19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Таяуда Әзербайжанның Шеки шаһарында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өтті. Онда ер түріктің бесігі атанған Қазақстанның Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды.
Аталмыш жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жиында көне шаһар - Түркістанды 2017 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп бекіту жөнінде шешім қабылданды. Тұрақты Кеңестің 35-ші отырысының үйлестірушісі болу Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігіне жүктеліп, оның отырысы 2017 жылдың соңына қарай Түркістанда өтетін болып белгіленді.
Бұған қоса, Әзербайжан Мәдениет және туризм министрлігінің ұсынысымен ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерде 2017 жыл «Молла Панах Вагифты еске алу жылы» деп жарияланды.
Отырыста ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасеинов түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) 20 жылдан астам уақыттан бері түркі тілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге танытуда тындырымды тірліктердің атқарылып келе жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, ол ТҮРКСОЙ-дың ең сәтті жобаларының бірі ретінде 2012 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жұмысы екенін атап өтті.    
Түркістанның мәдени астана атанатын жылында бірқатар шаралар ұйымдастырылып, іске асырылмақ. Атап айтқанда, түбі түркі тілдес халықтар Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойын мерекелеп, театр фестивалін өткізбекші. Кітап жәрмеңкесі мен қолөнер шеберлерінің Орта Азиялық фестивалі мен Ұлы Дала дәстүрлі музыкалық фестивалін, сонымен бірге, суретшілер кездесуі сынды ірі бағдарламаларды ұйымдастыруды көздеп отыр.   
 
Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан-Мәңгілік ел» атты республикалық  айтыс басталды. Ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға еліміздің айтулы 16 ақыны мен Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінің сөз дүлдүлдері де  арнайы шақыртылды.
Атап айтар болсақ, бүгінгі жүйріктердің сөз сайысына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Ж.Наушабеков, К.Оралова, А.Жаппарқұлова, Н.Мейірманов,  Қ.Абзалов, Б.Байтуов, Н.Әнапия, Д.Полатбаев, Т.Түлеулиев, А.Ниязбектер қатысса, еліміздің бас қаласы Астанадан А.Тұрсынбаева, Ж.Бұлғақов,  ал, Қызылордадан М.Айтбай, Қостанайдан С.Әуезхан, Жамбыл облысынан Қ.Мырзахан, Қарағандыдан А.Жұмағұлов сынды біртуар ақындарымыз келіп бақ сынауда.
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне  орай, ұйымдастырылған аламан айтысқа облыс әкімдігінің екі жеңіл авто көлігі мен қаржылай жүлде қоры тағайындалып отыр.
Ақындар айтысын облысымыздың тумасы, «Парасат» орденінің иегері, «АРА.kz» журналының бас редакторы, белгілі сатирик Көпен Әмірбек жүргізуде.
Кіл мықтылардың айтыс аламанында қазылар алқасының төрайымы-  Қазақстанның Халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекова болса, қоғам қайраткері, ҚР Мәдениет қайраткері Оразкүл Асанғазы, Қазақстанның Халық ақыны, айтыскер ақын Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт пен айтыскер ақын, сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы сынды азаматтар қазылық етуде.
Екі күнге жалғасатын суырып салма аламан айтысының мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын өлең сөзбен халыққа жеткізу болып табылады.
Ертең 3 желтоқсан күні сағат 11.00-де «Түркістан» сарайында «Бірлігіміз жарасқан-Мәңгілік ел» атты республикалық  ақындар айтысының жабылу салтанатына  өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген Түркия Республикасының дәрігерлерден жасақталған бір топ делегациясымен кездесті. Ерте жастағы балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, нәрестелер өлім-жітімін төмендету мақсатындағы тәжірибесімен бөлісуге келген жұмысшы топқа Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түрік агенттігі (TIKA) ұйытқы болып, оны оқу бөлімінің бастығы Мустафа Хасим  бастап келіп отыр.
Кездесуде тараптар бауырлас қос мемлекеттің қарым-қатынасы мен бірлескен жобалар жайын сөз етіп, бүгіннен басталатын шеберлік сабағының нақты міндеттері бойынша әңгімелесті.
Атап айтқанда, 2-4 желтоқсан аралығында Түркиядан келген мамандар  облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметінің дәрігерлеріне – неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге теориялық және практикалық дәрістер өтіп, біліктілігін жоғарылату бойынша арнайы оқыту курсынан өткізеді. Шеберлік сабағына 30-ға жуық маман қатысады деп жоспарлануда.
Облыстық балалар клиникалық ауруханасының халықаралық технологиялар орталығының базасында өтететін шарада жаңа туған балаларда кездесетін түрлі шұғыл жағдайлар (асфиксия, тыныс алу жеткіліксіздігі) кезінде тиімді реанимациялық көмекті сапалы жүргізе білуге, науқас және дені сау жаңа туған балаларға мамандандырылған күтім жасауға, ерте жастағы балалардағы көрудің бұзылыстарын уақтылы анықтауға оқыту бағдарламалары жоспарланған. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері жаңа туған балаларға реанимациялық көмек көрсету бойынша заманауи симуляциялық манекендерге тәжірибе жасап дағдыланады.
Осындай оқыту бағдарламасымен таныстырған түркиялық дәрігерлер мұндай тәжірибе алмасу шараларының бұған дейін әзербайжандық дәрігерлермен ұйымдастырылып, оң нәтиже көрсеткенін атап өтті. Осынау жетістіктерге қанық болған аймақ басшысы Ж.Түймебаев жұмысшы топқа сәттілік тіледі.
Айта кету керек, үш күндік дәріс кезінде ерекше көзге түсіп, арнайы емтиханнан сүрінбей өткен бірқатар медицина қызметкерлеріне сертификаттар табысталып, оларға Түркияда білімін жетілдіруге жолдама берілмек.
 

Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласындағы 10 мектепке оқушы тасымалдау үшін 19 жаңа автобус  берілді.

Жаңа көліктердің кілтін мектеп директорларына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев табыстап, барша жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

«Қымбатты оқушылар бұл көлік сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету және  жақсы оқып, үлгілі оқушы болуларыңыз үшін беріліп отыр. Сондай-ақ, автобус балаларды тарихи-мәдени ескерткіштерге саяхатқа шығуы үшін де қолданылады. Бұл игі шара Елбасының болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығы деп білемін. Енді қаладағы 3 мыңға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», - деді аймақ басшысы.

Бұған дейін оқушыларды тасымалдау жұмыстары келісім-шарт арқылы жеке кәсіпкерлер  "Абад ЮГ"   ЖШС және «Төлеби  Автобус Паркі» ЖШС арқылы  жүргізіліп отырған болатын.          

Бұл автобустар мектептен 3 шақырым қашықтықта тұратын балалардың тасымалын ұйымдастыру үшін сатып алынды.

Осы күні күрделі жөндеуден өткен  Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты  пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстың сапасын өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов аралап көрді.

Атап айтар болсақ, ғимараттың іргетасы 1950 жылы қаланған. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби аудан аппаратымен қатар қалалық білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі орналасты.

Тәуелсіздік алған жылдары еліміз бойынша ең көп мектеп ашылған өңір Оңтүстік Қазақстан облысы болып табылады. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 39 мектеп біздің аймақта ашылса, содан бері жылына 40 мектептен салынып жатыр. Сондай білім ұясының бірі - Елбасы ашқан, Шымкенттегі №86 мектеп. Тұңғыш Президент күніне орай аталған мектепте тәуелсіздік аллеясы қолданысқа берілді.
Шымкенттегі Қазығұрт мөлтекауданындағы бұл мектеп «Тұңғыш Президент күнін» ағаш отырғызумен бастады. Облыстық мәслихаттың депутаты Жұмағали Білісбеков педагогикалық ұжымға 300 мың теңгенің қаржылай қолдауын көрсеткен. Ақ ниетпен ақ қайың және «мәңгі бақи өркендей берейік» деген ниетпен шырша, барлығы 50 түп ағаш  егілді.
Жұмағали Білісбеков - облыстық мәслихат депутаты
Облыс әкімі Түймебаевтың бастамасымен ағшымен бірге өсіп көркейейік деген бастамасын қолдап , өзіміздің питомниктен шырша жән можжевельник ағаштарын алып келіп отырғыздық.
Бұл мектеп 2010 жылдың 23-ші мамырында қолданысқа берілді. Оның ашылу салтанатына Елбасының өзі арнайы келген болатын. 1200 орынға лайықталып салынған мектепте бүгінде  1468 оқушы  білім алуда. 
Ержан Төлендиев- №86 мектептің директоры
Бұрын біз №66 мектепте білім алатынбыз. Үш ауысымда оқыдық. Қазіргі жағдайымыз жақсы. ҰБТ көрсеткіштері бойынша көрсеткіштеріміз жақсы. Бірнеше түрлі үйірме жұмыс істейді.
Тұңғыш Президент күніне орай мектеп қабырғасында егемендік алған уақыттан бергі жеткен жетістіктеріміз жөнінде баяндама жасалды. Тәуелсіздік тақырыбында патриоттық әндер шырқалып,  концерттік бағдарлама ұсынылды.
 

 

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының жаңадан пайдалануға берілген «SHYMKENT-PLAZA»кешенінің кинотеатрларында «Балалық шағымның аспаны», «Елбасы жолы» фильмдерінің көрсетілімі өтіп жатыр.
Елбасының жастық шағынан сыр шертетін туындыны тамашалауға келген халықтың қатары қалың болды.
«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі.
Ауылда өсіп, қалаға жас комсомол ретінде аттанған Сұлтан образы көрерменін бірден баурап алды. Елбасының жастық шағынан сыр шертетін туындыда президенттің рөлін белгілі актер Нұржан Әлімжанов сомдайды.
Туған ортасынан алған кіршіксіз таза мінезі мен білімге құмарлығы сайын далада енді бой көтеріп жатқан Теміртау қаласына алып келеді.
«Балалық шағымның аспаны» көркем туындысында Елбасының Шамалғандағы перзентханада өмірге шыр етіп келген сәтінен бастап, 17 жастағы бозбала шағына дейінгі өмірі қамтылған.
Елбасы ғұмыр жолы, өткен белестері қашанда жастар үшін үлкен өнеге. Ендеше, Тұңғыш Президент туралы айтылатын әңгіме де, жазылатын шығарма, қойылатын қойылым мен жарыққа шығатын фильмдер де жастарды талапты болуға, мақсатсүйгіштік пен табандылыққа жетелейді – дейді жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай  Андабаев.
Көргендердің барлығы фильмнен күш-жігер алғандығын айтып жатты.
Тұңғыш Президент күні Созақта ардагерлер үйі ашылды
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні облыстық маслихаттың депутаты Мағауия Тұрысбеков ардагерлерге сый жасады. Осынау мереке күні аудан орталығы Шолаққорған ауылында аудандық ардагерлер үйі ашылды. Ашылу рәсіміне аудан әкімі М. Исаев, облыстық мәлихаттың депутаты М. Тұрысбеков, Т. Баймаханов, ардагерлер мен тұрғындар қатысты. 
Ашылу салтанатында аудан әкімі М. Исаев жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ғиамарттың соғылуына демеушілік еткен кәсіпкер М. Тұрысбековке аудан тұрғындарының атынан алғыс айтты.
Арыс қаласында жаңадан салынған Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Төлеби ауданында  жабық спорт сауықтыру кешені ашылды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауданымызда жабық спорт сауықтыру кешені ашылды. 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру - әрбір азаматтың міндеті. Еліміздің келешегі жастар десек, әлеуметтік - экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, өркениетті, мәдениетті мемлекет құруымыз үшін ұрпағымыздың дені сау, салауатты болуы міндетті. Шынығу – салауатты өмір салтының негізі. 
Осы қағидаларды ұстана отырып, ауданымыздың азаматы жеке кәсіпкер Тойчиев Хыдыр Султан Рабат елді мекенінен 20 млн теңгеге дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салды. Жалпы 0,17 га жерге салынған бұл нысанда жабық футбол алаңы, үстел теннисі мен тренажер залдары бар. 
Былтырғы жылы ауданданымызда 314 спорт нысандары тіркелген, бұл көрсеткіш биылғы жылмен салыстырғанда 332 спорт нысанына артып отыр. Соның ішінде 13 спорт алаңшасы 5 мектеп жанындағы спортзалдар пайдалануға берілді.
Қазығұрт ауданының Алтынтөбе ауыл округі Қосағаш елді мекенінде жаңа көпір пайдалануға берілді. Бұл аудан көлемінде тәуесіздік жылдары салынған 8-ші автокөлік жүретін көпір.
Рас, біраз жылдардан бері орталықпен 1500 тұрғыны бар Қосағаш ауылын қосатын көпірдің болмауынан Қаржан өзенінен өту мұң болатын.
Міне, биыл сол көпір салудың сәті түсті. Облыстық бюджеттен 126,5 млн. теңге қаржы бөлініп, оны «Арсенал-Юг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, белгіленген мерзімде ел игілігіне ұсынып отыр. Көпір бүгінгі талапқа сай. Ұзындығы 90 метр, ені 8 метр. Түрлі көліктердің жайлы өтуіне жағдай жасалған.
Көпірдің ашылу салтанатына аудан әкімі Т.Телғараев қатысып, көпір салуға атсалысқан ауыл азаматтарына, құрылысшыларға алғысын білдірді.
Айта кеткен жөн, ауданның елді мекендер арасына алдағы 2020 жылға дейін тағы 4 көпір салу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл автокөлік жүретін көпірлер салынатын болса, онда аудан көлемінде көпірлер саны 28-ге жететін болады.
 

 

Тәуелсіздікке ие болған жиырма бес жыл ішінде республика Президентінің жетекшілігімен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмыл-дырды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сыртқы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. 
Міне, сондықтан да әлемнің саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы және бүкіл халық-аралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық, өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде таниды.
БүгінАрыс қаласыныңмәдениет үйінде «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. 
Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиында қала әкімі Мұрат Болатұлы Қадырбек қала халқын айтулы мерекемен құттықтады. 
Жиынға әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, партия өкілдері, дін және зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың өкілдері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
300-ге жуық көрермендер қатысқан «Елін сүйген-Елбасы, елі сүйген-Елбасы» тақырыбында өткен салтанатты шарада мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер өнерлерін көрсетті.
 

 

Тұңғыш Президент күні мерекесін түркістандықтар ерекше әсермен атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік шара Түркістан қаласындағы сазды драма теарында ұйымдастырылған. Осы театр әртістері шара басталған соң шағын қойылым ұсынып, Елбасының ел билігіне кіріскенде жүрегіндегі аласапыран күйімен арпалысатын сәтін сахналады. Көрермендердің қызу қолдауына ие болған шағын көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды.Осылайша бастау алған мерекелік жиында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков пен қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылыққа ыстық лебіздерін жеткізді. Салтанатты жиында Елбасы жайында арнайы әзірленген фильм көрсетіліп, ұлт көшбасшысының әндері шырқалды. Айта кетейік, түркістандықтар мұның алдында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне орай «Түркістан және Елбасы» көрмесінің ашылу салтанатын өткізген болатын. Көрме экспозициясында қорық-мұражай қорынан мерекелі күннің маңызын аша түсетін 50-ден астам жәдігерлер қойылған. Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев барша жұртты ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. «Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалатын ғаламат жобалар 25 жылда жүзеге асты. Халық пен мемлекет алдында осындай толағай тірлік атқарған Президент күнін атап өту сіздер мен біздер үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе деп есептеймін. Елбасымыз ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы армандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, мемлекет басшысың тарих үшін қысқа мерзімде Қазақстанның жаңа астанасын салып, шығыс пен батыстың мәдениетін үйлестірген бірегей орталыққа айналдырды. Орайы келгенде айта кетерлігі, Елбасы мен Түркістанды егіз ұғым дер едік. Өйткені «Қазақстанның рухани орталығы» деп, мемлекет басшысының өзі атап өткендей Түркістан қаласы Президентіміздің назарынан бір сәтке де тыс қалған емес. Осы Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасымыз Түркістанға 13 рет келіп, 6 мемлекеттің Президенттерін Түркістанда қабылдады. Әрдайым өңіріміздің қасиетін тілге тиек етіп, Түркістанды түлетуге деген ықыласы ерекше. Соның нәтижесінде Тәуелсіздігімізбен қатар бой көтерген Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті бүгінде Түркістанды түркі әлемінің білім орталықтарының біріне айналдырды»,-деп атап өтті қала әкімі өз құттықтауында.
Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Мәдениет сарайында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және 1 желтоқсан - ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекенің мәні мен маңызын ашу, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын насихаттау мақсатында қойылған көрмеге тұлғаның кітаптары, Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған жаңа жинақтар да қойылған. Ұйымдастырушылар оқырмандарға егемендігіміздің ширек ғасыры ішіндегі жетістіктермен қатар Елбасының әлем елдеріне жасаған жұмыс сапарлары кезінде сөйлеген сөздерімен де танысуға мүмкіндік беріп отыр. Мереке күні оқырмандарға ұсынылған көрменің ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, көпшілікті ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында атап өтіп отырған 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімі «Елбасының дана саясатының арқасында Астананың арқа төсіне қоныс аударуы мемлекетіміздің тұтастығын нығайтты. Осының арқасында миллиондаған отандасымыз болашақтың қандай болатынын көз алдарына әкеліп, сол жарқын болашақ үшін тынбай еңбек ету қажеттігін түсініп, ортақ іске құлшынды» деп атап өтіп, ҚР тұңғыш Президенті өзінің жас та тәуелсіз елін әлем алдында зор абырой мен беделге ие, жүзі жарқын, еңсесі тік мемлекетке айналдырғандығын жеткізді.