14Желтоқсан2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

«Азаматтық бақылау» жобасын жүзеге асыру шеңберінде 2017 жылдың 3 тамыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен «Үміт» ҚБ бірлесе «Мемлекеттік сатып алулардағы жемқорлық: кең таралған схемалар» тақырыбында пікірталас алаңшасын ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті, тексеру комиссиясы, кәсіпкерлер палатасы, бизнес қауымдастығы мен БАҚ өкілдері қатысты.  Пікірталас алаңшасының мақсаты – мемлекеттік сатып алудың қазіргі заманғы жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қысқаша талдау жасау, сонымен қатар, экономиканың осы саласындағы жемқорлықты жоюдың негізгі бағыттарын қарастыру. Іс-шараны Департамент басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов ашып берді. Айбек Ақбергенұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес өте маңызды, алайда мемлекеттік сатып алудың кешенділігімен қиындатылғандығын атап өтті.   Осы тұрғыдағы кездесулер мүдделерді қолдау, бәсекелестік ортаны шектеу және ұйымдастырушы, тапсырыс беруші, конкурстық комиссия тарапынан мемлекеттік сатып алуды теріс пайдалану фактілеріне жол бермеу бойынша нақты ұсынымдар береді. Әрі қарай, талқыланып отырған мәселеге сәйкес әр саланың өкілдері өз ойларын білдірді. Онда, электрондық тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық мүмкіндігін жоюға, рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға шағын және орта кәсіпкерліктердің қатысуына жол ашқандығы айтылды. Іс-шара соңында мемлекеттік сатып алудың кез-келген сатысында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуде бірлесе жұмыс жасау бойынша міндеттер қойылды.