19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Оңтүстік Қазақстанда «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫМЕН БІРГЕ  25 ЖЫЛ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысына 26 мемлекеттен 120-дан астам белгілі ғалымдар, сондай-ақ, қазақстандық 30 университеттің ғалымдары бас қосты. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. 
«Мәңгілік ел идеясының мәні мен мазмұнын жастарымыздың санасына сіңіре отырып, олардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отаншылдық сезімді, жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру біздің басты міндетіміз болып табылады. Мәселен, елімізде жыл сайын «Болашақ» бағдарламасы бойынша үш мыңнан астам жас шетелге білім алуға жіберілуде. Бұл мемлекеттің жас мамандарға жасап жатқан үлкен қамқорлығы деп білемін. Сондықтан шетелде, не болмаса, өзімізде білім алған білікті мамандар отанымыздың, оның ішінде Оңтүстік өңірінің өркендеп, дамуына атсалысулары керек. Бұл ретте, жас ғалымдардың дуальді оқу жүйесімен білім алуы маңызды», - деді аймақ басшысы.  
Конференцияда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы ҚР Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі, Тәуелсіз Қазақстан мұраты - «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру, «Қазақстан -2050» стратегиясы – Қазақстанның әлеуметтік-азаматтық жүйесін жүзеге асырудағы жаңа саяси бағыт, Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы тенологиялар мен техникалық дамудың өзекті мәселелері сынды тақырыптар талқыланды. 
Халықаралық кездесу барысында аймақ басшысы аталған оқу орнының серіктестері болып табылатын “KARLSKRONA LC AB” ЖШС-нің бас директоры Уалихан Ахметов пен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіровке еліміздің инжеренлік саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстанның құрметті инженері» төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, жиында металлургия саласында үш ғылыми жаңалық ашқан техника ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Исламқұловқа Ғылыми жаңалықтар мен  өнертабыстар халықаралық академиясы президенітінің атынан дипломдар берілді.  
Мұнан бөлек, жиында дүниежүзілік ғылыми ортаға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының, жаңадан танылған ғылыми ашылымдары таныстырылды. Атап айтқанда, алғаш рет Ұлы жібек жолының сауда-экономикалық негізгі орталықтарының бірі болып табылатын Отырар алқабындағы Ежелгі Қаңлы мемлекеті дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің (Бесіншітөбе, Пышақшытөбе қалашықтары және Алтынтөбе қорымы) жәдігерлері таныстырылып, тұңғыш рет Қазақстан-Ресей мұрағат қорынан алынған ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысының жаңа құпия құжаттары арнайы көрмеге қойылды. Сондай-ақ, әлемдік маңызы бар ғылыми ашылымдар реті тыңдалды. 
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.
Жаңа ғимараттардың ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімі Əуелхан Тұрғынбеков барша тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтап, облыс басшысы Ж.Түймебаевтың ізгі тілегін жеткізді. Жергілікті халықтың қуанышымен бөліскен аудан əкімі мұндай игі шараның Тәуелсіздіктің арқасында мүмкін болғанын айтып, осынау қастерлі бақты мәңгіге бірлесе сақтауға шақырды. 
Осы күні ең алдымен, Т.Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі ел игілігіне берілді. Республикалық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйіне 75 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалған. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Нұрлысан» ЖШС-і жүргізді. Төрт мыңнан астам халқы бар ауылдық округ тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады. Елді мекенде әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.
Сонымен қатар, аталған ауылда күрделі жөндеуден өткен əкімдіктің ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты əкімдік нысанының тиісті жұмыстарына жергілікті бюджеттен 84 млн. теңге бөлінген. Жұмыс жасауға барлық жағдай жасалған əкімдікте 14 азамат еңбек етеді. 
Мұнан бөлек, Тəуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде ауданда жаңа мектеп салтанатты түрде ашылды. Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылында халық санының өсуіне орай жаңа мектептің қажеттігіне байланысты «Жанкент» шағын ауданындағы 600 орындық жаңа мектептің құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. 3 қабатты білім ошағының қаржы көзі облыстық бюджеттен. Жалпы сметалық құны 669  млн. 500  мың теңге. Ауылдық округте 4 мектеп орналасқан. Халық саны 18902 құрайды. 
Биылғы жылы аталған елді мекенде 280 орындық  балабақша, 96 пәтерлі 2  тұрғын үй, 1 спорт кешенінің құрылысы жүріп, ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, округтің орталық көшесі абаттандырылып, жаңа шағын ауданға инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.
 Жалпы, Түлкібас ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 20 нысанның құрылысы жүріп, жыл соңына дейін ел игілігіне берілмек.
Егемендігімізді алған жылдардан бері Түлкібаста 157 нысанның  құрылыс жұмыстары жүргізіліп, аудан халқының саны 26 мың адамға өсті. Ширек ғасырда 25 мектеп, 2 бала бақша салынып, 31 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, мәдениет саласында 9 нысан күрделі жөндеуден өтіп, 2 нысан жаңадан салынды. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ауданның жеткен жетістіктерінің бір парасы ғана.
Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін аралап, танысу барысында айтты.  
Жоғары оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына қанық болған әкім ондағы білім беру-ақпараттық және электронды ресурстық орталығы мен түрлі зертханалық бөлімдерді аралады. Атап айтқанда, университеттің құрылыс материалдары, өсімдік шаруашылығы, тігін цехы, мұнай-газ салаларына қатысты бірқатар орталықтарын көріп, студенттермен және оқытушылармен тілдесті.    
Ғалымдар тобымен болған өңір басшысы жоғары оқу орнының ректоры Ж.Мырхалықовқа жүйелі жұмыс жүргізуде бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, әкім М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары облыстағы өндіріс орындарында жаңа инновациялық технологияларды ендіру бағытында жұмыс істеп, жергілікті тауарларды шығару арқылы өңір экономикасын дамыту керектігін айтты. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда шығатын табиғи құрылыс материалдарының каталогын жасап, оларды жергілікті құрылыста кеңінен пайдалану мәселесіне атсалысу мен светодиодтардың түрлерін шығаруды ойластыру жайын нұсқады. Болашақта Шымкент қаласында ұйымдастырылатын ашық мұражай байқауына аталған оқу орнының ұжымы мен студенттерін белсенді қатысуға шақырған облыс әкімі бірлескен жұмыстар арқылы өңірімізді көркейту керектігіне тоқталды.
Сонымен бірге, оқу орнын аралау кезінде аймақ басшысы Ж.Түймебаев университеттің «Жеңіл тамақ өнеркәсібі», «Педагогика және өнер» факультеттерінде білім алып жүрген болашақ тігіншілермен, дизайнерлермен тілдесіп, ұлттық нақыштағы киімдердің тек мерекелік кештерге арналғанын ғана емес, күнделікті тұрмыста киюге болатын түрлерін тігуді ұсынды. Қазақ ұлттық киімдерінің маусымдық түрлеріне де назар аудару қажеттігіне тоқталған аймақ басшысы киім-кешектерді өткізу мен тапсырыс беру мәселесінде әкімдік тарапынан барынша қолдаулардың болатынын жеткізді.   
М.Әуезов атындағы ОҚМУ 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Мұнда 81 мамандық бойынша күндізгі және сыртқы оқу түрлерінде 20 мыңға жуық студент оқиды.  Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысуда. Олардың ішінде 2 Ұлттық ғылым академиясының академигі, 117 ғылым докторлары мен профессорлар, 500-ге жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етеді.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі ҚР Ұлттық гвардиясының 6506 әскери бөлімінде болып, аталған бөлімнің жеке құрамы мен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлерінің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік жиынына қатысты.
Бөлімшенің жауынгерлік қызметтік өмір салтымен танысып, әкімдікпен екі жақты ынтымақтастық бағытын айқындау мақсатымен барған аймақ басшысы барша қатысушыларды Егемендік тойымен құттықтап, оларды еліміздің дамуына бірлесе атсалысуға шақырды.
«Бұл мереке 25 жыл ішінде Қазақстанды әлемге танытып, бүкіл дүние жүзінің алпауыт елдерімен тереземізді тең ұстатқан мейрам. Осынау ширек ғасыр ішінде Қазақстан БҰҰ-на мүшесі болды, әлемнің 120-дан аса елінде дипломатиялық өкілдіктеріміз ашылып, барлығымен тең дәрежеде қарым-қатынас орнады. Өзіміздің ұлттық қорғанысымыз, ішкі істеріміз, ұлттық гвардиямыз қалыптасты. Өз шекарамызды,  тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қорғайтын осындай деңгейге жеттік. Бұл салада Сіздердің де атқарған үлестеріңіз мол. Осы кезең ішінде ішкі істер қызметкерлері, әскерлері, ұлттық гвардия еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауда, тұрақтылықты нығайтуда әрқашан алдыңғы сапта бола білді», - Ж.Түймебаев.
Мұнан соң, аймақ басшысы ұлттық гвардия мен ішкі істер саласында үздік қызмет еткен 15 азаматты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, қызметіне сәттілік тіледі. Ал мерекелік шара барысы гарнизондық саптық жиынның салтанатты маршымен ұласты.   
Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 20:02

ТЕРІСКЕЙДЕ «ШҰҒЫЛА» БӨБЕКЖАЙЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Теріскейде тағы бір жаңа балабақша ашылды. Созақ ауданыныңорталығы Шолаққорған ауылында жеке кәсіпкер Б. Досаев 75 орындық «Шұғыла» балабақшасын ашты. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: «Созақ аудан білім беру саласына көп көңіл бөліп келеді. Заман талабына сай соғылған бұл ғимарат ел игілігіне қызмет ететін болады. Тәуелсіздік мерекесіне тарту болған балабақшаның ашылуы құтты болсын» деп барша жиналған қауымды құттықтады.
350 шаршы метр аумақты алып жатқан балабақша ғимараты заман талабына лайықталып, бүлдіршіндердің жас ерекшелігіне сай жабдықталған. Ойын бөлмесі, жатын бөлме, медициналық кабинетпен қамтылған. Жеке кәсіпкер Б. Досаев: «Заман талабына сай оқу және тәрибе жұмыстарына жаңаша көңіл бөлініп отыр. Мектепе дейінгі балаларға қоғамдық тәрбие беру мақсатында бөбекжай аштық. 75 орындық балабақшада 22 адамды жұмыспен қамтып отырмыз»- дейді.
Айта кету керек Созақ ауданында мемелекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 86,3 пайызды құрап отыр. Жалпы, Созақ ауданы бойынша 36мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде 3525 бала, оның ішінде 11 мектеп жанындағы шағын орталықта 420 бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі «Балапан» бағдарламасы бойынша – 84,5% құрады.
Ауданда 13469 оқушыны қамтыған 35 мектеп  жұмыс істейді. Ауданның барлық мектебінде телефон орнатылып, Интернет жүйесіне қосылған. Мектептер 1389 бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 9 оқушыдан келеді.
 

 

Екі күнге жалғасатын шарада өңірдегі жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларының 70-тен астам кәсіпорындарының отандық өнімдері қойылды. 
Отандық тауар өндірушілер көрмесіне облыс әкімі Ж.Түймебаев және «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» атты шарасына қатысушылар - ҚР Парламенті депутаттары, орталық органдар мен ұлттық компаниялар, мәдениет қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша қатысушыларды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, ширек ғасырда өңірдің жеткен жетістіктерін баян етті.
«Жалпы, әлемдік дамудың күрделі кезеңдеріне қарамастан, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендікпен жүргізіп жатқан дана саясаты арқасында, тарихы қысқа мерзімде еліміз әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамып, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді.  Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктері де орасан.  Мәселен, 25 жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 1,5 млрд.теңгеден 2,5 трлн. теңгеге дейін өссе, ондағы өнеркәсіптің үлесі 15 пайыздан 28 пайызға дейін артты. Осы қарқын ағымдағы жылы да сақталып, 10 айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 643,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы өнеркәсіп өнімдерін  өндіруде өсу қарқыны бойынша республикада 3-ші орынды иеленген. Сондай-ақ, облыста тоқыма, мұнай өңдеу, машина жасау, фармацевтика, медициналық құрылғылар жасап шығару, құрылыс материалдары және басқа да саларда жаңа өнім түрлерін өндіру қолға алынған.
Бүгінгі көрменің маңызы ерекше. Мұнда облыс тауар өндірушілерінің жетістіктері паш етіліп, тұтынушылар мен өндірушілер арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік тумақ.
Көрмеде  әлемдік стандарттарға сай  келетін кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері,  трансформаторлар, су сорғылары, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері сынды облыстың тауар өндірушілері өз өнімдерін жұрт назарына ұсынуда.
Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2016 00:00

1608 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

Оңтүстік" қаржы орталығы төменгі пайызбен 1608 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ОҢТҮСТІК» АИО төрағасы Арман Данаев есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру мақсатында құрылған "Ашық әкімдік" жобасына сай мәлімдеді деп хабарлайды rgmedia.kz сайты. Оның айтуынша, жалпы сомасы 5 429,9 млн. теңге болатын 4 114 азамат жұмыс орны ашылатын 1 608 жоба қаржыландырылды. Аталған жобалар іске қосылған уақытта жыл сайын 23 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Олар ауылшаруашылығы өнімдері, трактор, жиһаз, құрылыс заттары және т.б.

Яғни, орталық индустриаландыру картасына енген 6 жоба, мал шаруашылығын дамыту бағытында 661, көктемгі дала жұмыстары бойынша 839, интенсивті бау шаруашылығы бойынша 2 жоба, ал ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша 3 жоба және басқа да бағыттарда 97 жобаға қаржылай қолдау көрсеткен.

«Жалпы 2009-2016 жылдары «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымы бірлесе отырып жалпы құны 41 889 млн. теңгені құрайтын 13 921 жобаны қаржыландырды. Нәтижесінде 36 419 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2016 жылы орталық қаржыландырған жобаларының аудан, қала кесіндісі бойынша қазіргі таңда Ордабасы ауданы ең жоғарғы көрсеткішпен тіркеліп отыр. Яғни биыл аталған ауданда 1 214,0 млн. теңгеге 126 жоба несиелендірілген.

Сондай-ақ, компания басшылығы алдағы жылға өз алдына бірқатар міндеттемелер мен жоспарлар қойып отырғандығын мәлім етті. Айтылған деректер бойынша, орталық қосымша екі жаңа бағдарлама әзірлеп ұсынуды жоспарлауда. Олар ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және бизнес инкубатор бағдарламалары. Оған қоса еңбек өнімділігінің сапасын арттыру мақсатында e-stable электронды платформасын ендіру.

Сонымен қатар, компания жұмысының траспаренттілігін арттыру мақсатында  электронды құжат айналымы жүйесін ендіру сияқты біршама жоспарлары бар.

Сейсенбі, 06 Желтоқсан 2016 21:41

«FORTE BANK» ШЫМКЕНТТЕН ЖАҢА ҒИМАРАТ АШАДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті. 
Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті. 
Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты. 
Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде. 
Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген. 
Бұл туралы Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында хабарлады
Тәуелсіздік жылдарындағы Төлеби ауданындағы жетістіктерді баяндаған Б.Парманов аудандағы жергілікті бюджет көлемі осы жылдар ішінде 16 есеге өсіп, бүгінгі таңда 11 млрд. теңгеден астам қаржыны құрағанын айтты. Сәйкесінше, ішкі кіріс түсімі де көңіл қуантады. Егемендік алған кезеңде аудандағы ішкі кіріс көлемі 240 млн. теңгеден 1 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есеге өскен. 
Сонымен бірге, Тәуелсіздік жылдары ауданда 29 жаңа білім ғимараттары салынған. Жалпы, Төлебиде бүгінгі таңда 68 мектеп болса, 1991 жылдан бері соның 53-і күрделі жөндеуден өтіп, ыңғайластырылған мектептер саны қысқарып, типтік білім мекемелер саны 57-ге жеткен.
Баспасөз мәслихатында «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 2012-2015 жылдары жалпы 13 млрд. 233 млн. теңгені құрайтын 35 жоба мақұлданып, іске асырылғандығы туралы айтылды.
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде ауданның 51 елді мекенінде ауыз су жүйесінің құрылыстары жүргізіліп, орталықтандырылған ауыз сумен аудан халқының 93,7 пайызы, газдандыру жұмыстары бойынша 55 елді мекеннің бүгінгі таңға 36 ауылы немесе 82 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр», - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен болған кездесуде Б.Парманов Төлебидегі жұмыссыздық деңгейі 6 пайыздан 4,9 пайызға түсіп, жылма жыл ауданның жұмыссыздық деңгейі төмендеп келе жатқаны туралы мәлімдеді. Мәселен, жыл басынан бері ауданда 2 мыңнанастам жаңа жұмыс орны ашылған.
Тәуелсіздік жылдары аудандағы 18 мәдени ошақтарының 7-уі күрделі жөндеуден, 8-і ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 мәдениет үйі жаңадан салынып, қазіргі таңда 19 мәдениет ошағы жұмыс жасайды екен.
 
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика көлемінде «Жаңа Индустрияландыру» телекөпірі өтті.
Жалпы ұлттық телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің болат құю өндірісі бойынша салынған өнеркәсіп орны іске қосылды.
Елбасымен тікелей байланысқа шыққан «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і директорының орынбасары Ә.Үсенбаев кәсіпорынның жұмысын баяндады.
– Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Су сорғылары жабдықтарын шығаратын зауытымыз Сізге жақсы таныс. «Жаңа индустрияландыру» бағдарламаңызды қолдау мақсатында, өнімді елде барынша шоғырландыру үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылды. Жаңа зауыт арқылы алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын. Құрметті Елбасы! Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері Сіз жастарды қолдап келесіз. Тәуелсіздік аясында еліміз нық аяққа тұрып, келешек ұрпақ үшін толыққанды мемлекет құрдыңыз! Міне, соның арқасында осы зауытта 58 жас маман жұмыс жасауда. Арасында «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандар да бар. Сізге өзіміздің алғысымызды білдіре отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Аса қадірменді Елбасы! Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, - деді  Ә.Үсенбаев.
Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын –  машина жасау саласында алдыңғы қатарда. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған.
Бадам индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 3700 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында 75 адам жұмыспен қамтылған. Ішкі нарықтың 60 пайызын құрайтын кәсіпорын, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Белоруссия секілді елдерге өнімін экспортқа шығаруды жоспарға қойған.
Мемлекеттік «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында іске қосылған зауытта шойын мен болаттан ауыл шаруашылығы техникаларын, машина жасауға қажетті жабдықтар жасалмақ. Сондай-ақ, зауытта әзірленген бөлшектерден жер асты суы, шаймалау әдісі арқылы уран және өзге де сұйықтықты сорып алуға лайықталған сорғылар құрастырылады. Бүгінгі таңда өндірілген өнімдерді өткізу бойынша зауыт жетекшілігі Белоруссиямен келісім-шарт жасап қойған. Осылайша, нарықта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС атауымен белгілі серіктестіктің бұл үшінші өндіріс орны деуге болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2010 жылдан бері 145 жоба іске қосылған. Онда былтырға дейін 180 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Құны 225 млрд. теңге болатын жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылып отыр.
Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады. Жұмысшылармен болған сұқбат барысында аймақ басшысы зауытта шығарылатын өнімдердің сапалы және  халықаралық бәсекеге қабілетті болуы қажеттігіне тоқталды.