19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Сенбі, 19 Қараша 2016 20:17

«ӘЖЕ – ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ» БАЙҚАУЫ

«Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат». Осы бағдарлама аясында қолға алынған «Әже - ұлт ұйытқысы» атты байқау Мақтарал ауданында жалғасты. Ата-бабадан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрімізді, қарттарымыздың өнегелі қасиеттерін келер ұрпақтың бойына сіңіру – сайыстың басты мақсаты. Айтқандай, игі шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды.
«Сәлем - сөздің анасы». Байқау шымылдығы көрерменге қазақы нақышта сәлем беріп, өзін-өзі таныстырудан басталды. Инабаттылық пен имандылық, отбасыдағы әжелер тәрбиесі, олардың ақыл-кеңестері мен ұлттық құндылықтары әрбір ақ жаулықты қатысушының бойынан табылды.
 «Ел болам десең, бесігіңді түзе», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы», «Салтым–асыл қазынам», «Шебердің қолы - алтын». Сайыс осындай 4 кезеңнен тұрды. Өзара бақ сынаған әжелер барлық бөлімде еш мүдірмей,  кез-келген сұраққа жауап берді. Жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жас ұрпаққа салт-дәстүрімізді жан-жақты дәріптеуге тырысты.
Бұған дейін шымшаһар мен түстіктің біраз өңірінде өткен байқау Мақтарал ауданында да кең көлемде өрбіді. Жарыс болған жерде жеңіліс пен жеңіс қатар жүреді. Әділқазылар көргені, көкейге түйгені көп ақ аналардың ішінен ең жүйрігін, ақылы кемелдісін таңдап алды. Көп көңілінен шыққан мырзашөлдік әжелер арнайы мадақ-марапатқа ие болып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Сенбі, 19 Қараша 2016 20:10

«МӘҢГІЛІК ӘУЕНДЕР ӘЛЕМІ»

«Мәңгілік әуендер әлемі». Облыстық опера және балет театрының ұжымы теріскей төрінде классикалық өнер кешін өткізді. Шығармашылық концерт ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Ұлттық аспапта күй шерткен жастардың өнеріне көрермен зор ықылас білдірді.
 «Мәңгілік әуендер әлемі». Әр аспаптан әр түрлі әуезді әуен төгілгенде шертілмеген көңіл, тербелмеген жүрек жоқ. Шоқтығы биык шығармашылық ұжым әсем ән сыйлап, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын ұсынды. Дуэттер мен ариялар орындады.
Операдағы қос ғашықтың шынайы махаббаты, досқа деген адалдық ұғымдары мен комедиялық ситуациялар бүгінгі жастарға жаңаша леп бергендей. Өнер майталмандары көпшілікті тамаша әуендері, шынайы қойылымдарымен баурап алды. Өнерсүйер қауым концерт барысында бірнеше рет орындарынан тұрып, әртістерге қошемет білдірді.
Аталмыш му­­­­зыкалық шы­­­­­ғарма ұлт мә­­дениетінің та­рихында ер­екше орын ала­­ды. Ха­лық­тың көр­кемдік да­на­лығы ретінде бағаланатын рухы биік опера өткен ғасырдың бірінші жар­тысында қазақтың жазба музыка өнерінің іргетасын қалаған еді.
Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің бұл клас­сикалық туындысы 1934 жылы сахна төріне шығып, 1936 жылы Мәскеудің атақты Үлкен теа­трында айтарлықтай табыспен орындалса, сол уақыттан бері 1500 рет көрсетілген қойылым ха­лықтың сүйіспеншілігіне бө­ленді. “Қыз Жібектің” құдіреттік құпиясы неде жатыр десек, ол бір­неше топтама се­беп­тер­ден тұ­рады. Оның іш­ін­де ең біріншісі –­ операның негізіне эпостың мазмұнының алынуы дер едік. “Қыз Жібек” эпосы халық шы­ғар­машылығының ас­қан үлгісі. Біз бүгін осы му­зы­калық туын­дының кейбір көр­кемдік сипат­тарына тоқталуды мақсат еттік – дейді ұйымдастырушылар.
 
Жастардың құлақ құрышын қандырып, жүректерге жол салған  облыстық опера және балет театры Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің де әндерін орындады. Өнермен өрге бастап, татулықты ту етті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «Ұлы дала елі – тәуелсіздік мұраты». Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында осы тақырыппен ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Оған Германия, Түркия, Ресей мемлекетінен келген тарихшы-ғалымдар қатысып, қазақ мемлекеттілігінің негізгі шежіресін баян етті. Салтанатты шара аясында «Ұлы дала елі – өркениеттер тоғысында» атты көрме қойылды.
Көрме барысында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы келген қонақтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, республикамыздың және оңтүстік өңіріміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді атап өтіп, оңтүстік жұртына мерекеге орай ыстық лебіздерін білдірді.
Қыш құмыралар, ыдыстар, әшекей бұйымдар, тұрмыстық заттардың барлығы - біздің эрамызға дейінгі жүз мың жыл бұрын ата-бабамыз тұтынған заттар. Қанша ғасыр өтсе де, мәнін, ажарын жоғалтқан емес. Көрмеге келген қауым тарих тағылымынан сыр шертетін заттарды көзбен көріп, куә болды. 
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жиын барысында еліміздің ширек ғасырда жеткен жетістігі, атқарған ауқымды істері баян етілді.
Бүгінгі конференция халқымыздың өткенін ұлықтауға, өскелең ұрпақ тарихын ұмытпауға, еліміздің келбетін айқындауға бағытталды.
Адамзат баласы үшін азаттық пен тәуелсіздіктен артық арман, тыныштық пен тұрақтылықтан артық тілек, бірлік пен бейбітшіліктен асқан мұрат пен мақсат болмаса керек. Тәңірдің бізге берген тәуелсіздігі мәңгі болсын!   
Сонау, тарихы қанды оқиғамен бастау алған 1946 жылы 17 қарашада Чехияның патриот – студенттерінің құрметіне арналған бүкіләлемдік студенттер конгресінде 17 қараша - Халықаралық студенттер күні болып белгіленгеннен бері әлемнің түкпір-түкпірінде бұл мерекелі күн сән-салтанатымен аталып өтіледі. 
Әр адамның өміріндегі айрықша орын алатын кезең, ол - студенттік шақ. Бұл кезең - үйден жырақта жүріп, өмірді тануға, өзіңді танытуға арналған уақыт десек, артық айтқандық емес. Өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға емес, өмір сүруге, ақ пен қараны ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ - дегенде қызығы мен шыжығы мол, лекцияда ұйықтап отырған уақыт, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан - таңға жалғасқан кештер, білім ордасының қабырғасындағы бірінші бақылау-тесттер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын - тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру – үлкен бақыт. Ол уақытты, ол бақытты кім болмасын, сондай сағынышпен, ерекше көңіл-күймен еске алады. Студенттердің ұмытылмастай есте қалатын сәттерінің бірі – Студенттер күнін атап өту мерекесі!
Бұл мереке Шымкент қаласының Жол-көлік колледжінде де, үлкен іс-шара деңгейінде аталып өтілді. Бұл күні колледжге жаңадан қабылданған оқушыларға студенттік билет пен білімнің алтын кілті салтанатпен табыс етілді. Мерекелік іс-шара барысында колледжде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып өткен «Өнерлі өрге жүзер» - атты топтар арасында өткізілетін байқаудың жеңімпаздары марапатталынды. Іс-шарадағы ән мен биден шашу шашылған концерттік бағдарлама соңы - студенттердің би кешіне жалғасты.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан Республикасынан келген делегация өкілдерімен кездесу өткізді. Мәртебелі меймандарды Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рашад Маммадаров бастап келді. Сондай-ақ, аталған топ құрамында Қазақстандағы Әзірбайжанның ішкі істер министрлігі өкілі Насими Шикаров пен әзірбайжандық кәсіпкерлер одағының төрағасы Гюндуз Маммадли болды.
Экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесуде аймақ басшысы Оңтүстікке арнайы ат басын бұрған қадірменді қонақтарға алғысын білдіріп, әзірбайжандық инвесторлардың қатысуымен болып жатқан және болашақтағы бірлескен жобалар жайын таныстырды. Сондай-ақ, жиында облыстың ауыл шаруашылық саласымен қатар, кәсіпкерлік, туризм бағытындағы жоспарлары мен жетістіктері туралы әңгіме өрбіді.
«Түбі бір түркі тілдес елдердің бірі - әзірбайжан халқы мен қазақ елі тарихы біте қайнасып, тереңде жатқан бауырлас ұлттар. Сондықтан, қос мемлекеттің кез келген сала бойынша қоян-қолтық араласып, жұмыс істеуі заңды. Әзірбайжандық кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған өңіріміздегі бірқатар өндіріс орындарының болуы осы туысқандық қатынастың жемісі деп білем. Әрі бұл игі байланыстың одан әрі нығайып, жалғасатынына сенімім кәміл», - деді Ж.Түймебаев.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арнайы жұмыс тобын құрып, нақты ұсыныстар мен жобалар бағытында іске кірісетін болып келісті. Сонымен бірге, әкім елші мырзаға облыс орталығы - Шымкент қаласы мен Әзірбайжанның бір шаһарын «бауырлас қалаларға» айналдыру ұсынын жеткізді. Бұл ұсынысты құп көрген Р.Маммадаров осы идея негізінде жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді. 
Жалпы, 2016 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің арасындағы тауар айналымы 112,1 млн. АҚШ долларын құраса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға көп. Ал Оңтүстік өңірде Әзірбайжандық инвесторлардың қатысумен жұмсақ және кеңселік жиһаздар жобалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпке салынған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгені құрайды.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс орталығы - Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес болып өтті. Жиынға Түркия астанасы - Анкара қаласы мэрінің орынбасары Рамазан Кабасакал мен ОҚО басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымов пен әкім орынбасарлары және бөлім басшылары қатысты.
Отырыста Шымкент шаһарының заман талабына сай көрікті болуы үшін әлемнің алдыңғы қатарлы қалаларымен тәжірибе алмасу маңызды екендігіне тоқталған өңір басшысы Шымкентке арнайы сапармен келген Р.Кабасакалды осы семинарға өз тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы шақырыпты.
Ұзақ жылдар Анкараның мэриясында қызмет атқарған тәжірибесі мол қонақ Түркия астанасының кемелденген кезеңі жөнінде семинарға қатысушылар алдында баяндама жасады. Төрт мың жылдық тарихы бар Анадолы елінің астанасы соңғы ширек ғасырда әлемдегі дамуы ерекше қарқын алған қалалар қатарында. Анкараның  1923 жылы 5 мыңнан астам ғана тұрғыны болса  қазіргі таңда, ондағы халық саны 5,5 млн.ға жеткені тектен-тек емес. Семинарда Анкара муниципалитет мэрінің орынбасары аталған қаланы әлемнің озық шаһарларының қатарына қосудағы тарихын баяндады.
Ертеректе бейберекет, жоспарсыз салынған үйлерді тұрғындармен келісім жүргізе отырып, орнына көпқабатты тұрғынүйлер тұрғызу жобасының қалай жүзеге асқанын арнайы сызба кестелері арқылы түсіндірген Р.Кабасакал жобаның шығынсыз әрі барлық жағынан тиімді болғанын жеткізді. Мәселен иелігінде 330 шаршы метр жері бар жанұяға сол аумақта салынған көпқабатты зәулім үйден жер телімі есебінен 80 шаршы метр пәтер берілген. Осы тәртіп бойынша 416 шаршы метр жері барларға 100 шаршы метр, ал, 500 шаршы метр жері барларға 120 шаршы метр пәтерлер үлестірілген. Пәтерінің көлемін кеңейткісі келетіндерден қосымша қаржы талап етілген. Көпқабатты тұрғын үй айналасын абаттандыру, жол салу, яғни бүкіл инфрақұрылымдық жұмыстардың барлығын муниципалитет өз мойнына алған.
Ал сайлы аймақтарда орналасқан аудандарда жасанды көлшіктер салынып, көгалдандыру арқылы заманауи саябақтарға айнадыру жүйесі де өзінің оң жемісін берген. Туристердің молынан келіп, көрікті қаланы еркін аралауы үшін айналма жолдар жасалып, көлік кептелісі көп орын алатын аудандарда жолдар кеңейтіліп, көпірлер салу жүйесі де оңтайлы  жүзеге асырылған. Мәселен, қаладағы салынуы тиіс үш деңгейлі үлкен көпір 35 күн ішінде пайдалануға беріліпті. Жұмыстың жүйелі әрі тез жүргізілуі қала халқының қызығушылығын тудырып, ескі үйлерінің жылдам сүрілуіне тұрғындардың өзі белсене атсалысқан. Осы жүйемен қаладағы 55 аудан жаңартылған. Автобустар жүйелендіріліп, алты бағытты қамтитын метро салынған. Әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған 184 жоба жүзеге асқан.
Қазіргі таңда Анкарада аумағы 210 га болатын 1027 ғимараттан тұратын әлемдегі ең үлкен соңғы үлгідегі диснейленд салынып жатыр. Бұл да өз кезегінде туристердің артуына өз септігін тигізері сөзсіз деген қала мэрінің орынбасары, Анкара жылына 10-12 млн. турист қабылдауға мүмкіндігі бар шаһар екенін алға тартты.
Осылайша, Анкара мен Шымкенттің бауырлас қалалар болғандықтан бір-бірімен тәжірибе алмасуы керек деген Р.Кабасақал Шымкент қаласының экономикалық және әлеуметтік саласының дамуына барынша көмек қолын созуға дайындығын мәлімдеді.
Жиын барысында қос қаланың қарым-қатынасын күшейте отырып, Анкараның даму жоспарын оңтүстікке де пайдалану керектігіне тоқталған облыс әкімі арнайы делегация құрамын жасақтап, тәжірибе алмасу сапарын ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Шымкент қаласын дамытудағы осынау ұсыныстарды оңды қабылдаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов тиісті ұсыныстар негізінде бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.   
Бүгін Түркістан қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты«Нашақорлық пен темекіге қарсы күрес» атты плакаттар байқауы болып өтті. Жиында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Ибрагимов «Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Осы мәселені сіздер мен біздер болып қатаң бақылауымыз керек» - дей келе, өскелең ұрпақты игі істерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға барша тұрғындарды белсене атсалысып, қолдау көрсетуге шақырды. 
Байқауға 40-тан астам өтініштер түсіп, соның ішінен арнайы іріктелініп алынған 30 плакат ілінген. Шарада арнайы есірткіге қарсы телекөрініс көрсетіліп, мәдениет үйінің өнерпаздары А.Мекебаевтың «Үйінен қашқан бала» атты повесінен үзіндісін сахналады. 
Жиынды педогогика ғылымдарының докторы Қ.Ералин қорытындылап, жүлдегерлерге арнайы қаржылай сыйлықтар табыстады. Атап айтсақ, бас жүлде медицина колледжінің студенті Ибадулла Гүлназға бұйырса, бірінші орынды гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Өмірзақ Гүлмарал еншіледі. Екінші орын Шорнақ ауылынан келген Р.Базарбай еншілесе, үшінші орын жүлдесі ескіиқандық Н.Юлдашев, Яссауи колледжінің студенті Ж.Камилова, 15-мектеп оқушысы Д.Каутовтарға табысталды. Қалған 23-студент пен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде 2016 жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ұранымен өткізілген « Біздің мұнайшы түлектер - біздің мақтанышымыз» атты 0819000 «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы түлектерімен кездесу өткізілді.
Кездесуге мамандық бойынша әр оқу жылында бітірген түлектер шақырылды. Кездесуде ең алдымен 150 - ден астам біздің түлектеріміз жұмыс істейтін Оңтүстік Қазақстан облысының ЖШС «Петро Казақстан Ойл Продактс» өндірісінің қызметкерлері қатысты. Біздің кафедрамыздың мақтаныштары - Козорезов В.В.- №1 цехтың бастығы, Бимухамедов Т.Е. –№1 цех бастығының орынбасары, Корячкина Н. –ОЗЛ бастығы, Боровиков М. –ТСЦ аға инженер, Адырбеков Ж. –ТСЦ аға мастер, Навесов Р. – модернизация бойынша инженер и т.б.
Колледж директорының міндетін атқарушы Садыкова Ж.Э. келген қонақтарға өзінің жылы лебізін білдірді. Түлектерге шексіз алғысын айтып, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап көрсетті.
Арынбаев М.А. химия-технологиялық бөлімі меңгерушісі бұл ұйымдастырылған кездесудің колледжде білім алушылар үшін тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін атап өтті.
Кездесу кешінде Абдуллаев Гани - эксплуатация бойынша инженер ЖШС «Азиатский газопровод», Серикбаев Талгат - аға оператор ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс», Жұмабек Мұхаммед - оператор С-200 ЖШС «Петро Казахстан Ойл Продактс», Патуалиев Талғат - ГИС операторыЖШС ББШ «Бейнеу - Бозой Шымкент», Алтакей Бейбарыс - оператор - машинист РП ЖШС «Stratus – oil, Даулетбаева Мереке - «ҚазАтомПром» компаниясының инженер–химигі, Адигазалов Эльдар - аға инженер ЖШС «ПромЭнергоСервис -Лукойл» және т.б.сөз сөйледі.
Сонымен қатар түлектерімізде студенттік өмірлерін ерекше жылулықпен еске алды. Өздерінің қызметтері жайлы, қызметте жеткен жетістіктерін атап айтып, өздерінің тұған кафедрасына жылы лебіздерін білдірді. Кездесу көптеген жақсы, шынайы, мейірімді сөздер мен эмоцияға толы болды. Түлектер білім нәрімен сусындатып, кәсіби білікті маман етіп тәрбиелеген ұстаздар қауымына өз алғыстарын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі. Біз де өз тарапымыздан колледж түлектеріне алғысымызды білдіріп, ақ жол тілейміз.
Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Кентау қаласында ҚР ауыл шаруашылығы қызметкерлер күні мерекесі аталып өтті. Мерекедік шара қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қатысып, қаланың өсіп өркендеуіне, әлеуетінің артуына үлес қосып жүрген ауыл шаруашылық саласының мамандары мен шаруа қожалық иелерін мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Қала әкімі құттықтау сөзінде Кентау қаласы "Алтын асық" бағдарламасы және " Сүт өнімдерін өңдеу" бойынша облыс көлемінде 3 орын алғанын қуанышпен жеткізіп, бұл жерде ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі орасан зор екенін атап өтті. Сонымен қатар қаладағы "Жеті жарғы" сүт өңдеу цехының басшысы жас кәсіпкер А.Утепбаев жоғарғы номинацияға ие болған. Мерекелік жиын қалалық мәслихат хатшысы Т.Балабиев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Жұмабаевта ыстық лебіздерін жеткізіп, мереке иелерін құттықтады. Аталмыш мерекелік жиын өнерлі жастардың әсем әуендеріне ұласты.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары Кентау қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласында 1999 жылы жалпы өнім көлемі 108,6 млн. теңге болса, бүгінгі таңға жалпы өнім көлемі 2368,0 млн. теңгені құрап, 20 есеге өсті. 
2009-2016 жылдары аралығында 601 га жерге алма бау, 52 га жерге жүзімдік отырғызылды.
2015-2016 жылдары барлығы-92 га қарқынды бау отырғызылды.
Сенбі, 19 Қараша 2016 10:46

МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған Туелсіздік – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Арыс қалалық «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Алтын тұмар» балабақшасында «Менің елім - Мәңгілік ел» тақырыбында ертеңгілік іс – шарасы өтті. 
Аталған шараның мақсаты жас ұрпақты өз елінің Тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. 
Ертеңгілік Ән Ұранмен басталып, патриоттық әндер айтылып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көріністер қойып, ұлттық ойындардан сайысқа түсті. 
«Менің елім - Мәңгілік ел» ертеңгілігін тамашалаған ата-аналар шараны ұйымдастырған тәрбиешілірге алғыстарын білдіріп, тарқасты.
«Ұлттық патриотизмсіз ұлттық сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік деген ұғым да жойылады» деген атам қазақ. Патриотизм, әр адамның өз Отаннын сүю, өз еліне адал берілгендік, оған қалтқысыз қызмет ету,оның мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауға өз өмірін құрбан етуге дейін дайын болуды білдіреді.
Патриоттық сезім оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отаны¬на, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеп құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Әр оқушыға өз еліне деген патриоттық рухын қалыптастыру үшін Отанға деген құрмет аға ұрпақты Отан үшін жасаған ерлік, батырлық істерінің ұлылығын жете түсіндіру мұғалімнің міндеті. Патриотизм сондай- ақ туған жерге ата-бабасы жатқан жерге деген құштарлықты,перзенттік махаббатты да білдіреді.
“Отанды сүю отбасынан басталады” отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор.