19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Шымкент қаласының Абай саябағы Көркемсурет мұражайында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жұмыссыз азаматтарға арналған» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бүгінгі жәрмеңкеге қала аумағында орналасқан 248 кәсіпорындар мен мекемелер қатысып, 2224 бос жұмыс орындарын ұсынып отыр.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өздеріне қажетті мамандарды таңдауға, ал жұмыс іздеп келген азаматтар мамандықтары бойынша жұмысқа тұруына мүмкіндік туып отыр.
Айта кетерлігі, қалалық жұмыспен қамту органдары жылдық жоспарға сәйкес 4443 тұрақты жұмыс орнына, әлеуметтік жұмыс саласы бойынша 1160 азаматты, жастар практикасымен 2070 жас түлекті жұмыспен қамту көзделуде.
Жалпы жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылысЭкономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады. 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында балық өндірісі өркендеп, өнім шетелге экспортталып жатыр.
Бүгінде ауданда балық шаруашылығымен айналысатын екі кәсіпорын жұмысын сәтті жүргізіп келеді.
Оның бірі  - «Хамит» балық өңдеу компаниясы. Бұл кәсіпорын балықтың етін Грузия, Германия, Украина Республикалары мен Ресей Федерациясына жөнелтуде. Балық шабағын кәсіпорын сырттан тасымалдайды. Тауарды тереңдетіп өңдейтін зауыт соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Өндіріс орны 200 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Мұнда қос бірдей желі жұмыс істейді. Алдымен, балық сүйегінен ажыратылады, сосын сүбе еттен филе жасалады. Тіпті, қалдығынан ұн да шығарылады екен. Тиімділігі сол, шикізат қалдықсыз өңделеді. «Сапалы өнімге сұраныс та жоғары», - дейді цех басшысы. «Хамит» селолық тұтынушылар кооперативі жылына өндірген өнімінің 70 пайызын шетелге жөнелтеді. Қазір зауыт балықтың сүйектен ажыратылған таза еті мен қақталған түріне басымдық берген. Кәсіпорын өз өнімін Еуроодаққа кіретін мемлекеттердің нарығына шығаруға арнайы рұқсат алған еліміздегі 10 балық өңдеуші зауыттың бірі. Зауыт негізінен көксерке мен алабұғаның таза етін экспорттайды. Қақталған қаракөз бен табанға да сұраныс жоғары. Сондықтан өндіріс басшылығы балық шабағын Қарағандыдан тасымалдап, оны қолдан өсіріп жатыр. Соның арқасында Ресей, Беларусь елдерімен қатар, Германия мен Францияға дайын өнімдерін экспорттауға көшті.
Биылғы жылы аталған ауданда тағы да екі балық зауыты салынып, іске қосылу күтілуде.

 

 Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Арыс қаласында жұмыс сапарымен болды. Онда әкім бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Ең алдымен, облыс әкімі бастаған топ Арыстың Ақдала ауылдық округіндегі «Қазына жер LTD» ЖШС сүт фермасын аралап, егістік алқабы жайымен танысты. Бүгінде онда 800 бас мал болса, соның 500-ге жуығы сауын сиырлар. Олардан күніне 10 тонна сүт алынады. Орта есеппен сүт фермасындағы әрбір сауын сиыр 22-25 литр көлемінде сүт береді. Ал дайын ағарған «Алтын Дән» және «Фудмастер» ЖШС-на тасымалданады.
Ал сүт фермасының меншігіндегі 2847 га жердің бүгінде 2278 га игеріліп, оның 1265 гектарына жүгері, 1013 гектарына жоңышқа егіліп, қолдағы ірі қараны жем-шөппен қамту жайы өздігінен шешіліп отыр. Мұнда жергілікті 75 азамат жұмыспен қамтылған.
Серіктестіктің жайымен танысқан облыс әкімі бұл жұмыстарды оң бағалап, сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуда арнайы базаның құрылу керектігіне тоқталды. Мұндай үлкен көлемді бордақылау алаңдарының облыста небары екеу екенінен мысал келтірген әкім осы мақсаттағы жұмыстарды жандандыру үшін арнайы семинар ұйымдастыруды тапсырды.
Мұнан соң, аймақ басшысы «Жаңа Ақдала» ЖШС томат өңдеу зауытын көрді. Маусым кезінде тәулігіне 600 тоннаға дейін қызанақ өңдеуге қауқарлы өндіріс орны осы жылы жеміс өңдеу түрін де қызметіне қосты. 2009 жылы іс қосылған томат пастасы және алма тосабын (повидло) өндіретін зауытта 48 адам тұрақты, 200 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылатын серіктестіктің 2747 гектар жері болса, соның биыл 300 гектарына қызанақ, 170 гектарына бау егіліп, одан 975 тонна томат концентраты (пастасы), 126 тонна алма (повидло) тосабы өндірілді. Мұндағы жалпы инвестиция көлемі 2 млрд. 300 млн. теңгені құрайды. 
Жұмысшы топтың соңғы аялдаған нысаны – бүгінгі Арыс – Шымкент тас жолының бойынан жаңадан ашылған дендросаябақ құрылысы болды. Аумағы 12 га алқапты құрайтын дендрарий саябағының құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамыз айында басталған. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Ж.Түймебаев арыстықтарға естелік ретінде шырша ағашын егіп, жергілікті халықты осы саябаққа кемінде бір түп ағаш егуге шақырды.  
Аталған бақта бүгінгі таңда бірнеше түрлі ағаш көшеттерінен 10 мың түп жасыл желек өсірілуде. Атап айтқанда, мұнда ағаштардың тез өсетін тұқымдары - терек, шаған, үйеңкі, тал, қайың, акация, катальпа, шынар, шегіршін, үштікенекті, қарағаш, мойыл, боз арша, қарағай, шырша, жеміс ағаштары, тірі ағаш шарбақ, көп жылдық гүлзарлар бар.
Облыс әкімінің Арыс шаһарына жасаған жұмыс сапарының соңы қала активінің қорытынды отырысымен аяқталды. Арыстың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстары мен тап болған өзекті мәселелері бойынша Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек пен оның орынбасарлары жасаған баяндамалардан соң Жансейіт Қансейітұлы бірқатар салалардағы кемшін тұстарға тоқталды.  
Атап айтқанда, әкім қала бюджетінің тек 33,6 пайызы немесе 4,1 млрд. теңгесі өзіндік кірістер, ал қалған 7 млрд. теңгесі облыс пен республикадан берілетін субвенция мен трансферттер екеніне тоқталды. Ал өзіндік кірістердің басым бөлігі, яғни, 2,9 млрд. теңгесі «Ордабасы» корпорациясының салықтары екенін айтқан ол басқа салаларда дамушылықтың төмен екенін сынап, осы бағыттағы жұмыстарды қолға алу керектігін назарға алды.
Өзге де салалардағы кемшіліктерді тізбелесек. Арыста 10 айға арналған бюджет қаражатының 319 млн. теңгесі игерілмеген. Индустрияландыру картасының шеңберінде 3 жобаны іске асыру көзделсе, соның бірде-бірі орындалмаған. Мұнан бөлек, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуы тиіс 12 жобаның тек екеуіне ақша берілген. Қалада шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету шаралары жеткіліксіз дәрежеде болса, ветеринариялық шараларға және бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану мәселесіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей келеді. Мәселен, шаһарда мал өлекселерін тастайтын орындар қажеттіліктің тек 25 пайызын құрайды екен. Ал қала бойынша 45,8 мың гектар егістік жердің тек 25,9 мың гектары немесе 56 пайызы ғана игерілген.    
Жоғарыда аталған бірқатар салалардағы олқылықтар инфрқұрылым, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, құқық бұзушылық, санитарлық тазалық мәселелерінде де бар. Әсіресе, облыс әкімінің коммуналдық мекемелердегі оңтайландыру жайттарына көңілі толмады.
«Қалаға қарасты Жосалы, Бақырша, Тоғансай және Ақтас елді мекендеріндегі шағын орта мектептерде дәріс алатын 33 балаға 7 мұғалім және 12 шаруашылық қызметкерлер қызмет көрсетеді. Осы 4 мектепті ұстауға бюджеттен жылына 14 млн. теңге жұмсалады. Ал осы балаларды жақын елді мекендердегі мектептерге тасымалдаса 13 млн. теңге үнемделер еді. Көңіл бөлетін мәселе, 1100 орындық Амангелді мектебінде 500 ғана оқушы оқиды. Осындай жағдайлар Б.Онтаев, Ж.Ташенов және Қабылсай мектептерінде де орын алып отыр. Ал Аққала жалпы орта мектебінің ғимараты бос тұр», - деді Ж.Түймебаев.
Отырысты қорытындылаған аймақ басшысы Арыс қаласының әкіміне салық салу базасын ұлғайтып, бюджеттік емес инвестицияларды тарту бағытындағы жұмыстарды арттыруды тапсырды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстарды арттырып, бос жатқан жерлерді қайта айналымға қосуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, білім ошақтарындағы оқу-тәрбие жұмыстарының сапасын арттырып, құқықбұзушылық пен қылмыскерлікті азайту бойынша пәрменді шаралар қабылдауды жүктеп, Тәуелсіздік тойын жоғары деңгейде ұйымдастыруды жүктеді.  
 
Бүгін «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күнннің24  қарашасы -  «Мемлекеттік тіл» күні. Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ. Елбасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр. Әр мәдениетті азамат өз отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білуге тиісті. Халықтын тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін оятады.
           Адам өмір сүреді қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынастар адамдар арасындағы сыйластыққа, достыққа, бірлікке құрылуы керек. Ал, шынайы достық қарым-қатынас тіл арқылы ғана жүзеге асады. Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту барысында біздің алдымыздағы басты міндет – тілді үйретудің ең қолайлы амалдары мен принциптерін таңдап алу. 
Осыған байланысты, облысымыздағы түрлі этнос жастарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған шараға жоғары және арнаулы оқу орындарынан және мектептерден 60 жас қатысты. Іс-шараға облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Байқонақов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз жайлы қалам тербеген жастардың шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, үздік деп танылған сегіз туындыны республикалық байқауға жолданды. Айта кетеу керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш байқау қараша айының 22-24 күндері аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен «Туған елге тағзым» атты қайырымдылық концерті  өтті.
Қайырымдылық жасау – ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Алла тағала Адамзат баласына он екі мүшесін сау қылып берсе, енді біреулерін жарым-жанды қылып сынайды. Ақыл есі бүтін жұмыр басты пенде жалған дүниеде Алланың бергені нығметіне шүкір ете отырып, ізгілікке, жетімнің басын сипауға, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға ұмтылуы тиіс.Қайырымдылық концертке еліміздің сахналарында өнер көрсетіп жүрген «Шаншар», «Алдараспан», «Нысана», «Шымкент-шоу» сатира театрларымен қатар облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, сондай-ақ,  қазақ эстрадасына танымал Марат Омаров, Таңат Мамырханұлы, Жұбаныш Жексенұлы,Шахизада Байпатшанова, Қанат Үмбетов сынды әншілер қатысып, жерлестеріне мерекелік көңіл күй сыйлады.
Концерттен түскен 2 миллион теңге әлеуметтік жағдайы төмен, қоғамдық көмекті  аса қажет ететін 8 отбасыға 250 мың теңгеден үлестірілді.
«Туған жерге тағзым» қайырымдылық шарасында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов барша қатысушы ордалы Оңтүстік өңірінің төл перзенттеріне алғысын білдірді.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстағы барлық мәдени мекемелер мен мәдениет үйлерінің өнер қызметкерлері тұрақты түрде өңіріміздегі ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үйіне барып, арнайы қойылымдар мен іс-шаралар ұйымдастырып балғын балаларды қуантуда.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында «Шәміл-Дүр» жастар саябағы салтанатты түрде ашылды.
Отырар ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне карасты аумақпен және Сарыағаш ауданымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі.
Шәуілдір тұрғындары мен жастар алдында құттықтау сөз сөйлеген Ерлан Айтаханов «Шәміл-Дүр» хиқаясына кеңінен тоқталды. «Аңыз түбі – ақиқат» деп, бабаларымыз бекер айтқан ба?! Шәуілдір ауылы атауының тарихы тереңде жатыр. Соның бір нұсқасы – аңызға арқау болған Шәміл мен Дүр. Жастарымыздың өлке тарихын танып білуі, оған құрметпен қарауы шарт. Бұл саябақ – Жастар ресурстық орталығының теңгеріміне беріледі. Бұдан былай спорттық, мерекелік іс-шаралар осында өтетін болады,- деді аудан әкімі.
Бүгінде Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесі отырарлықтар үшін тамаша тартумен келді. Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында еліміздің ертеңі саналатын жастарымызға арналған «Жастар» саябағы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жалынды жастық жігер мен мәңгілік махаббаттың символы болған Шәміл мен Дүрияға арналған ескерткіші қоса ашылып отыр.
 

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Елбасы -  елдің тірегі!» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1- желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған додада әр ауданнан келген 10 жас ақын бақтарын сынады.
Айтыста қара сөздің майын ішкен азулы ақындарымыз Әселхан Қалыбекова мен Анар Жаппарқұловалар қазылық етті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада жас ақындар «Тәуелсіздік» пен «Елбасы» тақырыбын жырға қосты.
Ақындардың сөз саптауы мен мақамына қарай бағалаған қазылар алқасының төрағасы Ә.Қалыбекова білім саласындағы жетістіктер мен өнерлі оқушылардың басқарма тарапынан қолдау тапқаны үшін алғысын бідірді.
Аламан бәйге нәтижесі бойынша, бас жүлдені отырарлық Мұхит Бабақұлға алса,  I орынды Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің оқушысы Дастан Орынбай жеңіп алды. Ал жүлделі  II орынды осы мектептің оқушысы Базарбек Бекжанға бұйырса, III орынды түркістандық Бақдәулет Қожанов пен Арыстан Мағжан өзара бөлісті. Сонымен қатар, төлебилік Ахай Ұлықбек болашағынан үлкен үміт күттіретінін ақын екенін көрсетті.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында Түркістандағы бірқатар елді мекендер мен шағын аудан тұрғындары ауыз су және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Осы ретте шаһар басшысы Ә.Өсербаев ауыз су мен сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілген аймақтардағы тұрғындармен кездесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай тарту ретінде ұйымдастырылып отырған игі шаралардың басында болды.  
Тұрғындар алдында сөз алған шаһар басшысы қалада жасалған жұмыстардың барлығы да Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліне деген қамқорлығы мен салиқалы саясатының арқасында екенін айтты.       
Бұл күні Түркістанда бес нысанда ауыз су құбырлары және қаланың ұлғаюына байланысты жаңа тұрғын үйлерге сапалы электр қуатын тарату үшін бес аймақта электр желілері іске қосылды. Бұл нысандардың жалпы құны 4 млрд. 904 млн. теңгені құрап отыр. Соның ішінде ауыз суға 3 млрд. 438 млн. және электр желілерін орнатуға 1 млрд. 465 млн. теңге бөлінген.  
Осы нысандардың бірі Түркістан қаласына қарасты Қарашық ауылында ауыз су құбырларының құрылысы жүргізілген болатын. Ел игілігіне берілген ауыз су құбырының іске қосылғанына қуанышын білдірген Қарашық ауылының тұрғыны, ауылдық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Бабажан Муютов өз сөзінде «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауыл тұрғындарына тарту ретінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара баршамызға үлкен қуаныш сыйлап отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, сапасыз суды да әжетімізге жаратып келдік. Ал енді «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында беріліп отырған ауыз су ел игілігі үшін жұмыс жасай береді деп сенемін. Біздің ауылда бұдан басқа көшелер жарықтандырылды және асфальттер төселіп тіпті ауылда аяқжолдар салынуда. Осының өзі еліміздегі қарқынды жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын білдіреді» - деп ризашылығын жеткізді.
Шара барысында мамандардың айтуынша іске қосылған нысандардың есебінен Түркістан қаласы аумағында тұрғындарды ауыз сумен қамту 90 пайызға жетіп, биыл 15 мыңнан астам абонент таза су тұтынуға қол жеткізіп отыр. Ал 2016 жылы қала аумағындағы 5 мыңнан астам абонент сапалы электр қуатымен қамтылды.    
Осылайша жалғасын тапқан Түркістандағы коммуналдық қызмет сапасының арта түскенін куә болып отырған «Бекзат» мөлтек ауданының тұрғыны Әбдіғали Сандыбай өңірлерде мемлекет басшысының пәрменімен жүргізіліп жатқан жұмыстарға жүрек жарды қуанышын жеткізіп, жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерге ауыз су, электр қуаты және жол салынғанын нағыз өркениетті елдің жұмысы деп бағалады.
Айта кетерлігі, Түркістандағы Тәуелсіздікке тарту ретіндегі игілікті шаралар тек мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы күндерде шалғай ауылдардағы өзен көпірлері, көшелерді жарықтандыру секілді коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында түрлі ел әжетіне жарайтын нысандар саны арта түспек.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.
Аталған мереке Оңтүстік Қазақстан облысында ең алғаш болып басталып кетті.
Шымкентте Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті күніне орай жасөспірімдер арасында үстел тенисінен облыс біріншілігі басталды. Аталмыш турнирге Шымкент қаласының №6 теннис мектебі ұйытқы болып отыр.
Үстел теннисінен жарыс Асар мөлтекауданындағы №90 жалпы орта мектеп базасында бастау алды. Оған Сарыағаш, Шардара, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек,Сайрам аудандары мен шымшаһардан  100 – ге жуық спортшы қатысуда.
Облысымызда 250-ден астам жасөспірім үстел теннисінен үйірмеге барады. Кәсіби түрде айналысады. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта бұдан да еселенуі мүмкін. Өйткені, №6 теннис мектебі спорттың осы түріне бұқаралық сипат беру үшін барын салуда. 
Осындай ашық біріншіліктер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылатын болады. Өйткені, спортшылар бәсекелестік салтанат құрған түрлі сайыстарда шыңдалады. Еліміздің әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеруге күш салады.
Еліне теңдік, жеріне кеңдік алған қазақ жұрты Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойында тұғырлы тұлғаларын да түгендеп жатыр. Биыл – Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның туылғанына 150 жыл! Қазақтың ғажап күні – азаттығын аңсаған ұлды Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының мамандары ұлықтады.
Жарық дүниеде «Жасасын, Алаш!» деп, ұран салып, қанынан әлі,  жанынан демі кеткенше қазаққа қалтқысыз қызмет еткен  ұлдардың бірі осы Әлихан Бөкейхан еді. Арлы азаматтың жасаған ісі  ұрпақ санасында жаңғырып жатыр. Шара барысында көрнекі тұлғаның азаматтық қырын ашатын, ұлт көсемі ретіндегі болмысын биік ететін бейнебаяндар көрсетілді. Жастарға жалынды рух берер әңгімелер айтылды.
Әлібек Шегебай – облыстық әдеп-ғұрып салт-дәстүр орталығы директорының орынбасары
Біздің орталықтың өтіп жататын іс-шарасына мектеп оқушыларынан бастап, осы жоғарғы оқу орданың студенттері келіп, мына біздің іс-шараларға қатысып,өздеріне мағлұмат алып отырады. Бүгін де - соның бір көрінісі. Қазір келіп отырған ғалымдармыз, өзінің Әлихан жөніндегі жұмыстарын, дайындап жүрген жобаларын т.б дүниелерін келген қонақтарға ұсынады.
Жалайырға жар салатын жағдай. Ұлтымыздың ұлы перзенті Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы биыл /ЮНЕСКО аясында тойланады. Алты Алаштың көсемі, тарихи тұлғаның кейінгі ұрпаққа қалдырған аманат-мұрасы жетерлік екенін осы құрметтің өзі айғақтайды.
Нигина Исахова-студент
Әрине мұндай іс-шаралар бізге берері мол деп ойлаймын. Өйткені Ә.Бөкейхан Алаштың арда азаматы. Тәуелсіздігіміз үшін күрескен азаматтар болған соң, біз бұларды ұмытпай, жиі есімізге алып тұрамыз.
Саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қара басының қамынан, қара халқының келешегі үшін, әрі сол жолда бәйгеге басын тіккен ардақты тұлғаның өмір жолы осындай шараларда үлгі етіліп, жас ұрпаққа бағдар болады.