24Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

 «Шырайлы Шымкент» фотосуреттер байқауы туралы
ЕРЕЖЕ
2016 жыл
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
1.1. «Шырайлы Шымкент» фотосуреттер байқауы (ары қарай – Байқау) Шымкент қаласы және оның аймақтарының үздік кадрлерін түсіруші кәсіби және әуесқой фотографтар арасында жүргізіледі.
1.2. Байқау мақсаты – қала және оның аймақтарына назар аударту, қала ерекшелігін, көрікті жерлерін, тарихи және сәулетті ескерткіштерін және қала тұрғындарының сүйікті орындарын көрсету.Суреттердің бұқаралық базасы және цифрлік контентін құру.
1.3. Байқау Ұйымдастырушысы – Шымкент қаласының әкімшілігі (ары қарай – Ұйымдастырушы).
1.4. Кәсіби фотосурет санаты бойынша жүргізілетін байқауға 14 жастан асқан, фотосурет жасаумен кәсіби түрде айналысатын азаматтар, соның ішінде жергілікті және республикалық БАҚ фототілшілері де қатыса алады (ары қарай – Қатысушылар).
1.5. Әуесқой фотосурет санаты бойынша жүргізілетін байқауға 14 жастан асқан жеке тұлғалар қатыса алады (ары қарай – Қатысушылар).
1.6. Байқаудың мәні қала ерекшелігі мен әсемдігін, дәстүрін, демалыс орындарын, туристік көз тартарлық нысандарын, көрікті жерлерін, сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғындары мен туристерінің бет-әлпеттерін бейнелейтін фотосуреттер жасау (ары қарай – Фотожұмыстар).
1.7. Фотожұмыстар келесідегідей номинациялар бойынша қабылданады:
·         ТарихиШымкент
·         Қала ерекшелігі
·         Қала тұлғалар көзімен
·         ЗаманауиШымкент
·         Шымкенттабиғаты
1.8. Қатысушы Фотожұмыстарын Байқауға жібере отыра, осы Ережелерде көрсетілген шарттармен келіседі, соның ішінде байқауға жіберген өз Фотожұмысын өтеусіз пайдалануға келісім береді (сайтта және әлеуметтік желілерде).
1.9. Ұйымдастырушы осы Ережелерге өзгерістер енгізу және осы өзгерістерді сайтқа міндетті түрде жариялау құқығын өзіне қалдырады.
 
2. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ
2.1. Байқауды өткізу шарттары мен ережелері туралы ақпарат www.visitshymkent.kz  сайтында, әлеуметтік желілерде және баспасөз беттерінде жарияланады.
2.2. Байқауға қатысу үшін өтінім толтырылады және өтінімге www.visitshymkent.kz  сайтындағы Фотожұмыс тіркеледі. Өтінімде Қатысушы:
•                     Байқау санатын;
•                     Байқау номинациясын;
•                     аты-жөнін;
•                     тұрғылықты аймағы және елді мекенін;
•                     кәсіби қызмет орнын(кәсбіи фотосурет санаты үшін);
•                     электрондық мекенжайын;
•                     байланыстелефонын көрсетеді.
2.3. Байқау қатысушысы өзі туралы Байқауға ұсынылған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді.
2.4. Егер Кәсіби фотосуреттер байқауына жіберілген Фотожұмыс Кәсіби фотосуреттер байқауының Фотожұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға (Осы Ережелердің №1 Қосымшасы)толық өлшемде сай келмесе, ол Фотожұмыс Әуесқой фотосурет байқауына жіберілген деп қарастырылады. 
2.5. Байқау Ұйымдастырушысы Фотожұмысты Ғаламторға орналастыру кезінде Фотожұмыс авторының тек аты-жөні (лақап ат қолдануға рұқсат етілмейді) мен тұрғылықты аймағын көрсетеді.Сондай-ақ, Кәсіби фотосуреттер байқауы қатысушыларының келісімімен осы Ережелердің 2.3 т. сәйкес ұсынылған қосымша ақпарат көрсетілуі мүмкін.  
2.6. Әр Қатысушы Фотожұмысқа қойылатын техникалық талаптарды сақтау шартымен шексіз Фотожұмыстар санын жібере алады. Сонымен бірге, жұмыстар саны қазылар алқасының шешіміне әсер етпейді, мұнда әр жеке Фотожұмыстың сапасы ескеріледі.
2.7. Ерсі немесе әдепсіз, сонымен қатар, Байқаудың тақырыбы және техникалық талаптарына сай келмейтін бейнелерді қамтитын Фотожұмыстар Байқауға қатысуға жіберілмейді.
2.8. Байқау Ұйымдастырушылары алдағы уақытта Фотожұмыстарды авторды көрсету арқылы қолдануға құқылы.
 
3. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
3.1. Кәсіби фотосуреттер байқауының Жеңімпаздарын анықтау үшін Ұйымдастырушы Байқаудың қазылар алқасын жасақтайды:
•         Байқау Ұйымдастырушысының өкілі;
•         кәсібифотографтар;
•         суретшілержәне/немеседизайнерлер, сондай-ақ, визуальдықшешімдер құру саласындағы мамандар;
•         журналист-фотографтар.
3.3. Қазылар алқасы Кәсіби фотосуреттер байқауы қатысушыларының ұсынылған Фотожұмыстарын бағалап, кәсіби және әуесқойлар арасында әр 5 (бес) номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
3.4. Жеңімпаздарды таңдау өлшемдері – фотосурет ерекшеліктері, орындау кәсібилігі, тақырыпқа сәйкестілігі.
3.5. Кәсіби фотосуреттер байқауына келіп түскен Фотожұмыстарды бағалау қазылар алқасымен 3.4 т. көрсетілген әр өлшемдер бойынша 5 баллдық шәкілмен сараптамалық бағалау әдісі арқылы жүзеге асырылады.
3.6. Кәсіби фотосуреттер байқауының әр қатысушысын қорытынды бағалау барлық қазылар алқасымен қойылған ұпайларды жинақтау жолымен жүргізіледі.
3.7. Егер Байқаудың бірнеше қатысушылары бірдей ұпай санын иеленсе, Кәсіби фотосуреттер байқауының Жеңімпазын анықтау және оған сыйлықты тағайындау туралы шешімді Қазылар алқасының төрағасы қабылдайды.
3.8. Әуесқой фотосуреттер байқауының Жеңімпаздарын анықтау үшін, Ұйымдастырушы Ғаламтор желісін қолданушылар арасында дауыс беру жұмысын жүргізеді. Нәтижесінде, қазылар алқасы дауыс беру арқылы таңдап алынған үздік Фотожұмыстар арасынан (ең көп дауыс жинаған) Байқау жеңімпаздарын таңдайды.
 
3.9. Әуесқой фотосуреттер байқауына келіп түскен Фотожұмыстарға дауыс беру www.visitshymkent.kzсайтында және https://vk.com/visitshymkent, https://www.facebook.com/visitshymkent/әлеуметтік желілерінде жүргізіледі.
3.10. Егер Әуесқой фотосуреттер байқауының бірнеше қатысушылары бірдей ұпай санын иеленсе, пайдаланушылық дауыс беру нәтижелерінің негізінде жеңімпаздарды анықтау туралы шешімді Қазылар алқасының төрағасы қабылдайды.
 
4. «ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ
4.1. Байқау 2016 жылдың 1 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жүргізіледі.
4.2. Байқау Фотожұмыстары 2016 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады.
4.3. Әуесқой фотосуреттер байқауы бойынша пайдаланушылық дауыс беру 2016 жылдың 1 сәуірі мен 10 мамыры аралығында байқаудың әлеуметтік желілерінде жүргізіледі https://vk.com/visitshymkent,   https://www.facebook.com/visitshymkent/.
 
4.4. Байқау нәтижелері www.visitshymkent.kzсайтында және https://vk.com/visitshymkent, https://www.facebook.com/visitshymkent/әлеуметтік желілерінде 2016 жылдың 15 мамырынан кеш емес мерзімде жарияланады.
 
5. БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ЖАРИЯЛАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАР
 
5.1. Кәсіби фотосуреттер байқауы аясында әр 5 (бес) номинация бойынша 1 (бір) жүлделі орын тағайындалады. Әр жүлделі орынның сомасы 500 000 теңгені құрайды.
5.2. Әуесқой фотосуреттер байқауы аясында әр 5 (бес) номинация бойынша 1 (бір) жүлделі орын тағайындалады. Әр жүлделі орынның сомасы 250 000 теңгені құрайды.
5.3. Байқаудың қазылар алқасы ынталандыру сыйлықтарын ұсыну үшін, байқаудың әр 2 (екі) санаты бойынша қосымша 4 (төрт) жұмысты таңдап алады.
5.4. Байқау нәтижелері бойынша үздік Фотожұмыстар Шымкент, кейін Астана қалаларында өтетін көрмелерге қойылады.
 
Байқау туралы Ережелерге
№1 Қосымша
Фотожұмыстарға қойылатын техникалық талаптар
1. Кәсіби фотосуреттер байқауына қатысу үшін Фотожұмыс келесідегідей техникалық талаптарға сай болуы тиіс:
•       суреттер JPEGформатында қабылданады;
•       сурет көлемдері 4Мп-ден кем емес болуы тиіс;
•       суретті100% үлкейткен кезде шу, шаң, артефактілер, хроматикалық аберрациялар болмауы қажет;
•       сурет анықтығы300dpi-ден кем емес болуы тиіс;
•       суреттің түстік үлгісі sRGBболуы тиіс.
2. Әуесқой фотосуреттер байқауына қатысу үшін Фотожұмыс келесідегідей техникалық талаптарға сай болуы тиіс:
•       суреттер JPEGформатында қабылданады;
•       сурет көлемдері 2Мп-ден кем емес болуы тиіс;
•       суретті100% үлкейткен кезде шу, шаң, артефактілер, хроматикалық аберрациялар болмауы қажет.

Шымкентте қалалық жұмыспен қамту орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, орталық мамандарының қызметіне сәттілік тіледі.

      - Өткен жылы күзде қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізгенімізде ең алдымен, тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі үлкен басымдыққа ие болғаны байқалған болатын. Өзекті мәселенің шешімін табу бағытында бүгін жұмыспен қамту орталығының алғашқы ғимаратын пайдалануға беріп отырмыз. Алдағы уақытта қала аумағында мұндай бірнеше  ғимарат елдің игілігіне беріледі. Ең бастысы, ғимаратта азаматтардың ұзақ-сонар кезегін болдырмас үшін қажеттіліктер электронды түрде жүзеге асырылады, - деді Ғ.Рахматоллаұлы.

      3 қабатты ғимаратта орталық мамандары күніне 200-ге таяу азаматқа түрлі қызмет көрсетеді. Мұнда азаматтар тұрақты жұмыс табумен қатар, шағын несие алып, тіпті, мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша еліміздің солтүстік облыстарына оқу жолдамасын да иелене алады. Айта кетейік, өткен жылы орталық мамандарының ықпалымен 16 мың азамат жұмысқа орналасыпты. Тек биыл 7 жарым мың қала тұрғыны жұмыссыз ретінде тіркеуге алынса, оның бүгінге дейін 6 жарым мыңы уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған.   

 

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов қаладағы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы әкімдерінің 2016 жылғы наурыз айында атқарылған жұмыстарымен танысып, есебін тыңдады.

      Атап айтқанда: 

      - Абай ауданы әкімі аппаратында өткен мәжілісте кәсіпкерлікті қолдау, ретсіз саудамен күресудегі нәтиже жөнінде есебін тыңдалып, қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы  ауданындағы ретсіз сауда, заңсыз жарнамаларға қатысты заң шеңберінде тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдардың өкілдері енгізілген жұмысшы топ құрып, нәтижелі жұмыстар атқаруды тапсырды.

      - Әл-Фараби ауданының аулаларды абаттандыру, балалар ойын және спорт алаңшаларын орнату, ұйымдастыру, ішкі орамдық аулалардағы жарықтандыру жұмыстары туралы есебін тыңдап, аудан аумағындағы спорт алаңшаларын заң шеңберінде әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткізу, орналасқан жер телімдерін рәсімдеу қажеттігі жөнінде тапсырма берді.

      - Еңбекші ауданы әкімінің есебінде аудандағы жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу туралы және көше бойындағы заңсыз авто тұрақтармен жұмыс жұргізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Қала әкімі қылмыстардың алдын-алуды жүйелі жолға қою мақсатында арнайы жұмысшы топ құрып, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жұмыс жүргізуді қажеттігін және заңсыз автотұрақтар мен ретсіз сауда нүктелерін жою жолдары қарастырылған арнайы іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмыс жүргізуді тапсырды.

      - Қаратау ауданының бір айлық есебінде магистральді және ішкі орамдық жолдарының санитарлық тазалық жағдайының мәселелері көтерілді.  Ішкі орам көшелерінің асфальттау жұмыстарын жұмыстарын кестеге сәйкес сапалы аяталуын қамтамасыз етуді және Сайрам ауданынан қосылған елді мекендердегі ретсіз сауда орындарын ретке келтіру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

     Алдағы уақытта әр ауданның атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде қала әкімінің алдында ай сайын есебі жалғасын табатын болады. 

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев тағайындалды. Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев 1984 жылы 5 сәуірде туылған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі - заңгер, экономист.

      Еңбек жолын 2005 жылы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің «Өндірістік-пайдалану кәсіпорындар» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған. 2007-2008 жылдары қазіргі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша Ұлттық орталық» аталып келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің ақпарат және тестілеу орталығында «Е» санатты кадрлар бойынша оператор қызметін атқарған. 2009 жылы сәуір-тамыз айларынан бастап ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету департаментінің Қызылорда облысы бойынша сарапшысы лауызымында еңбек еткен. Кейінгі жылдары ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету департаментінің аумақтық басқармасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде  қызмет атқарған.

 
shymkent.gov.kz