19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

2016 жылдың қараша айының 29 күні Түлкібас аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі, "Мәдениет және тілдерді дамыту" бөлімі және "Қазақстан Републикасы КВН одағы" РЖҚБ Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Жастар бейбітшілікке жол бастайды" атты "Жайдарман" аймақтық лигасы өткізілді. Атаулы іс-шара Састөбе поселкесіне қарасты мәдениет үйінде өтті. Ойын барысында әсерлі әзілдермен, көркем көріністер көрермен көңілінен шықты. Жайдарманға аудан көлемінде 5 команда қатысты. Белсене қатысқан және жүлделі орынға ие болған командалар алғыс хаттармен, арнайы сый-сияпаттармен марапатталды. ІІІ-орын "Көксағыз жастары" командасы алса, ІІ-орынды "Балықты құрамасы" командасы иеленді, І-орын "Жас талант" командасына бұйырды.
2016 жылғы 29 қараша күні М. Жәрімбетов ауылындағы Алғабас спорт кешенінде аудан әкімінің бекіткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілетін іс-шара жоспарына сәйкес, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Спорт – бейбітшілік!» және «Ядролық қарусыз әлем!» атты ұранмен еркін күресінен 2001-2003 ж. т. жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа 12 командадан, 120 жас палуандар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен құттықтап, жас палуандарға сәттілік тіледі. Сөз кезегін ауданымыздың «Құрметті азаматы!», бокстан КСРО-ың спорт шеберінен үміткері, спорт ардагері Н. Сүгірбеков, дене шынқтыру және спорт бөлімінің басшысы П. Әбіханов, Алғабас спорт кешенінің меңгерушісі А. Сейдалиев жалғастырды. 
11 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыстың нәтижесінде, жүлделі орындарды иеленген жас палуандарымызға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің медальдары және дипломдары табысталды. 

"ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ -ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ" атты 25 жұлдызды күннің "Жаһандық бастамалар" күніне байланысты Бәйдібек ауданының түпкір түпкірінде түрлі салалар бойынша мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

 Аудандық спорт кешенінде 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі, Шаян ауылындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Шаттық" халық ансамблінің концерті өтті.

Сонымен қатар, аудан жастарының қатысуымен "Жастар келешектің тұтқасы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аудандық кітапханаларда "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жаһандық бастамалары" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. кітап көрмесінің лентасын ауылдық әжелер алқасы және аналар кеңесінің төрайымы - Баетова Рая,кітапхананың тұрақты оқырманы зейнеткер - Жунсалиев Бейсенбай қиып алғаш болып сөз сөйледі. Сонымен қатар, Байзақ Нұргелді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап,Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бұл күнге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған бірлігіміздің арқасында жеткенімізді тілге тиек етіп, жырдан шашу шашты. Қөрмеге келген оқырмандар қойылған әдебиеттермен танысып, біршама мағлұматтар алды.Кітап көрмесімен танысуға 22 оқырман қатысты. Боралдай ауыл кітапханасының кітапханашысы оқырмандарды кітапханаға келіп кітап оқуларына шақырды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты 23 қараша күні Шаян ауылындағы "Зиякул" салтанат сарайында «Қазақ соқырлар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің «Бәйдібек» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен 13 қараша - Бүкіл әлемдік зағиптар күні аталып өтті.
Іс-шараға ауданымыздағы І-ІІ топ көз мүгедектері мен "Қазақ соқырлар қоғамы" Қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал төрағасы, облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана директоры, көзі көрмейтін оқу өндірістік кәсіпорынның директоры және "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков, "Алғабас" газетінің редакторы Б.Қалаубай, "Зейнеткер тынысы" газетінің редакторы С.Тұржан, "Шаян" газетінің редакторы А.Әділбек, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш.Отыншиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ө.Алдамжаров, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Есмырзаев қатысты.
Іс-шарада облыс орталығынан келген қонақтар мен ауданымыздағы бірқатар мекеме, бөлім басшылары құттықтау сөз сөйлеп, аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Бүгін әлемде көзі көрмейтін шамамен 124 миллион адам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен нақты осы дата Халықаралық зағиптар күнін белгілеуге негіз болды.18 ғасырға дейін әлем зағиптарға арналған мекемелерді білмеді. В.Гаюи алғаш рет өзі ойлап тапқан шрифт бойынша көз жанарынан айырылғандарды оқытудың әдісін ұсынды. 1784 жылы Парижде үкімет пен қайырымдылық қоғамдардың еш қолдауынсыз ол жеке қаражатына өзінің үйінде зағип балаларға арналған әлемдегі алғашқы мектепті ашты. В.Гаюидің тұңғыш оқушысы жетім бала Франсуа де Лезюер болды. Одан кейін мектепке онымен тағдырлас тағы 11 бала қабылданған.

 

Сәрсенбі, 30 Қараша 2016 09:12

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ

Түркістанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қазақ тілін меңгерген жастарға қолдау көрсету, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында мектеп жасындағы түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тіл-парасат» атты байқау болып өтті. 
Байқауда ұсынылған тақырып бойынша өзін таныстыру, қазақы салт-дәстүрлер туралы сұраққа жауап беру, шығармашылық тапсырма бойынша өз өнерін көрсету ұсынылды. Үш сайыс бойынша жарысқа түскен қатысушылар бар өнерлерін ортаға салып, бірі М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін жатқа оқыса, енді бірі Ғ.Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» шығармасын мазмұнды әңгімеледі. Сондай-ақ, салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға да еш мүдірместен жауап берді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес шара соңы жүлдегерлерді марапаттаумен ұласты. №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Н.Давронбекова бас жүлдені қанжығасына байласа, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып жүрген Н.Курбансеитова І-орынға ие болды. Өз тілін құрметтеп қана қоймай, өзге тілдің өрісін кеңейтіп, мәдениетін жатқа дәріптеген А.Муртазаева ІІ-орынға қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынға Б.Абдусаттарова лайық деп танылды.
«Mәңгілік ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы идеяны жүзеге асыруда мемлекеттік тілдің маңызы зор.
 

 

Сейсенбі, 29 Қараша 2016 23:26

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ТҮРКІСТАНДА

 
Түркістан қаласы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен құрылған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала тұрғындарымен кездесті. 
Жиынды қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков жүргізді. Осы орайда алғашқы баяндама жасаған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» басқармасының басшысы, республикалық ақпараттық-түсіндіру топ басшысы М.Иманбаев, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспарланған мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылған шаралар мен қазіргі таңдағы діни ахуалға тоқталып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу қажеттігі жайында кеңінен баяндап өтті. 
Сондай-ақ ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» мекемесінің бас сарапшысы А.Мұқашев діни экстремизмнің алдын алу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының» исламды зерттеу бөлімінің бастығы М.Исахан діни бірлестіктердің қоғамдағы ролін айшықтап, дәстүрлі емес радикалды ұйымдардың әрекеттерінің алдын алу және болдырмау жөнінде баяндап берді. Бұған қоса, облыстық дін істері басқармасының басшысы Б.Жалмұрзаев, ұлтаралық татулықты нығайтуға күш салу керек екендігін назарға салды. 
Жиын соңында мамандар, ең бастысы, қауіпті діни ұйымдарға көп болып қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғаса бермек.
Тәуелсіздікке тарту! Ел егемендігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өңірлерде игі іс-шаралар жалғасып жатыр. Түркістанда жаңа тұрғын үйлер ауыз су мен электр желілеріне қосылды. Маңызды нысандардың жұмысына төрт миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған. Осылайша, қала аумағында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту ісі 90 пайызға жеткен. Сондай-ақ, биылдың өзінде  бес мыңнан астам отбасы электр қуатымен қамтылған. Ел құптарлық жұмыстар әсіресе, «Қарашық» ауылы мен «Бекзат» шағын ауданында қызу жүріп жатыр. Мұндағы тұрғындар игі шараларды нағыз өркениетті елдің жұмысы деп бағалайды. Айта кетейін, тәуелсіздікке тарту таралғылары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта шалғай ауылдардағы өзен көпірлер қалпына келтіріліп, көшелерді жарықтандыру жұмысы жақсаратын болады.
«Сығырайған светте отыратын едік, бүгін ақ түйенің қарны жарылып, міне, 2800 квт-тық подстансамыз іске қосылды. Бұл үлкен жақсылық» — Түркістан қаласының тұрғыны Әбдіғали Сандыбай. «Өткен күндер мен жылдарға қарап көз жүгіртсек, Түркістан қаласындағы 35 елді мекеннің біреуінде де ауыз су болмаған. Қазіргі таңда сол 35 елді мекеннің 27-нде сумен қамтамасыз етілді. Қалғандарына жер асты су қорларына барлау жұмыстары жүргізіліп, ол да ендігі жылы жобалау сметалық құжаттары жасалып, алдағы уақытта олар толығымен қамтамасыз етілетін болады» — Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев.
Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени этнографиялық орталықта облыстық маслихат депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын қарау туралы кезектен тыс жиын өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, облыстық маслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары мен Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қатысты. 
Жиын барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов 2017-2019 жылдарға жоспарланған облыстың бюджет жобасымен таныстырды. Осы мәселемен қатар, облыстық маслихат депутаты Р.Тәңірбергенов Түркістан қаласын абаттандыру, ауылшаруашылығы мәселелері және қаладағы өзге де әлеуметтік мәселелер жөнінде сауал қойды. Осылайша депутаттық сауалдар жалғасып, тиісті сала басшылары тарапынан жауаптар берілді.
Жиын соңында қала әкімі Ә.Өсербаев қаланының даму концепциясының негізгі бағыттарын айтып, болашақта қаладағы түйткілді мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасалатынына сенім білдірді.
Айта кетерлігі, басқосу барысында аталған мәселелер бойынша нақты шешімдер арнайы кезекті сеесияда талқыланып, өз шешімін табатындығы жөнінде түйін жасалды.
Сонымен қатар, осы күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және халықаралық ЮНЕСКО ұйымының тарапынан 2016 жыл «Қожа Ахмет Ясауи жылы» болып жариялануына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы және Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві бірлесе ұйымдастырған «Елдің интеллектуалдық капиталы – тәуелсіздіктің рухани іргетасы» тақырыбындағы тарихи-құжаттық көрменің ашылуы болды.
Атаулы көрмеге ҚР Президенті Архивінің директоры Б.Жапаров, ОҚО Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев, Облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ә.Сәрсенбаев, қалалық ақсақалдар алқасы, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен студенттері, музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Алғашқы сөз кезегін алған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір айтулы көрменің маңыздылығы жөнінде және Елбасының ерен еңбегінің арқасында қазіргі Қазақстан ынтымағы жарасқан іргелі мемлекетке айналғанын айтып өтті. Киелі қаламызға рухани көшті бастап келген Б.Жапаровқа алғыс хатпен бірге музейдің баспа өнімдерін сыйға тартты.
Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев қонақтарға зор алғыс айта отырып, осындай игi iстердiң жалғасын табатынына сенім білдірді.
Көрме экспозициясынан Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне сақтауға алынған Қазақстанның жүріп өткен жолы мен егемендігінің еңселі кезеңдерін көрсететін құжаттарды тамашалауға болады. 
Сонымен қатар, Елбасының қасиетті Түркістанға әр жылдары келгендегі фотосуреттері мен тарихи құжаттары қойылған..
Қаламыздағы Қазақстанға 30 жыл атындағы №3 көпсалалы мектеп – гимназиясында «Ядролық қарусыз болашақ» атты іс шара өтті.
Қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев, Семей полигонының куәгерлері Х.Абдувалиев және А.Нұрымбетов пен 9-10 сыныптың оқушылары қатысқан жиында мектеп мұғалімі А.Сиддиков ядролық полигон жайында баяндады. Сондай-ақ, іс-шарада Семей полигонының зардаптары туралы адам ағзасына зиянды тұстары айтылып өтті. 
Қала әкімінің орынбасары Р.Мыңбаев жалпы ядролық полигон бойынша оқушыларға мағлұмат беріп, әлі күнге дейін Семей қаласында ядролық полигонның зардаптары бар екенін айтты. Семей полигонының куәгері Х.Абдувалиев басынан өткерген, көзімен көрген жәйттарды оқушыларға әңгімелеп берді.
Жиын соңында Семей ядролық полигоны жайлы бейнеролик көрсетіліп, оқушылармен психологиялық тренинг ойнатылды.
Осы, күні Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылдық клубына облыстық деңгейде ұйымдастырылған «Кітапханалық керуен – 25 ауылға» атты автокеруені келді. Керуеннің мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу және насихаттау. Керуенге қала және облысқа әйгілі зиялы қауым өкілдері қатысты. Керуенді ұйымдастырушы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы. Керуенді бастап келген қонақтар облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директорының орынбасары Алпысбаева Гүлмира, академик, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, халықаралық Ресей психологиялық ғылыми академиясының құрметті академигі, Қазиев атындағы әдеби сыйлықтың иегері Сарманбай Исақов, жас ақын облыстық жас ақындар орталығының төрағасы Сүндет Сейітов және облыстан келген зиялы қауымдар сөз сөйлеп, 25 жылдықтағы ел жетістіктерін кеңінен насихаттады. Сонымен қатар, жергілікті ақын-жазушылар көпшілікті құттықтап, жүректен шыққан жырларын сыйлады. Керуенмен келген жас өнерпаздар ауыл халқына өнерлерін паш етті.
Сонымен қатар, Кентау қаласының ойын және су спорты түрлерінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған каратэ - до Шотоканнан ашық турнир өткізілді. Жарысқа 6-15 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысып, жүлделі орын алған спортшылар тиісті дәрежедегі димломдар және медальдармен марапатталды.
Сейсенбі, 29 Қараша 2016 22:56

АРЫСТА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. 
Бүгін 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойларына орай, жаңадан салынған Монтайтас ауылдық округі Қабылсай елді мекеніндегі 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. 
Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.
Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар ,бүгін Арыс қаласының білім беру ошақтарында «Елін сүйген, Елі сүйген–Елбасы» тақырыбында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар өтті.
Іс-шараның мақсаты жас ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, елін, отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады.
Аталған тәрбие сағаттарда оқушыларға Елбасының өмір жолына арналған көрмелер ұсынылып, бейнероликтер көрсетіліп, жас өнерпаздардың концерттік бағдарламалары ұйымдастырды.
«25 жұлдызды күн». Акция аясында кентаулықтар да ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойын есте қаларлықтай етіп, тойлауда. Тоқырау жылдары тұрмысы шатқаяқтаған қаланың қазір еңсесі тік, перзенттерінің қадамы нық. Толқынды толқын қуып, өсіп келеді.
Мерейлі той қарсаңында шағын қалада көрме ұйымдастырылды.  Бірнеше жас қолына Қазақстан азаматы екенін айғақтайтын құжатын алды.
Оң-солын танып, он алтыға толғандарға құрмет қаладағы Шәмші Қалдаяков атындағы мәдениет сарайында көрсетілді. Еліміздің жас тұрғындары алғашқы құжаттарын салтанатты шарада алғандарына мәз-мейрам. «Бұл егемендікке бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырдық, - деді қала басшысы Әбдібақыт Мақұлбаев.
Әбдібақыт Мақұлбаев – Кентау қаласының әкімі
- Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз. Бүкілхалықтық мерекеге орай өткен шараның жастардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайтуға сеп боладыАз уақыттың ішінде біздің еліміз үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр.
Азамат атану – үлкен жауапкершілік. Кешегі тұлымшағы желбіреген ойын баласы бүгінде өздерінің ес жиып, еңсе тіктегендерін сезініп тұр. Төлқұжат тапсыру салтанаты кенді мекенде айтулы мерейтой қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Елім деп ерлеген батырларымыздың арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130-дан астам түрлі ұлт өкілдерінің ауызбіршілігі асқақтаған өлкеде, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүру - әрбір перзент үшін бақыт әрі мақтаныш.