19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Ұлы Даланың 25 жұлдызды күні - Білім» акциясы аясында Отырар ауданының Арыс ауылында «Биібі – Ажар» балабақшасы ашылды.
Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде ашылған балабақшаның ашылуына аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп, ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай отанын сүюге, ата-анасын сыйлауға, өз елін қадірлеуге баланы кішкентай кезінен бастап баулу керек. Бүлдіршіндердің тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлетін болсақ, болашақта білім мен тәрбие егіз болып, елдің болашағын көркейтетін азаматтар өсіп шығады. Бүгінгі күні «Балапан» бағдарламасымен ауданымызда 20 мемлекеттік, 5 жекеменшік балабақшалар өз жұмыстарын жасауда. Бүгінгі балабақшаның ашылуы және қуаныштарыңыз құтты болсын!» деді. Балабақшаның ашылу сәтінде ауыл ақсақалдары мен аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш салтанатты түрде лентасын қиса, Мырзахмет Темірбеков ақ батасын берді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен қолға алынға «Балапан» бағдарламасы аясында жұмысын бастаған балабақшада 2 топта 50 бүлдіршін тәрбиеленеді.
Жалпы, Отырар ауданы  бойынша 38мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде 2960 бала, оның ішінде 13 мектеп жанындағы шағын орталықта 515 бала тәрбиеленуде. Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі  «Балапан» бағдарламасы бойынша –85,8% құрады.
 

 

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының «TRT AVAZ» халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, жалпы аймақтың даму көрсеткіштері мен Түркістан туралы фильм түсірді.
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өңіріміздің экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарының жайын жер-жаһанға көрсетпек.
Өңірімізге жасаған сапарында «TRT AVAZ» телеарнасының шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алды. Онда әкім өлкемізді дамытудағы болашақ жоспарларымен бөлісіп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанның оның ішінде қонақжай Оңтүстіктің туристтік мекендерін тамашалауға шақырды.
«TRT AVAZ» халықаралық телевизиясы Түркия Республикасының 7 тілде, соның бірі қазақ тілінде хабар тарататын ең ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер - Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардың ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады. 
Халықаралық түрік телеарнасымен Қазақстан тарапы 2012 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Аталған телеарнадағы жаңалықтар циклының үздіксіз жүруіне еліміздегі «Қазақстан» ұлттық арнасының ұжымы ұдайы көмектесіп келеді. 
Бүгін  «Rixos» қонақ үйінің «Назарбаев холл» залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Оңтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің таныстырылымы өтті.
Кездесуге облыс әкімі аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері, жергілікті сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов кіріспе сөз сөйлеп, институт өкілдігінің республика бойынша алғашқы болып өңірімізде ашылу маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Е.Карин аймақтық  өкілдіктің ашылуы өңірлік зерттеулерді жүргізуге, әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсетуге, жергілікті сарапшылар қауымдыстығымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының өкілі болып Б.Орманов тағайындалды.
Аталған жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері А.Жолдыбалина, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі С.Мәжінбеков баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясаты мен қоғамдық-саяси ахуал және оның даму үрдісін талдау мен болжау жөнінде баяндамашыларға сұрақтар қойып, сарапшылар және жоғары оқу орындарының оқытушылары пікірлерін ортаға салды.

 

Мақтарал ауданында соңғы үш жылда жерді терең қопсыту технологиясы 30 мың гектарға енгізіліп, нәтижесінде  шаруалар 2-3 есе көп өнім алуда. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы халықтың жеткен жетістіктері. Бұл туралы Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлім етті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жеткен жетістіктерін баяндаған Ғ.Исмаилов 1991 жылы ауданның бюджеті 107,0 мың теңгеден 2016 жылы 31 426,0 млн. теңгеге жетіп, 294  есеге артқанын, жалпы ішкі өнім 643,0 млн. теңгеден 112 004,1 млн теңгеге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, ауданда соңғы бес жылда тамшылатып суғару әдісі ендірілген жерлер мен жылыжайлардың алқабы еселеп өскенін атап өтті
2011 жылы Мақтаралда тамшылатып суғару әдісі 0,4 мың гектар жерге ендірілген болса, бүгінде 1,6 мың гектарға жетіп отыр. Ал, жылыжайлардың көлемі 2011 жылы 33 гектарды құраса, 5 жылдың ішінде 2,5 жарым есеге өсіп, жалпы көлемі 83,6 гектарға жеткен. Биыл жылыжайлар есебінен 1500 тонна өнім өндіріліп, Республика тұрғындарын қыс және ерте көктем уақытында сапалы көкөністермен қамтамасыз етуге қол жеткізілген.
Егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудың арқасында 1991 жылмен салыстырғанда бақша дақылдарының көлемі 20 мың гектарға артып – 23 мың гектарды, көкөніс 4,0 мың гектарға артып – 5,4 мың гектарды, картоп 0,8 мың гектарға артып – 1,1 мың гектарды құраған. Тәуелсізіктің алғашқы жылдары 16,5 мың тонна – көкөніс, 32,6 мың тонна – бақша, 1,9 мың тонна – картоп өндірілген.  Ал осы жылы 126 мың тонна – көкөніс, 607,9 тонна – бақша, 17,1 мың тонна – картоп жиналған. Сондай-ақ, биыл жоспар орындалып, шаруалар гектарынан 25 центнерден өніп алып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына зор тарту жасап отыр.
«Шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2015 жылы Жетісай қаласында «Мақтарал ЭкоПродукт» ЖШС-нің сыйымдылығы 3000 тонналық және Мырзакент кентіндегі ЖК Ердешовқа тиесілі 2 мың тонналық қоймалары салынып пайдалануға берілді» - дейді Ғ.Исмаилов. Одан бөлек, Мақтаралдың қақпасында орналасқан Азаттық ауылынан заманауи үлгідегі сауда логистикалық орталығының құрылысына 9 гектар жер резервке алынғанын да әкім атап өтті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Мақтарал ауданының инфрақұрылымында да көптеген өзгерістер байқалады. Жалпы, 1991-2016 жыл аралығында автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 55%-дан асқан. Егемендіктің алғашқы жылдары ауданның газбен қамтылуы 10,6%-ды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 65%-ға жетіп отыр. Сондай-ақ, аудан халқы 100% сумен қамтылған. Өңірдің өндірістік инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «Бизнесті дамыту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 111 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмендер мен өңіріміздегі ірі кәсіпкерлер бас қосты. Бизнес конференцияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық мүмкіндіктері мен туризм индустриясының жетістіктерін атап өтті.
Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымы дайын тегін жер беріліп, онда коммуналдық тарифтері төмен және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол банктік несиенің пайыздық сыйақысын субсидиялау, банкке мемлекеттік кепілдік беру сияқты мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды.  
Мәселен, облыста индустриялды-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жалпы аумағы 959 гектар құрайтын 11 индустриалдық аймақ құрылған. Бүгінде бұл өндірістік алаңшаларда 160-тан астам жоба орналастырылса, оның 56-сы жұмыс жасауда. Ал өңірде соңғы 6 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында 145 кәсіпорын іске қосылып, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бизнесмендердің бас қосуында көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба мен Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру жобасы. Сонымен қатар, өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру,  Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру жобасы, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жобалар  кәсіпкерлер назарына ұсынылды.
Елбасының Шымкент қаласын республикадағы үшінші мегаполиске айналдыру бойынша тапсырмасына орай, облыс орталығы инвесторларға арналған үлкен алаңға айналуы тиіс. Осы орайда, облысқа инвестиция тарту мақсатында бағытталған шараға «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық ірі кәсіпкерлер келді.
Жиында TS Development компаниясының президенті және «Dostyk PLAZA», «Shymkent PLAZA» жобаларының иесі С.Тө лбасов Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болып  табылатын «Shymkent PLAZA» жобасына 16 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйғанын айтып,  бүгінгі  ашылуына шақырды.
Сессия жұмысына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат депуттары мен облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
Сессияның күн тәртібінде 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет пен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің атқарылған жұмыстар есебі, тұрақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу жайы мен мәслихаттың 2017 жылға арналған  жұмыс жоспары, бірқатар өңірлік кеңестің дербес құрамын бекіту сынды 25  мәселе қаралды.
Жиында «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуы бойынша баяндаған облыс әкімінің орынбасары  Ербол Садыр Ұлттық қор есебінен  4 бағыт бойынша  49 нысанның құрылысын жүргізу үшін 24 546,6  млн. теңге қаралғанын мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінге дейін аталған қаржының 22 881,7 млн. теңгесі игерілген. Ал, қалған  1664,9 млн теңгесі жыл соңына дейін толық жұмсалатын болады.   
Жыл басында өңірімізде жалпы құны 12 млрд. 973 млн. теңгені құрайтын  26 мектеп пен 1 балабақшаның құрылысы жүргізіліпті. Бағытталған  қаржының 98 пайызы игеріліп, нәтижесінде 9 мектеп пен 1 балабақша пайдалануға берілген. «Ал қалған 17 мектептің құрылысы 2017 жылдың еншісіне қалып отыр», - деді әкім орынбасары. 
 Сондай-ақ Ербол Садыр мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаржы жыл соңына дейін толығымен игерілетінін жеткізді. 
Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар халық қалаулылары Оңтүстік Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен    марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес 7 желтоқсан – «Нұрлы жол» күніне орай, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітіріп, бүгінгі таңда түрлі салада қызмет етіп жүрген «Болашақ» халықаралық стипендианттарының  жастармен кездесуі өтті. Қазақстан Республикасында 1993 жылы жастардың білімін жетілдіріп, тәжірбиелі маман даярлау мақсатында Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы елімізде сәтті жүзеге асып келеді. Бүгінгі таңда оңтүстік қазақстан облысында 12 болашақ түлегі мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда еңбек етуде. Солардың бірқатары Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Шетелде білім алып, бүгінде мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар шәкірттер тарапынан қойылған түрлі сауалдарға жауап берді. «Болашақ» бағдарламасының жай-жапсары, шетелде оқудың мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, оқушыларды шетелдік білім жүйесінің қыр-сырымен қанықтырды. Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның кадрлар даярлауда әлемдік жүйеге табысты кірігуіне мүмкіндік берді. Ол құрылғалы бергі 23 жылда 9339 жоғары білікті маман даярланыпты. Дені инженерлер, ұстаздар мен дәрігерлер, мемлекеттік және шығармашылық сала өкілдері. Солардың 98 пайызы жұмысқа орналасқан. Биыл «Болашаққа» қабылдаудың талабы біршама өзгерді. Шетелде білім алатын оқу орнын таңдауға ерекше назар аударылып отыр. Алдағы жылы бұл бағдарламамен сот қызметкерлері және «Астана» халықаралық қаржы орталығының менеджерлері білім алатын болады.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте  қаладағы ең ірі  сауда және ойын-сауық орталығы болып табылатын «ShymkentPlaza» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде бой көтерген кешеннің  ашылу рəсіміне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал бірқатар азаматтар жəне өңіріміздің кəсіпкерлері қатысты.
Шымкенттіктердің қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Ж.Түймебаев барша тұрғындарды Тəуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойымен құттықтады.
«Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса Елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.
 Аталған  орталықтың құрылысына  жеке инвестиция жұмсалған.  Халықаралық деңгейдегі ерекше орталықта 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр.   
Жалпы аумағы 48 мың 400 шаршы метрді құрайтын сауда ойын-сауық орталығы Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының біріне айналып отыр. Жобаның құрылысы әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтарының жобалық авторлары болған әйгілі ұлыбританиялық – Benoy архитектуралық компаниясының әзірлеуімен іске асырылғанын да айта кеткен жөн.  
 
Енді мұнда «Chopette», «Orchestra», «New Yorker», «Lichi» сынды әлемдік брендтердің өнімдері саудаланады. Сондай-ақ орталыққа келушілер  әйгілі «KFC» және «Hardees» тамақ өндірушілерінің өнімдерін тұтынатын болады.
 
Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» салтанатты кездесуі өтті. Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты  түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат қатысты.
Тәуелсіздік тойында қастерлі Оңтүстіктің төрінде меценаттармен бас қосып, ортақ істі бірлесе жоспарлауды мақсат тұтқан өңір басшысы табанын жерге, арқасын елге тіреген азаматтарымыз әр қиырда аянбай еңбек етіп, абыройға бөленіп жүргенін облыс жұртшылығы мақтан ететінін жеткізді. 
«Татулық пен тұрақтылықты ту еткен Қазақ елінің ендігі мақсаты – әлемде дамыған отыз елдің арасынан өз орнын табу. Бұл жолда Елбасының жанқиярлық ерлігіне ел болып бірлесіп қолдау білдіруіміз қажет. Сондықтан да қасиетті Тәуелсіздіктің тойында ел перзенттерінің басын қосып, ортақ ісімізді ойласып алуды көздеп отырмыз. Ұлт көшбасшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде жиі айтып, мемлекетті өркендету мақсатына лайықты үлесін қосқан кәсіпкерлерді назарынан тыс қалдырған емес. Бүгінгі басқосуымыз да Президент әкімшілігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ендеше «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» деп аталатын жиынымызға қош келдіңіздер!», - деді Ж.Түймебаев.
Сонымен қатар, облыс басшысы барша жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтап, аймағымыздың өркендеп, дамуына сүбелі үлес қосқан көптеген кәсіпкерлерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі мен облыс әкімінің Алғыс хатын тапсырды.
Салтанатты шарада туған жерді түлету туралы толғаныстары мен пікірлерін ортаға салған жерлестеріміз елге қызмет ету, туған өлкеге қамқорлық жасау – перзенттік борыштары екенін атап өтті. Мәселен, Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбай, жазушы, драматург Дулат Исабеков, Мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенко, «Атакент» корпорациясының төрағасы Халық Абдуллаев, «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Болат Жылқышиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазиевалардың жан тебірентерлік сөздері, елді, өңірді көркейтудегі ұсыныстары жиналған көпшіліктің көкейіндегісін дөп басты. Ал меценат, кәсіпкерлер Серікжан Сейітжанов, Дінмұхаммед Ыдырысов, Бахриддин Әбіләзімов, Қайрат Молдасейітовтер таяу арада өңірімізде өздерінің бастамаларымен салынатын түрлі әлеуметтік нысандардың жай-жапсарынан хабар берді.
Оңтүстіктің өзгелермен салыстырғанда даму мүмкіндігі мол. Климаты, топырағы, халқы, табиғаты бәрі-бәрі өз үйлесімін тауып тұр. Енді тек нағыз іскер азаматтар бейтарап қалмай, бірігіп аймақтың дамуына күш салуы керек деп, өңір жанашырларын бірлесе жұмыс істеуге шақырған облыс әкімі туризм, ауыл шаруашылығы салаларында іске асырылатын бірқатар жобалармен бөлісті.
Мәселен, әкім көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба әзірленгенін айтып, Қ.А.Яссауи кесенесінің аумағын абаттандыру жоспарланғанын жеткізді. Өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру,  Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру үшін инвесторлар тарту, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жоспарлар да бар.
Салтанатты кездесу соңы «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» басқосуына қатысушыларының үндеу қабылдауына ұласты. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрлан Өнербаев оқыған жүрекжарды сөзде Оңтүстіктің мол мүмкіндіктерін пайдаланып, елдің еңбексүйгіштігін еселей түсу үшін неғұрлым жаңа ұмтылыстар мен жарқын құлшыныстар қажеттігі айтылған. Сонымен бірге, үндеуді қабылдаушылар Оңтүстік Қазақстан облысының, шырайлы Шымкент шаһарының, түркі дүниесінің текті төрі саналатын Түркістанның, сондай-ақ, Сайрам, Отырар, Созақ, Бәйдібек, Арыс, Ордабасы, Мақтарал, Шардара, Сарыағаш, Қазығұрт, Төле би, Түлкібас аудандарының керемет көркейіп-гүлденуі үшін бәріміз бірлесе көмектесуге тиістігімізді айтып, еліміздің түкпір-түкпірінде, сондай-ақ шетелдерде, өңіріміздің өзінде еңбектеніп жүрген барлық түлектерді – мемлекет және қоғам қайраткерлерін, алуан түрлі салалардағы басшыларды, бизнес өкілдері мен күллі кәсіпкерлерді, ғалымдарды, ақын-жазушыларды, суретшілерді, өзге де өнер қайраткерлерін, өз өлкесін, қаласын, аудан-ауылын перзенттік махаббатпен сүйетін, терең тебіреніспен құрметтейтін барлық азаматтарды туған жерді түлетуге шынайы ниетпен, ақ пейілмен, перзенттік ықыласпен жәрдемдесуге шақырды.
Егемендіктің ширек ғасырлық тойына арналған торқалы той Оңтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерінің концертімен жалғасты.
Шымкенттегі «Жеңіл атлетика спорт кешенінде» ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  2000-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогының» жалауы желбіреді. 
 
Жарыстың шымылдығын облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып берді.
 
     «Жыл басынан бері облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, барлығы 1168 медаль жеңіп алса, осы уақыт мерзімінде Азия чемпионаттары мен Кубоктарында облыс спортшылары барлығы 117 медаль  ұтып алды. Ал Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында барлығы 90 медаль еншілесе, кеше ғана Бразилияда өткен жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетика шебері Жазира Жаппарқұлдың күмісі мен дзюдо шебері Галбадрах Отгонцэцэгтің қоласы облыстың спорт сүйер қауымын бір серпілтіп тастады», - деген облыс басшысы жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
 
     Кеше, 6 желтоқсан күні басталып, бүгін ресми түрде ашылған жарыс «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен өтуде. Облыс кубогіне таласта спорттың 7 түрі - баскетбол, волейбол, грек-рим, еркін, қазақ күресі, дзюдо және жүзуден кіл мықтылар анықталып жатыр.
Еске салсақ, 28 қараша мен 2 желтоқсан күндері «Оңтүстік Қазақстан облысының Кубогінің» бірінші кезеңі аудан, қалаларда өтіп, онда 2 мыңнан астам жасөспірім бақ сынады. Онда жүзден жүйрік шыққан 1600-ден астам спортшы бүгінгі ақтық екінші кезеңге қатысып жатыр.
 
    Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан облысында спорттың баскетбол түрінен 3 мыңнан астам бала тәлім алса, волейбол бойынша 5 мың, грек-рим күресінде 1800-ге жуық, еркін күреспен 4 мыңнан астам, қазақ күресінен 3200-ден аса, дзюдомен 2700 және  жүзу спортымен 600-ге жуық бала шұғылданады.