19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Бейсенбі, 22 Желтоқсан 2016 00:52

ЭНЕРГЕТИКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев «Энергетиктер күніне» арналған мерекелік салтанатты шарада сала мамандарын құттықтады.
     «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел энергетикасының дамуына аса көңіл бөліп келеді. Өйткені энергетика саласы – кез-келген қоғамның, қарыштап дамып отырған елдің экономикасының алтын өзегі. Барлық салалардың өз деңгейінде өркендеуі, тіпті үйдегі жайлылық, жарық пен жылу да энергетикаға байланысты»,-  деді Жансейіт Қансейітұлы.
      Өңір басшысы ТМД Құрмет энергетигі грамотасымен, ТМД Еңбегі сіңген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Еңбек сіңірген энергетигі, Қазақстан энергетиктер қауымдастығының Құрметті энергетигі төсбелгілерімен және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен осы салаға еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады. Сонымен қатар бірқатар мамандарға облыстық мәслихаттың Грамотасы және Алғыс хаттары табыс етілді.  
      Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен өткен шарада жалпы саны 92 адам марапатталды. 
     Облыста  электроэнергияны өндіру тапшылығын  біршама азайту  мақсатында Шардара су электр станциясының  қуатын 100 МВт-тан  126 МВт-қа ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Ал, өңірде жаңғырмалы энергия көздерін дамыту бағытында 28 жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі анықталған. Оның ішінде 2014-2015 жылдары Сарыағаш ауданында қуаты  2 МВт болатын «Рысжан» шағын су электр станциясы мен Сайрам ауданында және Шымкент қаласында  қуаты  1 МВт болатын 2 күн электр станциясы пайдалануға берілді. 
      2009-2016 жылдары бюджет есебінен  облыстың аудан, қалаларында              3067 шақырым электр желісі және 1087 дана трансформатор, 8 дана 110-35 киловольттық  қосалқы станциялар пайдалануға берлді. Атап айтқанда, Шымкент қаласында 110/10 кВ-тық «Самал», 35/10 кВ-тық «Нұрсәт», «Бозарық», «Ақтас», Түркістан қаласында 110 кВ-тық «Коммуналдық», «Новая», Ленгер қаласында 35/6 кВ-тық «Шаңырақ», Сарыағаш қаласында 35/10 кВ-тық «Самал» станциялары іске қосылды. Нәтижесінде 595  мың тұрғын, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандары тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылды. Сонымен қатар, Шымкентте жабық түрдегі заманауи 220-110 киловольттық «Бозарық»,  «Астана-1» «Астана-2» қосалқы станцияларының құрылыстары жүргізілуде.  
     «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС  инвестиция есебінен   25 656,7 млн. теңгеге 5 012,6 шақырым электр желісін және 834 трансформаторлар мен қосалқы станциялар жаңғыртылды. Шымкент қаласында жабық түрдегі 110/10 киловольттық «Солтүстік», «Нұрсәт» қосалқы станциялары   пайдалануға берілді. 
       «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары Шымкент қаласында 14 шақырым магистралды жылу құбыры жаңғыртылды.
        «Энергоорталық» АҚ  тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 4 секциялы №4 градирня, диаметрі 1020 мм болатын 22 шақырым жылу трассасы  іске қосылды, станцияның негізгі және қосалқы қондырғылары күрделі жөндеуден өткізілді.
Бүгін жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі Қ.Төлеметов көшесінде 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.  Салтанатты шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, 96 отбасыға  пәтер кілтін табыстады.
   7 қабатты қос зәулім тұрғын үйдің құрылысын  «Отау Строй» компаниясы жүргізген. Негізгі тапсырыс беруші -  «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы.
  «Жаңа жыл қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Бұл үйлерді мемлекет сіздерге делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсынып отыр. Ұзақ мерзімді жалға беріліп отырған баспаналардың  сатып алу құны да арзан. Мемлекеттің осындай ігі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев.
    Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды.  Сондай-ақ, жаңа қонысқа қол жеткізгендердің арасында жетім балалар мен оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер мен  бюджеттік мекеме қызметкерлері де  бар. Мұндағы тұрғын үйлердің әр шаршы метрі үшін жылдық төлем 900 теңгеден аспайды. 20 жыл мерзім аяқталғанда пәтерлер азаматтардың меншігіне айналады.  
    Жалпы, «Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы мен "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" іске аса бастағаннан-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Шымкент қаласында 2541 пәтерді  сатып алған.
Сәрсенбі, 21 Желтоқсан 2016 00:00

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТОЙЫНА ТАРТУ

Күнгейлік қолөнершілер тәуелсіздіктің тойына тарту жасап отыр. Жергілікті шеберлердің жұмыла жасаған сый-таралғысы көрмеде ұсынылды.

Қазима Үмбетәлиева — Түлкібастың тумасы. Қырық жылдан астам өмірін педагогика саласына арнаған зейнеткер қазір үйінде қол қусырып отырған жоқ. Туыс-жекжатпен жұмыла қазақтың қолөнерін дамытып, ұлттық нақыштағы тың туындыларды жасауға көшкен.

Қазима Үмбетәлиева, кәсіпкер: «Мен үйдің төріне қойылатын тұмар жасадым. «Береке» деп аталады. Яғни, қара үй. Әрбір шаңырақ үшін бұл бұйымның маңызы зор, баспана береке-баққа толы болады деген мазмұнда. Ал ақ және қара жолақ — өмірдің қос арнасы, қос тарап, қос тағдыр деген сияқты. Ал өзге де әшекейлері бұл өмір ұрпақтармен сабақтасады деген үлкен оймен дайындалды.»

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған көрмеде тұрмыстық заттармен қатар, сәндік қолданбалы бұйымдар да бар. Киім-кешек пен ішіктер де ерекше таныстырылды. Мың таспен көмкерілген әшекейлер алыстан-ақ көзге ұрады. Күмістен соғылған сағаттар мен сырғалар да көрменің төрінен орын алды. Ал тұрғындардың қызығушылығы әсіресе ұлттық, заманауи дүниелерге түскенін байқадық.

Кәмила Байзақова, қала тұрғыны: «Дос-жаранмен қыдырып жүр едік, көрмеге бұрылып, қазақтың ұлттық білезік сырғаларынан көз ала алмай қалдық. Әшекейлері өте әдемі екен. Енді жаңа жылдық тарту ретінде құрбыларыма үлестіру үшін сатып алудамын».

Айта өтетін ақпар, мерейтойлық мәдени шараға күнгейлік 40 қолөнер шеберінің еңбектері қойылды. Ал ұйымдастырушы тараптың сөзіне сенсек, арасынан көпшіліктің таңданысын тудырған тың туындылар алдағы «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне жолдама алады.

                                                                                                                                                      otyrar.kz сайты

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 00:00

МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Өңірдің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан оңтүстікқазақстандықтардың бір шоғыры Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік деңгейдегі марапаттауларға ие болды деп хабарлайды saq.kz ақпараттық агенттігі. Ел үшін еткен еңбегі еленгендердің қатарында облыстық мәслихаттың депутаты Серікжан Сейітжанов та бар. Мерейтой қарсаңында «САУТС ОЙЛ» ЖШС-нің президенті ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.  Бір ғана саланың өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, көптеген игі істерге мұрындық болып жүрген азаматтың бұл жетістігіне шын тілектестігін білдіріп, қуанышымен бөлісіп жатқандардың қатары қалың. Бұған дейін де елге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет» орденімен, «Алтын жүрек» сыйлығымен марапатталған болатын. Еліміз үшін мәртебесі биік мерейтойда марапатқа ие болған атпал азаматтың алдағы соны жоспарлары да көп. Келер жылы облыс орталығынан Қазақ инновациялық университетін салмақ ниеті бар екен. Білім мен ғылымның өркендеуіне барынша қолдау білдіріп жүрген С.Сейітжановтың бұл жобасының да елімізге тигізер пайдасы мол болмақ. Болашақ жастардың қолында, демек білімді жастардың көп болуы үшін тер төгіп жүрген қайырымды азаматтың бұл еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге, түрлі деңгейдегі басшыларға әрқашан халық үшін жұмыс істеу керектігін айтып келеді. Бұл дүниеде халық ризашылыған асқан бақыт жоқ. Сол себепті, Елбасы 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Нақты 100 қадам» - Ұлт жоспарының 5-ші бағытында халыққа есеп беретін мемлекет құру қажеттілігі туралы тапсырма берді. Осы тапсырмаға сәйкес, «Нақты 100 қадам» ұлт жоспарының 94 қадамы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы жүзега асты. Аталған жоба бойынша барлық аудан басшылары халық алдында есеп беріп, есептерін өз аудандарының ресми сайттарына, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жариялауы тиіс. Бұл есеп халыққа қолжетімді болғаны маңызды. Жақында Қазығұрт ауданы әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында Тәуелсіздіктің 25 жылдығында аудан жетістіктерін жариялады деп хабарлайды Rgmedia.kz сайты.

Қазығұрт ауданының бюджеті 115 пайызға бір-ақ артты. Биыл ішкі кіріс түсімі 1424,8 млн. теңгені құрап, ширек ғасырда 116 есеге көбейген. Жапы өңірлік өнім 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге өсті. Әрине, айтқанға оңай. Әйтпесе, мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін сырттан инвестиция тартқан өте маңызды. Инвестиция – кіріс көзі, даму кепілі. Осы мақсатта Қазығұрт ауданы Тәуелсіздік жылдары 30 млн. теңге маңында инвестиция тартса, биыл бұл көрсеткіш жалпылай алғанда 14 млрд. теңгеге дейін жетті. 25 жыл ішінде ауданға жалпы 102 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған.  Қазығұртта жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 6878 бірлікті құрады. Осы субьектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 10 мыңнан асты. Мұнда шығарылған өнім, көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемі 33,3 млрд. теңге болып, ширек ғасыр бұрынғы нәтижемен салыстырғанда шамамен 50 еседей артқан. Ауданда кәсіпкерлікті дамытуға 6 несие беру ұйымдары арқылы жергілікті кәсіпкерлегерге 2009 жылдан бері 9,8 млрд. теңге несие берілді. Осылайша, аудан әкімдігі өз кәсібін бастағысы келген кәсіпкерлерге бар жағдайды жасап отыр

Кентау қаласы Егемендігіміздің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. Мерекелік шара қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өткізілді.
Салтанатты жиында алғы сөзді алған ҚР Инвестиция және даму министрлігі, көлік комитеті төрағасының орынбасары Нұркенов Қайриден Қамашұлы Кентау қаласы тұрғындарын мерекемен құттықтады. Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев "Осы егемендіктің арқасында бірлігі жарасқан, көпұлтты Кентауда да көптен күрделі саналып келген түйткілдердің түйіні шешіліп, арманға айналған бастамалар жүзеге аса бастады.
Мұның барлығында жергілікті тұрғындардың, әсіресе, аға ұрпақтың өз қолдарымен тұрғызған қаласын жан-тәнімен сүйетіндігі, қиыншылықтарға сабырмен қарап, қайсарлық танытуы мен еңбекқорлығының, ынтымағының үлкен медет болғанын айта кету парызым." деп жергілікті тұрғындарды мерекемен құттықтап, қаланың өсіп өркендеуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Қала жанашыры" деген төс белгілерін табыс етті.
Сонымен қатар, әр салада қызмет жасайтын мамандар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік шарада өнерлі жастардың патриоттық әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік шарада қонақта болған елімізге танымал әнші Қайрат Түнтеков жерлестерін мерекемен құттықтап, әсем әуенін тарту етті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әскери комиссариатта болды – деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
 Сапар барысында мекеменің жұмысымен танысып, барша әскери ұжымды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, ел егемендігін сақтауда әскери күштерінің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Мереке құрметіне орай қала әкімі аталған мекемеге жаңа "Нива" автокөлігінің кілтін табыс етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта мекеме қызметкерлеріне арнап «Нұртас» шағынауданы аумағынан жаңа кеңсе ғимараты салынатындығын жеткізді. Қазіргі таңда осы мақсатта 1 гектар жер бөлініп, нысанның нобайы дайындалды. 
Іс-шара барысында әскери оркестрдің сүйемелімен жауынгерлер жекепе-жек түрінен өнер көрсетті.
Сонымен қатар, осы күні Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастарға қала әкімінің "Үздік" жастар сыйлығы табысталды. 
Салтанаты шарада түрлі номинациялар бойынша 14-29 жас аралығындағы 25 жас өз саласының үздігі деп танылды. Әрі, қала әкімінің атынан диплом, бағалы сыйлықтар табыс етілді. 
Дәстүрге айналған "Үздік" жастар сыйлығы осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат: қоғамның түрлі салаларында (мәдениет, өнер, білім, ғылым, әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету және т.б еңбек ететін дарынды, таланытты жастарға қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн аясындаАрысқалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №2 бастауыш мектебінде «Біз- Тəуелсіз Қазақстанның болашағымыз!» тақырыбында патриоттық кеш өтті.
Кештің мақсаты Қазақстанның тарихы туралы зердемізді қайта парақтап, жаңаша ой түйіндеу. Жас ұрпақтың ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын ортаға салуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеу болып табылады.
Аталған кеште оқушылар Тәуелсіздік тақырыптарында тақпақтар айтып, патриоттық әндерден шашу-шашып, мың бұрала би биледі.
Сонымен қатар, Арыс қаласының  И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Тəуелсіздік-елімнің мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың ел тарихын тереңінен түсінуіне ықпал жасау, ұлттық сана-сезімін ояту, білімдерін шыңдаумен қатар Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Оқушылар еліміз туралы танымдық білім деңгейлерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өз білімділіктерін көрсетті.
Одан бөлек, білім беретін мекемелерде «Жетістік тарихы» тақырыбында дарынды оқушылар арасында шеберлік сабақтары өтті.
Шеберлік сабақтың мақсаты жас ұрпаққа Тəуелсіздігіміздің 25 жыл ішіндегі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен табыстарын дәріптеп, Тəуелсіз қазақ елінің шын жанашыры, нағыз патриоты болуға баулу. Халқымыздың əдеп-ғұрпын, салт-дəстүрін сақтап, əрі қарай жалғастыру болып табылады.Іс-шаралар барысында, оқушылар өздерінің Ел Тəуелсіздігіне арнаған арнауларын оқып, əн жырдан шашу-шашты.size:16.0pt; line-height:115%;font-family:"Helvetica","sans-serif";mso-fareast-font-family: "Times New Roman";mso-bidi-font-family:"Times New Roman";color:#1D2129; background:white;mso-ansi-language:KZ;mso-fareast-language:EN-US;mso-bidi-language: AR-SA'>Іс-шаралар барысында, оқушылар өздерінің Ел Тəуелсіздігіне арнаған арнауларын оқып, əн жырдан шашу-шашты.
Түркістан қаласында еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде халық игілігіне жаңадан 264 пәтерлі 9 қабатты екі және 5 қабатты екі тұрғын үй тапсырылды.
Жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы қоныс тойға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, түркістандықтарды Егемендігіміздің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады.
«Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында түркі дүниесінің орталығы саналатын көне Түркістанда бірқатар жұмыстар атқарылуда.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, кезекте тұрған көптеген азаматтар баспаналы болары сөзсіз. Дәл қазірдің өзінде осы шағын ауданда  8 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Келешекте жаңа ауданда мемлекет есебінен 100 көпқабатты үй және әлеуметтік нысандар салу жоспарланып отыр. Бұл ширек ғасырда Елбасының көрегенді саясатының арқасында қол жеткізген жетістіктің бір парасы ғана», - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, аталған шағын аудандағы 5 қабатты қос үйдің құрылысы облыс бюджеті есебінен жүргізілсе, 9 қабатты екі үй «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-ның есебінен салынған. Сонымен бірге, жаңадан бой көтерген тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымдарының құрылысына 586,6 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілген.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласында тұрғын үй алу үшін 4232 азамат өтініш білдірген. Олардың ішінде 3019 әлсіз топтағы, 203 жетім балалар болса, 1010 мемлекет қызметкері мен 10-нын үйі апатты жағдайдағы азаматтар құрайды.
 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі «25 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 11 желтоқсан – «ЭКСПО «жасыл» технологиялары»күніне орай, Мақтарал ауданының Жетісай қаласында «EXPO 2017 – болашақ бағдары» атты ақпараттық авто шеру өтті.
2017 жылы Астананың төрінде ел тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған бұл шараға әлемнің түпкір-түпкірінен мыңдаған адамдар келіп, арнайы орталықта өз жетістіктерін паш етпек. Бүгінде осы аталаған көрмеге аудан тұрғындарын қатыстыру және жарнамалау үшін аудан әкімдігінде біршама іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі бүгін 9-желтоқсан күні Мақтарал аудандық «Кәсіпкерлік бөлімі» және Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен 9-желтоқсан күні Жетісай қаласында «EXPO 2017 – болашақ бағдары» атты ақпараттық авто шеру өтті. Тізілген көліктер көк байрақты көкке желбіретіп, Жетісай қаласының«Жеңіс» алаңынан бастап, қаланың барлық орталық көшелерінде жүріп өтті. Аталған шараға қала, кент және ауыл округ әкім аппаратының кәсіпкерлік саласына жауапты мамандарының қатысуымен «Астана ЭКСПО-2017» эмблемасы бар автокөліктерімен, Жетісай қаласы бойынша халыққа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін жарнамалау және аудан тұрғындарын көрмеге қатысуға шақыру үшін ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.