап көрсетуінше, ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан бұл өзекті проблема өӊірдіӊжаӊа басшысы араласпаған жағдайда әлі де белгісіз мерзімге созыла түсер еді. Кәсіпкерлер ашық диалог жүргізу мүмкіндігін бергені және мәселелерді шұғыл түрде шешкені үшін әкімге ризашылықтарын білдірді.  Облыс басшысы алдан шыққан кедергілер туралы уақытылы хабардар етудіӊ, тікелей байланысқа шығып кез-келген проблема туралы хабарлаудыӊмаӊыздылығын ерекше атап өтіп, олардыӊшешімін табуға тікелей араласуға әзірлік танытты. Кәсіпкерлермен жүргізілген…

Толығырақ ...

Камильжан Сайпиев «Осман ата» шаруа қожалығын басқарады. Жеке кәсіпкер. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бойынша бес жұмысшыны әлеуметтік жұмыспен қамтып отырған, ал өзі көптен бау-бақша егумен айналысып келе жатқан азамат. Диханшылық оның ата кәсібі. Бала кезінен егін егіп, жер еміп өскен Камильжан жігіт ағасы жасына келіп, бұл күндері бау-бақшалықты жіті игеріп отырған азамат. Қазір қарамағында жалға алған жиырма алты гектар жері бар. Оның он бір гектарына жоңышқа, он гектарына бидай, көкөніс, қалған бес гектарына жеміс-жидектерін отырғызды. Осыдан бес жыл бұрын еккен алма, жүзім, шие, өрік ағаштары әне-міне дегенше жеміс салғалы тұр. Биылдан бастап, оның да нәтижесін көрмек. -                     Тамшылатып суғару тәсілін қолға алғалы бері су, сумен қоса бәрінен бұрын уақыт үнемделді, - дейді кәсіпкер әрбір мезгілдің қадірін білетін тәжірибелілігін көрсетіп. Тамшылатып суғару қондырғыларын өз қолымен оналастырған көрінеді. Оған да қолының епсектігі бар екені көрініп тұр. Белі жазылмай еткен еңбектің арқасында биыл алпыс тоннадай бидай алған. Өнімді қайда өткізеді десеңіз, ауыл-аймақтың барлығы ежелден малсақ өңір. Мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың өзі тонналап сатып алып кетеді. Азыққа да жарамды. Ең бастысы  - диірменге өткізеді. Ол жерге бидайдың келісін 35 теңгеден беріп отыр. -Диірменнен тартылған ұнды халық тұтынып келеді. Жергілікті тұрғындардың жағдайын ойлап, төмен бағада беріп жатырмыз. Көпшіліктің ішінен рахметін айтып жатқандар қаншама,…

Толығырақ ...

Page 1 of 6