19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 6 желтоқсан - Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Мерейлі отырысқа облыс əкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, облыс прокуроры И.Иманов пен осы салада еңбек еткен ардагерлер қатысты.

Ел Егемендігінің 25 жылдық мерейтойымен қоса, биыл ҚР Прокуратурасына да ширек ғасыр толып отыр. Бүгін осы жылдар ішінде міндеттерін адал атқарып, қызметінде жоғары нəтижелерге жеткен 100-ден астам сала қызметкерлері алғысқа бөленіп, "ҚР прокуратурасына 25 жыл" мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы сыныптық шендер берілді.  

Жиында сөз алған өңір басшысы барша құқық қорғау органдарын қос мерейлі мерекемен құттықтап, облыстық прокуратура қызметкерлерінің өңіріміздегі құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттерін ойдағыдай атқарып келе жатқанын жеткізді.

«Ибраһим Әлжанұлы, Сіздің бастамаңызбен бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Олардың бірі - халыққа қолжетімді «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» әзірленіп, интернет желісінде Шымкент қаласының картасы орналастырылды. Сондай-ақ, «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою», «Қауіпсіз қала –Шымкент», «Мал ұрлығына тосқауыл» жобалары бойынша да жергілікті әкімдер мен тиісті басқарма басшылары бірлесе жұмыс жүргізуде. Аталған реформалардың сәтті жүзеге асуы - еліміздің жемісті дамуына оң ықпалы болары сөзсіз», - деді Ж.Түймебаев.

Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы аталған салада 300-ден прокурор қызмет етеді. Ширек ғасырлық тарихы бар аталған құқық қорғау саласының ұйытқы болуымен түрлі қылмыстар ашылып, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгінгі таңда облыстық прокуратурада 12 жоба аясында нақты іс шаралар жоспарлары жасалып, атқарылуда. Олардың қатарында «Алаяқсыз қоғам», «Қауіпсіз қала», «Жерлерді өз бетінше иелік етуді жою мен шешу жолдары» және тағы басқа мәселелер қамтылған.

Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары прокуратура органдарының құрылымдық бөлімшелері заманауи техникалармен, қызметтік ғимараттармен толықтай қамтамасыз етілді. Солардың қатарында оңтүстік өңірінде Арыс, Созақ аудандары мен Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық прокуратураларының ғимараттары салынды. Облыстық прокуратура мен бірқатар аудандық прокуратуралардың ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.
Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 21:30

ОҢТҮСТІКТЕ «ӘЖЕ ӘЛДИІ» ФОРУМЫ

«Әже әлдиі». Облыстық ардагерлер кеңесі мен «Ырыс алды - ынтымақ» қоғамдық форумы ұйымдастырған шара осы тақырыпта өрбіді. Форумның басты мақсаты - қазақ әжелерінің рөлін арттырып, өнегесін насихаттау арқылы ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын көтеру. Бабаларымыздың жақсы қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіріп, инабаттылық пен имандылыққа дәріптеуді көздегендер ауқымды шара аясында салиқалы ой саптады.
Алқалы мәжілісте алдымен, сөз алған әжелер алқасының төрайымы Үрзада Айтөреева  ұрпақ тәбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Облыстық әжелер алқасының атқарып отырған жұмысына есеп берді.
Қазақы ұрпақ тәрбиесінде қашан да әженің орны бөлек. Атқаратын рөлі айрықша. Жаңа түскен келінге де, ұрпақ жалғайтын ұлға да, қылықты қыздарына да қоғамның осы тобы ақылын аямаған. Өмірлік мәні бар жол сілтеп отырған. «Қазіргі буын да сондай асыл әжелеріміздің мейіріміне, айтар ақыл-кеңесіне зәру. Бірақ, Қазақтың өзіндік «жазылмаған дала заңдары» жайына қалып, ұлт ұлттық тәрбиеден алшақтай түсуде. Басқаша айтсақ, әркім өз білгенімен жүруде»-, дейді  форумға қатысушылар.
Бүгінде түстік өңірде 19 аудан-қалалық әжелер алқасы жұмыс істейді. Оларда 620 бастауыш ұйым белсенді еңбек етуде. Алға қойған мақсат-міндеттің үдесінен шығу үшін бекітілген жоспарлары да бар. Әжелер алқасы ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрпымыздың қайта жандануына үлес қосып жүр. «Әже –ұлттың ұйытқысы» атты байқау осыған дәлел. Бұл сыннан іріктелген ақжаулықтылар бүгінгі ақтық додада бақ сынады. Үмітін үкілеген «Достық» әжелер тобы - таңдаулы үміткерлердің сапында.
Өзіндік ұстанымы, ұлттық келбеті бар халық қана болашағына сенімді! Отансүйгіштік қайрат пен жігер жас ұрпақтың Мәңгілік ел болып қалыптасуына ықпал етпек.
 

 

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2017 жылдың ақпан айында күнгейде «Түркі әлемінің мәдени астанасы» бағдарламасының ашылу салтанаты басталып, жыл соңына дейін түрлі айдарлармен түркі әлеміне қатысты іс-шаралар өтеді. Солардың бірі наурыз айында барша түркі жұртшылығымен бірлескен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесін атауға болады.
Сонымен қатар, осы бағдарлама аясында түркі тілдес театрлар фестивалі, ТҮРКСОЙ-дың ХХ опералық фестивалі, түркі әлемінің кітап көрмесі мен мәдениет пен өнер универсиадасы және  Орта Азия  халықтарының қолонер фестивалі сынды көптеген халықаралық дәрежедегі  іс-шаралар да бар.
 Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы желтоқсан айының 1-2 күндері Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешімі қабылданған болатын. Баспасөз мәслихатында Түркістан қаласының әкімі Түркі әлемінің мәдени астанасының белгісін облыс әкіміне арнайы келіп табыстағанын жеткізді.
Жалпы ТҮРКСОЙ кеңесі өнер  мен  мәдениет саласындағы  тұлғаларды  дәріптеу  мақсатында  әр жылдарды  олардың  атымен  жариялай  отырып,  түрлі  мәдени  шараларды  тұрақты  өткізіп  отыруды  дәстүрге  айналдырған. 2012 жылдан  бастап  ТҮРКСОЙ түркі  әлемі  қалаларының  бірін  түркі  әлемінің  астанасы  деп  жариялап  келуде.  Кеңес ең  алғашқы мәдени 2012 жылды елордасы -  Астана  қаласына берсе,  2013  жылы  -  Эскишехир, 2014 жылы  - Қазан, 2015 жылы  - Мары,  2016 жылы  - Шеки  қалалары Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Ал 2017 жылы  - түркі  әлемінің  мәдени  астанасы – Түркістан  қаласына берілуін қоса есептегенде Қазақстан ТҮРКСОЙ – да  мәдени жыл эстафетасын екінші рет алып  отыр.
Киелі Түркістан қаласы үшін бұл эстафета үлкен қуаныш екенін айтқан қала басшысы бұл көне қаланың  халықаралық деңгейге көтерілу үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді. «Бұл  қалалар  бір  жыл  ғана  түркі  әлемінің  астанасы  болғанымен,  өзінің  түркі  әлемінде  алар орнын, маңыздылығын  мәңгілікке  қалдыруға  қол  жеткізеді. Аталған жылды аса жауапкершілікпен ұйымдастырып, шараларды тиісті деңгейде өткізуге бар күш жігерімізді салатын боламыз»,-деді Ә.Өсербаев.  
Мақтаралда спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар 73 424 адамды құрап отыр.
Мақтарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен спортшыларды марапаттау рәсімі болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың өзі қатысты.
«2016 жылы дене шынықтыру мен спортты дамытуға аудандық бюджеттен жалпы 328 млн. 779 мың теңге қаралған. 2016 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыны 100% игеру көзделуде» - дейді аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев. Оның айтуынша, ауданда мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелерінде 140 қызметкер жұмыс істесе, олардың 78-і спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар және аталған спорт мекемелерінде спорттың 16 түрі дамытылып, ондағы 157 топта 78 жаттықтырушы 2334 спортшымен жұмыс жүргізіп жатыр екен.
«Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 174 бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 34 518 адам қатысты. Оның ішінде ауылды жерлерде 143 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 28 168 адам қамтылған. Ағымдағы жылды ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 73 424 адамды құрап, аудандағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 23,9 пайызға жетіп отыр» - дейді бөлім басшысы. Сондай-ақ, биыл ауданымызда 790 спорт нысандары тіркелген екен (2015 жылдың қорытындысы – 782 спорт нысаны). Бүгінгі таңда, Республикалық бюджет есебінен Жетісай қаласында футбол және волейбол алаңдары салынып жатқанын да бөлім басшысы еске салды.
Жалпы, іс-шарада аудан әкімі Ғ.Исмаилов үздік спортшыларды және олардың жаттықтырушыларын марапаттап, келесі жылы бұл көрсеткіштерді көтеру керектігін қадап айтты. Айта кетейік, 2016 жылы Мақтарал ауданының спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 111 алтын, 118 күміс, 161 қола жүлделерге қол жеткізді. Ал, ҚР І лига командалары арасында «Мақтарал» футбол клубы 5 орынға (2015 жылы 8 орын) тұрақтаған.
 

 

Дүйсенбі, 05 Желтоқсан 2016 20:40

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

БүгінТүлкібас  ауданының  орталығы Т.Рысқұлов ауылында халыққа қажетті, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, ауыл арасындағы байланысты арттыру мақсатында Арыс өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.
Көпір салуға аудандық бюджеттен 8 млн 300 мың теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын мердігер «Жигита» жүргізіген. 
Сонымен қатар,  Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек ауылынан келетін оқушылар үшін қыр жотасына төмен түсу үшін баспалдақта ел игілігіне берілді.
Мұнан басқа, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байдланысты Шардара ауданында да  зәулім спорт кешені пайдалануға берілді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Тұрсынқұл Байтұрғанов тұрғындарға құттықтау сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ішінен спорт саңлақтары шығуын тіледі.
Спорт  кешені Шардара   қаласында   орын  тепкен.  Жалпы құны - 367 млн. теңге.  260 орындық.  Кешенде  спортшыларға  барлық жағдай жасалған. Жаңа қонысқа №2 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы келіп жайғасты. Мұнда жеткіншектер  бокс, рим күресі, таэквон-до сынды спорттың 9 түрі бойынша жаттығатын болады.
Спорт кешені ашылысымен-ақ алғашқы ойындар басталып кетті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыс кубогі үшін турнир өткізді. Тартысты өткен палуандар сайысына  10-ға жуық аудан -  қаланың  спортшылары  қатысты.
Жас палуандар сайысында Шардара ауданының спортшылары командалық есеп бойынша  І орынды жеңіп алды. ІІ  орынды Түркістан  қаласынан келген спортшылар еншілесе, ІІІ орын шымкенттіктерге тиді. Бабы мен бағы қатар шапқан жеңімпаздарға қаржылай  жүлде табыс етілді.      
 

 

Отырар ауданында жыл басында «Туған елге тағзым», «Онжылдықтар тоғысында» акцияларын бастау туралы аудандық ардагерлер кеңесі үндеу жолдаған болатын. Ауыл округтерін толығымен қамтыған шараға көптеген жаны жомарт, қолы ашық азаматтар атсалысып, ауданымызды көркейту жолындағы игілікті іске өз үлестерін қосты.
Бүгін осындай игі істің бірі Отырар ауданының Көкмардан ауылындаөз жалғасын тауып,  Қазақстан Республбикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына күтпеген тарту болды.
 Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтына дағдыландыру, бұқаралық спортты дамытуды мақсат тұтқан ауыл азаматтары көктемде білек сыбана кірісіп, күрес залының ірге тасын қалаған болатын.
Жұдырықтай жұмылған ауыл азаматтарының еңбегі бүгін өз жемісін беріп, күрес залының ашылу салтанаты өтті.
Күрес залының ашылу салтанатына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, барша көкмардандықтарды ширек ғасырлық егемендігіміздің мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан басшысы «Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халық денсаулығы, дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салтына соқпай кеткен емес. Елбасы Қазақстан халқының кемінде 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылдануы қажеттілігін ерекше атап өткен. Аудан көлемінде «Тәуелсіздікке тарту» акциясы аясында атқарылып жатқан игі істердің көптігі көңіл қуантатыны жасырын емес. Сол атқарылып жатқан қыруар жұмыстардын басы қасында жүрген ауыл азаматтарына айтар алғысымыз шексіз» деп, өз ойын түйіндеді. 
Салтанатты шараның лентасының қию құрметіне аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихаттың депутаты Құттыбек Нұрқұлов ие болды. Шара соңында игі істің бастамашысы Жұмабай Мырзакәрімұлы құттықтау лебізін білдірсе, ауыл ақсақалы Нұрмахан Тасболатов ақ батасын берді.
Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына 25 бірлік арнайы техника табысталды. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев берілген техникалармен аймақтағы автожолдарды күтіп ұстау жұмыстарын дер кезінде орындап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сапасының жақсаратынына сенім білдірді.
Атап айтқанда, бұл күні 2 бірлік автогрейдер, 1 бірлік «Урал» қар тазалағыш шнекороторы, аспалы қосалқы жабдықтарымен 4 бірлік МТЗ-82 тракторы, 2 бірлік «КамАЗ» жүк көлігі, 13 бірлік «Газель» маркалы жол жөндеу қызметінің жүк көлігі, 1 бірлік Жол таңбалау көлігі (разметочная машина «Газель»), 1 бірлік NISSAN TЕRANO (қызметтік көлік) және 1 бірлік НИВА - 21214 қызметтік көліктері берілді.
Жаңа техникаларды аралап көрген  аймақ басшысы өңіріміздегі барлық аудандарға берілетін техниканы қолдануда, әсіресе, қысқы мерзімде қауіпті саналатын Қазығұрт, Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарындағы асуларды үнемі назарда ұстап, қардан тазартып отыруды тапсырды.
Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына» қарасты 4 330 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бар. Бүгінге дейін кәсіпорынның балансында жалғыз ғана техника болып, тиісті жұмыстар қосалқы мердігерлерді тарту арқылы және жалдаумен жүргізілген болатын. 
Айта кету керек, 1991-1999 жылдар аралығында автомобиль жолдарының жағдайы көбінесе ағымдағы жөндеу жұмыстары есебінен күтіп ұсталған. Автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңартуға мүлдем қаражат бөлінбеген. Жалпы, 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теңге бөлініп, 9 176 шқ. жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 100 көпірдің жөндеу жұмыстары және 45 көпірдің құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, 2003 жылдан бері 70 шқ. жаңа жолдардың құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Десе де, әлемде орын алып жатқан экономикалық дағдарысқа қарамай, облыста экономиканың күретамыры болып саналатын жол инфрақұрылымын дамытуға коп көңіл бөлініп келеді. Тек биылғы жылдың өзінде – Тәуелсіздіктің 25 жылдығында облыста 305 нысанның құрылыс-жөндеу жұмыстарына 25 млрд. теңге бөлініп, 639 шқ. жол мен елді мекен көшелері қамтылды.  
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және әкімдіктің тиісті сала басшылары қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев таяуда Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Әзірбайжан мемлекетінің мәдениет министрінің арнайы сәлемдемесін, яғни   Түркі әлемінің мәдени астанасы белгісін табыстады.
Бұл өз кезегінде, Түркістан қаласының халықаралық деңгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтқан аймақ басшысы келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемінің басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім көне Түркістанның түркі әлемінде алар орны мен маңыздылығына тоқтала келе оны мәңгілікке қалдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей абыроймен өткізу қажеттігіне назар аударды.
Мәжілістің күн тәртібінде осы жылдың соңына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарының жағдайы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытының орындалуы және құрылысы жүргізілген коммуналдық мәселелер жайы қаралды.
Бірінші мәселе бойынша  баяндама жасаған облыстық  құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов  облыста  жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілетінін мәлімдеді.
Жиында мәлім болғандай, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ОҚО Қазақстан халқы  Ассамблеясының жаңа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі.  Сонымен қатар, 25 жылдық мерейтойға Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығында тоғызқабатты  №1,2  тұрғын үйлер мен тоғызқабатты жатақхана, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында бір пәтерлі 50 тұрғын үй және Түркістан қаласында 72 пәтерлі 9 қабатты екі үй мен 60 пәтерлі 5 қабатты екі үй, Түлкібас ауданында 32 және 64 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй тапсырлады. Және Мақтарал ауданында 125 орындық екі мектеп, Отырар, Төле би ауданындарында 6 спорт алаңшалары, басқада аудандарда білім ошақтары мен мәдениет нысандары  ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Әліқұлов осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен ауыз су және су бұру саласына 11,4 млрд. теңге бөлініп, 35 жобаның құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде 35 нысанның 9-ы  2017 жылға өтпелі болса, ал қалған 26 нысан кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, ол осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен газ құбырын тарту бойынша 13,2 млрд. теңге бөлініп, 34 нысанның құрылысы жүргізілсе, оның 25-і биыл ел игілігіне тапсырылатынын хабарлады.  
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұт биыл облыстық бюджет есебінен 305 нысанның немесе 638,8 шақырым жол мен 17 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Мәселен, осы жылы 603,9 шақырым жол, 60,8 шақырым аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі пайдалануға берілуі жоспарланса, оның 126 нысаны ел игілігіне берілген.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 562 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқанын бандаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова жобалардың 3 траншқа бөлінгенін хабарлады. Атап айтқанда, І және ІІ транш негізінде 84 жобаның 83-і аяқталса, ІІІ транш бойынша 457 жобаның 151-і аяқталған.    
Күн тәртібіндегі мәселелердің жайына қаныққан аймақ басшысы Ж.Түймебаев бірқатар салалар бойынша кемшіліктердің бар екеніне тоқталып, аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер жасады. Сондай-ақ, әкім салынып жатқан құрылыс  нысандарының сапасына назар аударуды және құрылыстың кестеге сай өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды жүктеді.
Жұмыстың жүйесіздігінен облыстағы салынған жолдар қайта бұзылып, газ, су құбырлары жүргізіліп жататындығын айтқан әкім алдағы уақытта жол мен көпір құрылысын салар алдында  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып іс-шара жоспарын бекітуді, ал елді мекендерге берілген көгілдір отынды әрбір абономентке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін арнайы жаспар дайындалу қажеттігін  міндеттеді.  Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті сала басшыларына нақты бірқатар жүктем елер міндеттеді.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес,  5 желтоқсан «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»  күніне арналады. Осыған байланысты, тынымсыз еңбек етіп, өз Отанының шынайы патриоты мен үлгілі отбасыларға ерекше тоқталып өтуді жөні көрдік.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен биыл үшiншi рет республика бойынша «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауын өткізу дәстүрге айналды.
Елбасы Жарлығымен бастау алған осынау ұлттық байқаудың мақсаты – бiр шаңырақ астында берекелi өмiр сүрудiң маңыздылығын арттыру, отбасылық өмiр салты, ата-аналық парыз, жауапкершiлiк сияқты ұғымдарды жұрт жадына сiңiру, әсiресе, жастарды тәрбиелеу, жарасымды отбасы құндылығын кеңiнен насихаттау болып табылады.
Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесiне арналған аталмыш конкурсқа өңiрiмiзден барлығы 30 отбасы қатысып, өз бақтарын сынады.
2014 жылы республикалық байқауда Түркiстан қаласының тұрғыны Елтай Бимаханбетұлының отбасы жеңiмпаз болып танылса, 2015 жылы Әбдiмұса Қуатбековтер отбасының мерейi үстем болды. 2016 жылы Қаратай Ошақбаевтың отбасы «жүзден жүйрiк» шығып, бiрiншi орынды жеңiп алды. Кентау қаласының құрметтi азаматы, 79 жастағы ақсақалдың әулетi бұл құрметке әбден лайық.
Ошақбаев Қаратай – қазақ әдебиетіне, тұрмыс-салт жырларына өлеңдер мен термелер, бата, нақыл, өсиет сөздер қосқан фольклортанушы.
Кентау қалалық Ақсақалдар алқасының беделді мүшесі. Сонымен қатар, «Батасы - бұлақ ардагерлер» сайысының жүлдегері. «Кешігіп келген көктем» атты жыр кітабының авторы. Зейнеткер, жеке кәсіпкер Қаратай Ошақбайұлы Кентау қаласының «Құрметті азаматы». Бүгінде ол 7 ұлдан 25 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр.
Осындай, Еліміздің абыройын асқақтатып, жастар үлгі тұтатын отбасылар саны артып, қатары толыға беруіне тілектеспіз.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес,  5 желтоқсан «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы»  күніне арналады. Осыған байланысты, тынымсыз еңбек етіп, өз Отанының шынайы патриоты мен үлгілі отбасыларға ерекше тоқталып өтуді жөні көрдік.
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен биыл үшiншi рет республика бойынша «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауын өткізу дәстүрге айналды.
Елбасы Жарлығымен бастау алған осынау ұлттық байқаудың мақсаты – бiр шаңырақ астында берекелi өмiр сүрудiң маңыздылығын арттыру, отбасылық өмiр салты, ата-аналық парыз, жауапкершiлiк сияқты ұғымдарды жұрт жадына сiңiру, әсiресе, жастарды тәрбиелеу, жарасымды отбасы құндылығын кеңiнен насихаттау болып табылады.
Ел тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесiне арналған аталмыш конкурсқа өңiрiмiзден барлығы 30 отбасы қатысып, өз бақтарын сынады.
2014 жылы республикалық байқауда Түркiстан қаласының тұрғыны Елтай Бимаханбетұлының отбасы жеңiмпаз болып танылса, 2015 жылы Әбдiмұса Қуатбековтер отбасының мерейi үстем болды. 2016 жылы Қаратай Ошақбаевтың отбасы «жүзден жүйрiк» шығып, бiрiншi орынды жеңiп алды. Кентау қаласының құрметтi азаматы, 79 жастағы ақсақалдың әулетi бұл құрметке әбден лайық.
Ошақбаев Қаратай – қазақ әдебиетіне, тұрмыс-салт жырларына өлеңдер мен термелер, бата, нақыл, өсиет сөздер қосқан фольклортанушы.
Кентау қалалық Ақсақалдар алқасының беделді мүшесі. Сонымен қатар, «Батасы - бұлақ ардагерлер» сайысының жүлдегері. «Кешігіп келген көктем» атты жыр кітабының авторы. Зейнеткер, жеке кәсіпкер Қаратай Ошақбайұлы Кентау қаласының «Құрметті азаматы». Бүгінде ол 7 ұлдан 25 немере мен 21 шөбере сүйіп отыр.
Осындай, Еліміздің абыройын асқақтатып, жастар үлгі тұтатын отбасылар саны артып, қатары толыға беруіне тілектеспіз.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәжілісінде қалаға қарасты төрт аудан әкімдігінің аудан аумақтарында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. 
      Әл-Фараби ауданы аумағында көп қабаттты үйлердің 400 ауласы орналасқан, ондағы 34 аула спорт алаңшасымен жабдықталған. Ағымдағы жылы аудан бойынша 16 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру үшін 232,6 млн. теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыстар «Мерей-LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары желтоқсанда аяқталады. Әл-Фараби ауданы бойынша, жыл басынан елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 124,3 млн.теңге бөлінген. Бұл туралы аудан әкімі Бауыржан Қалжановтың баяндамасында айтылды. 
      Абай ауданы аумағындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Аудан аумағында 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 53 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, құрылыс жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы қалалық бюджеттен 17 аулаға 230 млн. теңге қаржы бөлініп, конкурс жарияланған. Нәтижесінде 6 мердігер мекеме жеңімпаз болып, келісім-шарт түзілген. Конкурс қорытындысымен 41 млн. 400 мың тг. үнемделіп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.
– Аудан аумағына жаңадан қосылған Жаңаталап, Қызылжар елді мекендеріне осы жылы республикалық бюджеттен мемлекеттік «Жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы құрылыс жұмыстары басталды, – деді Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев. 
      Ал, Қаратау ауданы аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов айтып берді. Қаратау ауданы бойынша санитарлық тазалау жұмыстары мен абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 2016 жылы 171 044,51 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда аудан бойынша 17416 м3 күл-қоқыс шығарылып, 93 км ирригациялық жұйелер тазаланды. 12 129 дана ағаш түбі әктелді., 4005 дана ағаштарды санитарлық қырқу жұмыстары жүргізіліп, 2 177700 ш.м аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылды. Қаратау ауданы бойынша шағынаудандар мен тұрғын алабтардың негізгі көшелері бойында ұзындығы 61 шақырымға жуық аяқжолдар салынды. Биылғы жылы "Достық" ш/а, "Бозарық" ш/а, "Ақжайық" ш/а, "Тассай" т/а және "Қайтпас" шағынаудандарында жалпы ұзындығы 35,75 шақырым ирригациялық арықтар бекітілген жобаға сәйкес орнатылды.
      Өз кезегінде Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов аудан аумағындағы атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Тарқатып айтар болсақ, аудан аумағында 630 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Олардың ішінде 460 көпқабатты тұрғын үй аулаларына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінен қазіргі таңда абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстарын жүргізуге 235 млн. теңге бөлініп, 22 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 33197 мың теңге бөлініп, Қаратөбе тұрғын алабы, Қапал батыр көшесі бойында орналасқан екі қабатты 5 үй аулаларына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату және Панфилов, Құрбаната көшелерінің бойын абаттандыру (аяқ жол салу) жұмыстары «Жедел құрылыс» ЖШС-і тарапынан жүргізіліп жатыр.