19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Оңтүстік Қазақстан облысымен бірлескен жобалары аясында бастаған шеберлік сабағын аяқтап, оқу курсынан өткен дәрігерлерге арнайы сертификаттарын табыстады.
Делегация құрамын бастап келген TIKA төрағасының орынбасары Мехмед Сурейа Эр, ең алдымен, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесіп, шеберлік сабағының оң нәтижелі боларына сенім білдірді.
Оңтүстік Қазақстанға алғаш рет аяқ басқан мәртебелі мейман Мехмед Сурейа Эр аймақ басшысын 2017 жылы Түркістан қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануымен құттықтап, өзі қызмет ететін ұйымның алдағы уақыттарда Оңтүстікте іске асырғысы келетін туризм, білім беру салаларындағы жобалар ретімен бөлісті.  
Мұнан соң, облыс әкімі Ж.Түймебаев пен Мехмед Сурейа Эр облыстық балалар клиникалық ауруханасының халықаралық технологиялар орталығының базасында  «Ана мен бала денсаулығын сақтау» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шеберлік сабағына қатысқан 56 медицина қызметкеріне арнайы сертификат табыстап, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Еске салайық, 2-4 желтоқсан күндері Түркияның медицина саласындағы білікті дәрігерлері Дерья Буйуккайкан, Илке Мункан Акын және Айлин Ардагил Акчакая облыстағы 56 медицина қызметкеріне тәжірибе алмасу семинарын өткізген болатын. Атап айтқанда, облыстағы балалар мен босанатын әйелдерге медициналық көмек беру қызметінің 36 дәрігері мен 20 орта медицина қызметкеріне – неонатологтарға, офтальмологтарға, педиатрларға, акушер мамандарға, неонатальдық мейірбикелерге теориялық және практикалық дәрістер өтті. Семинар нәтижесі бойынша емтихан тапсырған мамандардың 4-і жоғары балл жинап, тест сұрақтарына 90-100 пайызға дұрыс жауап берген.      
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл санап нәрестелер өлімі азайып келеді. Облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ә.Маймақовтың мәліметінше, өткен жылы өңірімізде 12 бала өлімі тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 11-ге төмендеген. Республикалық деңгейге шаққанда, былтыр аймағымыз бала өлімінің көптігі жөнінен елімізде үшінші орында болса, тиісті нәтижеге қол жеткізілгеннен кейін алтыншы орынға тұрақтады.  
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірімізде өтіп жатқан «Бірлігіміз жарасқан-Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысын тамашалады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай, ұйымдастырылған аламан айтыста елдің белесті жиырма бес жыл ішіндегі толағай табыстары мен жетістіктері әдемі ұйқастарқа құрылып, көтерілген келелі мәселелер, қыз бен жігіттің әзіл айтысы айтыс сүйер көрерменге айрықша көңіл-күй, рухани серпіліс сыйлады.
Азулы ақындардың кешегі тартысынан – І кезеңінен ақтық аламанға суырылып шыққан 5 жұп, яғни, 10 ақын – Қажымұқан Абзалов (ОҚО) пен Қанат Мырзахан (Жамбыл облысы), Жандарбек Наушабеков (ОҚО) пен Арзыгүл Қайымбекқызы (Қытай Халық Республикасы), Анар Жаппарқұлова (ОҚО) мен Сырым Әуесхан (Астана қаласы), Нұрлыбек Мейірманов (ОҚО) пен Тұрар Тілеулиев (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО) пен Жандарбек Бұлғақовтар (Астана қаласы) әдемі айтыс жасап, көрерменнің делебезін қоздырды.   
Аламан доданың марапаттау рәсімінде сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев облысымыздағы мәдениет саласына қатысты атқарылған жұмыстардың барысын баяндай келе қазақтың төл өнері – айтыстың алаштың баласы үшін орны бөлек екенін жеткізді.  
«Айтыс өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілуі Қазақ елі үшін үлкен мәртебе. Осындай баға жетпес, теңдесі жоқ сөз сайысы біздің Оңтүстікте жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Міне, бүгінгі өткізіліп отырған республикалық ақындар айтысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз елімізде мәдениеттің, ұлттық өнеріміз бен дәстүр-салттарымыздың өсіп-өркендеуін үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Бүгінгі өткізіліп жатқан ақындар айтысы осының айғағы», - деді Ж.Түймебаев.
Мұнан соң, екі күнге ұласқан жыр додасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Атап айтқанда, аламан айтыстың бас жүлдесін оңтүстікқазақстандық Анар Жаппарқұлова ұтып алып, жеңімпазға Renault Sandero джипі табыс етілді. Жүлделі І орынға астаналық Жандарбек Бұлғақов лайықты деп танылып, оған Lada Granta теміртұлпары сыйланса, ІІ орын Оңтүстіктің намысын қорғаған Тұрар Тілеулиевке бұйырып, Nexia Sohc жеңіл көлігінің кілті табыс етілді. Ал жүлделі ІІІ орынды Қажымұқан Абзалов (ОҚО) иеленіп, оған 1,5 млн. теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.
Жексенбі, 04 Желтоқсан 2016 17:17

АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шардараның «Алтын күз» мерекесі де осы күндері тойланды. Шаруа шаттанып, дихан рухани күш-қуат алған мерекеде сан саланың үздіктері марапатталып, ширек ғасырда жеткен жетістіктер мақтанышпен айтылды. Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Ауыл шаруашылығындағы қолайсыздықтарға, егістік алқабын қаптаған зиянкестердің шабуылына қарамастан, шардаралықтар жиын-терім науқанын табысты аяқтады. Табанды еңбек, талапты кәсіп арқасында  тонна-тонна мақта жинап, «Сыбаға» бағдарламасын жүйелі орындағаны үшін  облыста үздіктер қатарынан көрінді. Өңір басшысының арнайы марапатына да ие болды. Егілген астық пен дәнді дақыл ысырап болмай, дер кезінде жиналып алынды.
Тұрсынқұл Байтұрғанов – Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы
Сөзі: Биыл әсіресе, Көксу және Алатау батыр ауыл округтері мақташылары және озық технологияларды, оның ішінде тамшылатып суғару әдісін ендіру арқылы Жаушықұм ауыл округіне қарасты «Иіржар Агро» ЖШС-і зор табыстарға қол жеткізді. Суармалы жер еліміздің алтын қоры, қазынасы. Ал, одан алынған өнім тек қана еңбектің арқасында екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Осының дәлелі ретінде жақында облыстық ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз – 2016» мерекесінде ауданымыз бақша өнімділігін арттыру бойынша аудандар арасында І орынды иеленіп, облыс әкімінің сертификаты мен алтын медальға қол жеткізді.
Аудандағы 5600-ге тарта шаруа қожалықтары 12 291 га жерге мақта егіп, 27,9 центнерден өнім алған. Бау-бақша өнімдері мен күріш өсіруде де жетістік жоғары. Топырағына түрен түспеген Қызылқұм мен Жаушықұм арасындағы жазық дала да игеріліп, жауһар белге айналды. Бұл жолда тынбай тер төккен еңбек адамдары мен  қаланың көркеюіне үлес қосқан азаматтар «Алтын күзде» марапатталды. 
Шолпан Елеубаева – Шардара ауданының тұрғыны
Сөзі: Осы мал дәрігері болып жұмыс істеп келе жатқаныма 15 жыл уақыт болды әйтеуір. Екі ұл, екі қыз перзентім бар. Осы еңбегімді ескеріп, елеп аудан басшыларына, Елбасымызға алғысымды айтамын. Осы тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын! Баршаңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Айшықты «Алтын күз» мерекесінің соңы сауық-сайранға ұласты. Аудан көркемөнерпаздары шаруа шаттығын еселеп, әсем ән, тәтті күйін орындады. Қаланың кешегісі мен бүгіні айтылып, тарих беттеріне есімдері алтын әріптермен жазылған азаматтардың істері үлгі етілді.
Облыстық балалар ауруханасына күні кеше Түркиядан бір топ дәрігер келді - деп хабарлайды Қазақстан-Шымкент телеарнасы. Білікті мамандар оңтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберлік дәрістерін өткізді. Шараға қатысқан жергілікті 50 дәрігер неонатология мен педиатрия, офтальмология салаларындағы, сондай-ақ, акушерлік істегі жаңашыл үрдістерге қанықты.
Дәрігерге бір біліктіліктен бөлек, шапшаңдық да қажет. Себебі, босанатын бөлмеде әртүрлі жағдайлар кездеседі. Қандай қиындықтар болса да, бар күш-жігерді сарп ету, оны жауапкершілікпен көтеру – тек ақ халаттыларға артылған жүк. Шеберлік дәрісінде түркиялық дәрігерлер жас нәрестеге, әсіресе, ауыр жағдайда шала туылғандарға замануи медициналық жедел көмек көрсету тәсілдерін түсіндірді. Симулияциялық манекендерге тәжірибе жасады.
Бұл шараның мақсаты - облыста нәрестелер мен балалардың өлім - жетімін төмендету бойынша дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Мұндай тәжірибе алмасу Облыстық балалар ауруханасында әр 3 ай сайын семинар ретінде өткізіліп тұрады. Оған еліміздің танымал медицина мамандары мен шетелдік қонақтар қатысады.  
Түркия елі бүгінде медицина саласы қарқынды дамыған, алдыңғы елдің қатарында. Айта кету керек, үш күндік дәріс кезінде ерекше көзге түсіп, арнайы сынақтан сүрінбей өткен бірқатар медицина қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді. Үздіктер Түркияда білімін жетілдіруге жолдама ұтып алды.
 

 

Түркістан қаласының теміржол вокзалына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы аялдады. Қасиетті өңір халқының алғысы мен құрметіне бөленген пойыз жолаушыларын түркістандықтар құшақ жая қарсы алды.
Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев және облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Төлеген бастаған қала халқы сән-салтанатымен күтіп алып ерекше ықыластарын жеткізді. Пойыз штабының жетекшісі Ә.Әлпейісов жергілікті тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. 
Өңірлердегі халықтың мәселелерін шешуді көздеген пойыз жолаушылары қоғамдық қабылдаулар өткізіп, қамкөңіл жандардың мұң-мұқтажын тыңдап, келелі кеңестер беріп, науқастар дертіне ем-дом жасады. 
Поезд делегаттарының қатысуымен Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп, онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды. Сондай-ақ, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Игі шара соңы қала жастарының «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы және қала өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концертке ұласты.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасында республикалық турнир болып өтті.
Спорттық шараны ұйымдастырушы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық ішкі саясат, денешынықтыру және спорт басқармалары, «Erniyaz media group» компаниясы, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы,  ҚР Журналистер одағының ОҚО филиалы.
Бүгінгі турнирге Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл, Қызылорда және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен жасақталған командалар қатысуда.
Биылғы журналистер бәсекесіне келген қаламгерлер ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өтіп жатыр. Сондықтан, бұл – маңызы зор іс-шара. Сондықтан бүгінгі іс-шара ұжымдық бірлікті нығайтып, әріптестік қарым-қабілетті нығайтуда маңызы зор деп санайтындығын айтты.
Елбасының спорттың бұқаралығын арттыру бағытында берген тапсырмасына орай, оңтүстікте дене шынықтыру және спортпен тұрақты шұғылданушылар саны жылдан жылға көбеюде.
Спортпен шұғылданушылардың жағдайын одан әрі жақсарту мақсатында жыл сайын облыс аумағында спорт нысандарымен қатар, қарапайым ойын алаңдары салынып, пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев  жарыста барлық командаларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі турнирге ойы ұшқыр, қимылы ширақ, салауаттылықты насихаттап жүрген республикамыздың журналистері жиналып отыр.  
Үнемі жаңалықты бірінші болып жеткізуге құмар жандардың спортта да бірінші болуға талпынатындары белгілі. Сондықтан, бүгінгі сайыста әрбір командаға сәттілік тілеймін деп ашты.
Ойын қорытындысы бойынша 1-орынды республикалық "Уақыт" газеті,
2-орынды ERNIYAZ media group командасы,
3-орынды  Қызылорда құрамасы иеленді.
Оңтүстікте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында иран этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні аталып өтті. 
Облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-да өткен іс-шарада ұлттық тағамдар және қолөнер бұйымдарының көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды. Ондағы Ираннан әкелінген ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарымен, жеті ыдысқа салынған жеті түрлі тағамның өзіндік мәнімен бірлестік мүшесі таныстырып өтті.Сонымен қатар ,келген қонақтарға бірлестіктің тыныс-тіршілігімен таныстырып шықты.
Облыстық ассамблея хатшылығының бас маманы Ұлжан Айтубаева барша қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, қоғамдық келісім мен тұрақтылық – біздің басты ұстанымымыз болуы тиіс екендігін айтып өтті.
Өз кезегінде облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нұрысбек Капар-Пур Қазақстанда әрбір этностың өз тілі мен мәдениетін сақтауына және дамытуына барлық жағдай жасалғанына ризашылығын білдірді. 
Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласып, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.
Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 5 мыңға жуық иран этносының өкілдері тұрады. Облыста 1997 жылы ашылған иран этномәдени бірлестігі ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытында өңірде атқарылған барлық кешенді іс-шаралардың жанынан табылып келеді.
Оңтүстік Қазақстанда «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаты» тақырыбында мәжіліс өтті. 
Жиынға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдары басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, діни конфессиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ұйымдарының басшылары қатысты. Сонымен қатар, семинар жұмысын бейнеселектр арқылы қала және аудан әкімдері, мектеп директорлары мен бас дәрігерлер, жастар мен қоғам өкілдері, барлығы 1200-ден аса адам көре алды. 
Мәжіліске төрағалық еткен Ж.Түймебаев Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесіне баса назар аударылғанын айтып, бүгінгі талқыланатын - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басты тақырыптың өзектілігіне тоқталды.  
«Жемқорлықтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Осыған орай, жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жою, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі қоғамның ең басты мәселесі. Мемлекетіміздің қозғаушы күші кәсіби мемлекеттік аппарат, яғни мемлекеттік қызметшілер болып табылады. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау аса маңызды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа алып баратын жол қарапайым әдеп нормаларын сақтамаудан туындайтынын атап өткен жөн», - деді Ж.Түймебаев.
Мұнан соң, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған облыстағы Әдеп жөніндегі уәкіл Әмірдин Әлішев сөз сөйлеп, өңірімізде осы бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Айтуынша, уәкілдік құрылған уақыттан бері 68 мемлекеттік қызметші мен басқа да азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын көтеріп, жауаптар алса, Кентау және Қазығұрт ауданынан түскен 2 арыз Әдеп кеңесінің қарауына жолданып, бір мемлекеттік қызметшіге «қызметіне толық сай еместігі туралы» тәртіптік шара көрілген. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 7 адам хабарласып, мемлекеттік қызметшілермен шешімін тапқан. 
Сонымен бірге, отырыста Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев баяндама жасады. Агенттік атынан жасалған мәліметтерде елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының жүзеге асырылу аспектілері ғана емес, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық жинақты ендіру нәтижелері тыңдалды. 
«Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымының үш жылда бір жүргізетін «Әлемдік жемқорлықтың барометрі» зерттеу нәтижелері Қазақстанда  жемқорлықпен күресте оң өзгерістердің байқалып, пара берген азаматтардың саны азайып келе жатқанын көрсеткен. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған нәтижелі жүйелі жұмыстың бар екенін тағы да дәлелдейді», - деді А.Шпекбаев. 
Төраға орынбасары, сондай-ақ, Оңтүстіктегі білім беру, денсаулық сақтау және жер қатынастары салаларында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың азаймай отырғанын мәлімдеп, Агенттіктің облыстағы департаментіне, Ұлттық бюроға аты аталған сала жетекшілігінің жұмысын Әдеп жөніндегі уәкілдікте қарау тапсырылғанын жеткізді. 
Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыс әкімі осынау маңызды іс-шара үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаевқа алғысын білдіріп, отырыс барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың барлығы назарға алынып, олар бойынша тиісті шешім қабылданатын хабарлады. 
Сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері бойынша өңіріміздің республикада 8-орында екенін атап өткен аймақ басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы түзеліп, оңалғанда аталған олқылықтардың азаятынын жеткізді. 
«Оңтүстік өңірі үшін бизнес бастап, ауыл шаруашылығын дамыту маңызды шаруа. Сондықтан, облыста кәсіп бастаймын деген азаматқа құжат рәсімдеуде әкімшілік жағынан ешбір кедергі болмауы тиіс. Ал бұл тапсырмаларды орындамаған кез келген құрылым басшысына кешірім жоқ екенін ескертемін. Сондықтан, жемқорлықтың алдын аламыз десек, еліміздің көркейіп, ондағы халық тұрмысының көтерілуіне бірлесіп қызмет етейік», - деді аймақ басшысы. 
 
Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.
Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.
«Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген.
Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіру.
Сонымен қатар, компания жұмысының траспаренттілігін арттыру мақсатында  электронды құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.
 
 
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан»  пойызы Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын Түлкібас станциясына аялдады.
Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған аудан халқы ерекше ықыласпен қарсы алды.
Онда штаб жетекшісі жергілікті тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады. 
Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша  қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеңес берілді. 
Поезд делегаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» атты дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп,  онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды. 
Акция барысында халықаралық «Батыс Европа-Батыс Қытай» күре жол бойына қойылған қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне делегаттардың қатысуымен гүл шоқтарын  қою рәсімі, Түлкібас аудандық Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Осы күні Түлкібас поселкелік  емханада 147 тұрғын жетекші дәрігерлердің қабылдауында болса, «Тәуелсіз Қазақстан»  пойызының штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Тағылымы мол игі шарада аудан жастары «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы, аудан өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.