19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Шымкентте еліміздегі ең үлкен орталықтардың бірі боларлық Beeline Қазақстан  компаниясының жаңа ғимараты ашылды.  Екі қабаттан тұратын ғимарат толығымен жаңа технологиямыен жабдықталған. Салтанатты тұсаукесер рәсіміне Beeline Қазақстанның Бас директоры Тарас Пархоменко, облыс әкімі аппараты басшының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, орталықтың лентасын қиды. Осы күннен бастап  жаңа Сall-орталық Beeline абоненттеріне қызмет көрсетуді бастап кетті.
 Қазіргі уақытта орталықта 400-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Шымкенттегі call-орталықтың басты ерекшелігі - келіп түскен күшті екі орталыққа тең бөлетін толықтай автоматтандырылған Beeline Қазақстанның таратпалы call-орталық жүйесіне қосылған. Соның арқасында еліміздегі абоненттердің күту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.
Алматы мен Шымкенттегі call-орталықтарға арналған күшті заманауи ІТ-платформалар мен орталықтандырылған CRM-ның арқасында күнделікті компания қызметкерлері Beeline Қазақстанның тұтынушыларының 26 мыңға дейінгі талап-тілектерін қанағаттандырады.
 Beeline Қазақстанның Бас директоры Тарас Пархоменко байланыс орталығы туралы: «Beeline Қазақстан үшін көрсетіп отырған қызметтері жағынан алдағы орында болу маңызды, сондықтан біз үнемі қызмет көрсетуді жақсартып отыруға және абоненттеріміз үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз. Шымкентте call-орталық құру – тұтынушылық тәжірибені жақсартудағы кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды кезең», - деп атап өтті.
 Beeline Қазақстан – Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жұмыс берушілердің бірі. 14 бөлімше мен 2 call-орталықта екі мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бүкіл Қазақстан бойынша call-орталықтар ай сайын 600 мыңнан астам қоңырауды қабылдайды. 
 
 
Бокстан 26 қазанда Алматыда аяқталған әлем чемпионатында жүлдегер атанған шойынжұдырықты саңлақтар туған жерге оралды. Жер жүзінің кіл мықтылары жиналған байрақты бәсекеде жеңістің ең биік сатысына көтерілген Біржан Жақып пен қола жүлдегер атанған Қайрат Ералиевті Шымкент әуежайында боксшылардың жанкүйерлері мен туған-туыстары, сондай-ақ аудандық, облыстық әкімдіктің жауапты тұлғалары қарсы алды.
 Салтанатты қарсы алу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ерлан Садыр бастаған азаматтар сайыпқырандардың жеңісімен құттықтап, көпшілік алдында жүрекжарды лебізін білдірді. «Боксшылардың жүлдегер атануымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз. Әлем біріншілігінен 1 алтын, 1 қола медаль олжалау – оңтүстік жұрты үшін зор мәртебе», деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
 Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасын баптайтын білікті бапкер Мырзағали Айтжановтың төл шәкірті Біржан Жақып (49 келі) бұған дейін де талай байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғаған. Біржан 2005 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені олжаласа, 2010 жылғы Азия ойындарында күміспен күптелген. Сонымен қатар, Бейжің және Лондон Олимпиадаларында бақ сынаған. Ал, Мырзағали Айтжановтың тағы бір шәкірті Қайрат Ералиев болса, болашағынан көп үміт күттіретін қарымды боксшылардың бірі. Алматыдағы әлем біріншілігінде қола медальді қоржынына салған 23 жастағы Қайраттың бұл жетістігі – оның спорттық ғұмырындағы ең ірі табысы.
Бокстан Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атағына қол жеткізген Біржан Жақып енді біраз уақыт тынығып алмақ. «Құрама бапкерлерінің ұйғарымымен барлық боксшылар демалысқа жіберілді. Үлкен спортпен қоштасамын деп біржақты шешім қабылдаған жоқпын. Жеке бапкерім Мырзағали ағамен ақылдасып, алдағы уақытта нақты пікірімді білдіремін», деді Біржан Жақып shymkent.gov.kz сайтына берген сұхбатында.
Дерек көзі: shymkent.gov.kz.
Соңғы жылдардың үлесіндегі Шымкент қаласында бой көтерген зәулім ғимараттар мен сәулетті құрылыс нысандары көпшіліктің көзайымына айналып, қала келбетін тіптен ажарландыра түсті. Тек құрылысы жаңа жүріп жатқан әкімшілік іскерлік орталығының аумағында бой түзейтін алып құрылыстардың өзі қазірден-ақ көпшіліктің назарын аударуда. Біз қаланың бүгінгі көркі мен келешек келбеті жайлы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Архабаевпен сұхбаттастық.
- Нұрлан Төлепбергенұлы, еліміздегі үшінші қала мәртебесіне ие болып отырған Шымкент шаһарын мегаполис ретінде тану үшін қандай талаптар қойылған?
- Жалпы, әлемдік тәжірибеде кіші, орта және үлкен деңгейлі қалалар деген ұғым қалыптасқан. Онда тұрғындарының саны, орналасқан жер аумағы басты қағида ретінде қаралады. Шымкент – тұрғындарының саны және жерінің орналасу көлемі бойынша үлкен қалалар тобына енеді. Оның үстіне, күні кеше ғана айқындалған бас жоспар негізінде, Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудандарындағы 36 елдімекен қала аумағына енгізілді. Осының нәтижесінде, қаланың шекаралық аумағы 40 мыңнан 117 мың гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, негізгі талап етілген тетіктер бойынша облыс орталығы бүгінде транспорт-логистикалық орталық мазмұнына ие. Сонымен қатар, әсем саябақтар мен заманауи ойын-сауық орталықтары - қала өмірінің мән-маңызын арттыра түскен сәулет орындары болып табылады. Маңыздылығы тұрғысынан алғанда республикада алғашқы орындардан табылатын дендросаябақ, зообақ, ипподром сынды заманауи кешендер қаланы мегаполис ретінде тануға мүмкіндік береді. Мегополис атану үшін оның бай тарихы да есепке алынады. 2 200 жылдық ғұмыры бар Шымкент қаласының бай мәдени мұрасы қаланың маңызын арттыра түседі.
Қаланың дамуы екi кезеңдi қамтитын болады. Бiрiншi кезең 2015 жылға дейiнгi, екiншiсi 2025 жылмен қорытындыланады. Алғашқы кезеңде Шымкент  халқының саны 1 миллион адамға жетiп,  үлкен мегаполис дәрежесіне жетсе, екiншi кезең бойынша тұрғындар 1 миллион 200 мыңнан асады деп күтiлуде. Алайда, облыстың демографиялық өсiмiн, көшi-қон мәселесiн ескерер болсақ, бұл межелі көрсеткiш одан да жоғары болуы әбден мүмкiн. Демек, бүгінде Шымкент «миллион тұрғыны бар қала» санатына қосылуға сәт сайын жақындап келеді.
- Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының құрылысы қызу жүріп жатқаны белгілі. Жоспар бойынша алғашқы нысандар қай кезде пайдалануға беріледі?
- 2012 жылдың 6 шiлдесi  Қазақстанның бас қаласы – Астана күнiнiң мерекесi ретiнде ғана емес, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тағы бiр айрықша күн ретiнде есте қалды. Себебi, дәл осы күнi «Нұрсәт» шағынауданынан әкiмшiлiк-iскерлiк орталығының құрылысы басталды. Жаңа құрылыс нысанының жалпы аумағы 364 гектарды құрайды. Салынатын ғимараттардың барлығы өзiндiк ерекшелiктермен жасалып, осы заманғы келбетiмен дараланбақ. Бұл кешендi нысандар келешекте қаланың дамуына жаңа серпiн беретiнi анық. Ағымдағы жылы мұндағы облыстық кітапхана мен көрме кешенінің ғимараты пайдалануға беріледі. Ал келер жылдың еншісінде облыстық әкiмшiлiк ғимараты мен облыстық орыс драма театрын және Конгресс-Холл ғимаратын елдің игілігіне беруді межелеп отырмыз. Айта кетейік, 16 қабатты әкімдік ғимаратына 22 басқарма шоғырландырылады. Сондай-ақ, аталған орталық маңында 900 мың шаршы метрге жететiн тұрғын үй салынбақ. Ал, Астана даңғылының бойынан көлемi 150 гектар жердi алып жатқан жасыл бақ бой түземек.
- Ескі қалашық орнында аспан асты ашық мұражайы салынады деген әңгімелер айтылған еді...
  - Ол рас. Көп кешікпей ескі қалашықтың бойында байырғы мәдениет пен келбет-сәулетін сақтаған жаңа қала бой көтереді. Ондағы өткен күннің белестерінен сыр тартатын тарихи орындар келер ұрпақ үшін де құнды, маңызы зор болмақ. Көне шаһардың орны демалыс аймағы ретінде айшықталып, тарихи жәдігерлерге үңілуге мүмкіндік беретін болады. Бұдан бөлек, облыс орталығында күн өткен сайын заманауи үлгідегі нысандар қатары көбейіп, тұрғындар мен қала қонақтарының көзайымына айналуда. Енді алдағы 20 жылда Шымкент қаласы гүлденіп, жаңа биік белеске көтерілетін болады.
- Жаңа жобаларға тоқталсаңыз...
- Қаланы бел ортасынан кесiп ағатын Бадам өзенiнiң суын тереңдетiп, ескектi қайық спортын қолға алу жоспары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, оның жағалауы қала тұрғындарының отбасымен келіп демалуына болатын арнайы орынға айналады. Қошқарата өзенiнің бойын да абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Өзен басталған жерден Ордабасы алаңына дейiнгi аралық тазаланып, жағалауы шегенделедi. Келешекте Қошқарата өзенiнiң бойы қала тұрғындары мен қонақтарының серуендеп, демалатын сүйiктi орны болмақ.Ойымызда тың жоспарлар, жақсы идеялар бар. Қаланың бас жоспары қайта бекітіліп, қала аумағының ұлғаюы да, халық санының артуы да үлкен серпілістерді алып келді. Мұның бәрі де қала мәдениетінің дамуына оң ықпал етеді. Қазіргі уақытта облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей басшылығымен «Ипподром» аумағынан бастап Бәйдібек би ескерткішіне дейінгі аумақта этно-тарихи саябақтың, облыстық мұражай және әдет-ғұрып орталығының эскиздік үлгісі мен жұмыс жобасы жасақталынып жатыр. Этно-тарихи саябақ аумағында облыс көлемінде орналасқан тарихи маңызы бар кесенелер мен ескерткіштердің кішірейтілген макеттері орналастырылатын болады. Облыстық мұражай және әдет-ғұрып орталығы бой көтереді. Ал «Ипподром» аумағының кіре беріс тұсына «Наурыз» алаңы салынады. Бұл аумақта «Ауылым — алтын бесігім» атты барельефті композициясы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Бүркітші» кейіптері көрсетілген сәулеттік декоративтік элементтер орналастырылатын болады.
–Бас жоспарда екінші темір жол вокзалы мен қалаішілік айналма жолдардың құ¬рылысын салу жоспарланғаны белгілі. Бұл жобалар көлік қозғалысы мәселесін шешуде қаншалықты тиімді?
– Шымкенттің солтүстік бағытындағы «Бозарық» елді мекеніне жақын жерден «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомагистралы өтеді. Міне, осы жерде жаңа темір жол вокзалы салынатын болады. Екінші вокзалдың салынуы жолаушылар нөпірін болдырмауда, сөз жоқ, оң ықпал етеді. Себебі, қа¬зір¬гі вокзалға бағытталған жолаушы және жүк тасы¬мал¬ының бір бөлігі екінші вокзалға жүретін болады. Теміржол вокзалымен қатар, онда жаңа автобекет те бой көтереді.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан Жеңісбек СЕРІКҰЛЫ, "Шымкент келбеті".
Дүйсенбі, 28 Қазан 2013 11:20

Велосипед - ең тиімді көлік


Демалыстың түрі көп. Экзотикалық, саяхат дейсіз бе, уақыт тапсаңыз болғаны әрине. Кейінгі кездері кәдімге велосипедті ерттеп міну жайында сөз қозғалмайтын болды. Біз осыған қынжыламыз. Бәріміз де велосипедпен серуендеудің құндылығы хақында біраз жәйтті білеміз. Там-тұмдап болса да. Ал шындығында үдеден шығып жүрміз бе? Таным-түйсігіміз қаншалықты?
Осы бір көлікке құмартқан кісілерден сұрай қалсаңыз, велосаяхат ең әуелі еркіндік екенін аңғарасыз.Рас қой, жақсылығы сол, жұртпен бірге автобус күтіп сарылмайсың. «Мені ала кетші» деп ешкімге жалынбайсың. МАИ-ға жем болып, жол полициясына әуре-сарсаңға түспейсің. Жарақат деген жаныңа жуымайды. Солай емес пе? Адам денсаулығына пайдалы әрі қызықты демалыс. Мінсең көлігің әрі салауатты өмір салтының тетігі. Тізе берсек пайдасы мол.
Қоршаған ортаның тазалығы үшін де таптырмайтын көлік осы «шайтанарба» емес пе?! «Тазалық» деп мәселе көтереміз, бірақ ойымызға осы бір көлік еш түспейді. Ұмыт қалғандай. Қала тұрғындары жаппай экологиялық таза көлікке ойысса, ауамыз қандай таза болар еді?! Жұрттың үрейін ұшырған жол апаты дегенді ұмытар едік.
    Бүгінде көше бойынан салауаттылықты серік еткендерді көрмейтін болдық. Бар болғанмен, ілуде біреу. Мойындайықшы, бізде әлі веломәдениет қалыптасқан жоқ. Қомсынамыз, былайша айтқанда. Оның себептерін ойласақ қынжылатындай жөніміз бар. Қаламыздың қай бұрышында болмасын, велосипедке арналған жолдар жоқ. Халық арасында насихатталуы да кемшін.Тағысын тағылар. Кімді кінәлаймыз?
Скандинавиялықтардың сенімді серігі
Әлемдік тәжірибеге үңілейік. Шетелде осы бір көлікке құмартқандардың қатары қалың. Батыс Еуропадан бөлек, Шығыс Азия елдерінің де ынта-ықыласы зор. Әсіресе, скандинавиялықтардың сенімді серігіне айналған. Мәселен, Данияның бір тұрғыны  жыл сайын орта есеппен 893 шақырым жол жүреді.Жұмысына да, дүкенге де велосипедпен барады. Нидерланды мұны мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріп тастаған. Ұлыбританиядада сол.  Шайтанарбаның жолдары ірі шаһарлардың арасын жалғайды. Германия соңғы жылдары велосипед жолдарын салуға білек сыбана кірісті. Мына қызықты қараңыз. Қытайда әр велосипедші арнайы нөмір алып, техникалық тексерістен өтіп, жыл сайын салық төлейді. Екі дөңгелекті көлікпен жүруде жапондар мен кәрістер де ешкімнен қалыспайды.
Күніне 15 шақырым велосипедпен қыдырады        
Бізде негізінен салауаттылықты насихаттап жүргендер жастар. Ересектер мұқым-мүлде  байқалмайды. Одан кейін велосипедшілер көбіне-көп саябақтарда кезігеді. Үнемі Абай саябағында серуендеп жүретін Азамат Төремен әңгімелестік. 5 сыныптан бері осы бір сиқырлы спорт түріне әуес. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің 3 курсында оқитын ол күн сайын 1,5 сағат айналып жүретінін айтады. «Саябақтардың бәрінде жүремін. Кәсіпқой ретінде шұғылдану ойда болмапты. Менің мақсатым - салауатты өмір салтын насихаттау ғой. Ең әуелі өзімнің денсаулығым үшін керек. Қаланың кез-келген жеріне осы көлігіммен барамын. Сабаққа да осы. Қатарластарымды осылай жүруге шақырамын». Кәдімгідей ішіміз жылып қалды. Талабы сүйсінтерлік. Колледж шәкірті велосипдке жаппай ойысу үшін бізге арнайы  жол салыну керектігін айтуды ұмытқан жоқ.
Бұл ретте жетпістен асқан ақсақал Тәліпбек Әлжановты айтпай кету әбестік болар. Орталық саябақтың  әкімшісін күнде велосипедпен зырылдап жүргенін көреміз. Жастарға нағыз үлгі боларлық қария. Күніне 12-15 шақырым жүреді.  Жақын барып, сыр-суыртпақтағанымызда ақсақал бізге біраз жәйттен хабардар етті. «Шынында, біз веломәдениеттің қадірін білмей жүрміз.  Көп адам екі дөңгелекті көлікпен жүргенді ыңғайсыз санайды. Оның қажеті не?! Іссапарлармен Қытай, Үндістанда бірнеше рет болдым. Сонда байқағаным, онда велосипед ең негізгі көлік. Көшеден  аяқ алып жүре алмайсыз. Арнайы салынған жолдарды көріп әуесің келеді. Біз голландиялық елшіден үлгі алуымыз ләзім. Былтыр емес пе, астаналықтарды қысы-жазы шайтанарбамен жүруге үгіттегені?», – дейді Тәліпбек ақсақал. Қынжылатындай жөні бар. Біздер қыста демей-ақ, жаздың жайма шуақ күнінде осыған көшсек біраз мәселені шешер едік.
        Голландия елшісі отандастарымызды үгіттеп жүр
Біз үнсіз жүргенде шетел азаматтары  елімізде бастама көтеріп, жақсылыққа үндеп жүр. Астанадағы Нидерланд Корольдігінің елшісіХарри Пюткердің талпынысы қуантады-ақ. Елордалықтарды шайтанарбаны ерттеп мінеуге шақырып ғана қоймай, өзі де ісімен дәлелдеп жүргеніне қалайша таңданбайсың?!Харри Нидерланд Корольдігінің еліміздегі елшілігінің білдей қызметкері бола тұра жылдың төрт мезгілінде де жұмысқа велосипедпен келеді.Тіпті Астананың қыстағы қырық градус аяздарына да қарамастан қос дөңгелекті көлігін жанынан тастамайды. «Елорданың жолдарымен қатынау мүмкін емес» деп қынжылса да, сүйікті көлігінен айырылмайды екен. Елімізге жұмысқа ауысарда өзімен бірге велосипедін де ала келгенін ұғындық.Таңданбай көріңіз.Астанада қысы-жазы велосипедпен жүретін арнайы жолақ салуды ұсынып жүрген де осы Пюткер мырза.
        Винокуровтай чемпиондарды шығарар едік
    Несін айтайық, Александ Винокуров осы шайтанарбамен-ақ елімізді әлемге танытты. Оған еліктеген қаншама желкілдеген жасөспірімдер велоспортқа ойысты. Арман ғой адамды алға жетелейтін. Велосипедке жаппай ойысу арқылы үлкен спортқа да қадам басар едік. Бірте-бірте. Әсте-әсте.
Бұл  мәселеге мемлекет деңгейінде көңіл бөлетін уақыт жеткендей. Қаламызда арнайы веложолдар көптеп салынып, самсап тұрса қандай тамаша.  Бастысы, ынта мен ықылас болса болғаны. Сонда ғана, халықтың назарын энергияны үнемдеуге аударумен қатар, экологиялық тазалық мәселесін шешер едік.
                       
Автор: Т.ҚАСЫМ




 
Футболшыларымыз жақсы жетістіктерге жетуі үшін ең алдымен балалар аяқдобына шындап көңіл бөліп, заманауи спорт алаңдарының санын арттырғанымыз жөн. Осыны шындап ұғынған облыс басшылығы аймақ футболының еңсесін тіктеуге барынша атсалысуда. Сөзіміздің дәлеліндей, Шымкентте жергілікті «Ордабасы» футбол клубының жасөспiрiмдерге арналған жаңа орталығы ашылды. Жаңа стадионның ашылу рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметов, Қазақстан Футбол Федерациясының техникалық директоры Евгений Булгаков, «Ордабасы» футбол клубының президенті Берік Омарбеков және БАҚ өкілдері қатысты.
Қаладағы бұрынғы «Цементник» стадионын Қазақстан Республикасының Премьер-Лигасында өнер көрсетіп жүрген шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының меншігіне берілуіне орай, 2012 жылы жоғарыда аталған спорт нысанында құрылыс жұмыстары облыстық бюджет есебінен жүргізілді. Атап өтерлігі, аталған құрылыс жұмысына 282,1 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілді. Құрылыстың Бас жобалаушы мекемесі «Сити Инжиниринг» ЖШС болса, құрылысты жүргізуші мекеме «Ай құрылыс» ЖШС-і.
– Жаңа стадион ендіфутболғақұмартқаншымкенттікжасөспірімдердіңшеберлігіншыңдауғазорүлесқосадыдепойлаймын. Балаларфутболындамытуарқылыересектерарасындағымәртебеліжарыстардаемін-еркінойқастайалатынжаңажұлдыздардыіріктеугемүмкіндік бар, – дейді "Ордабасы" футбол клубының президенті Берік Омарбеков.
2012 жылы Қазақстан футбол федерациясының шешіміне орай, «Ордабасы» футбол клубында балалар мен жасөспірімдердің дайындық орталығы ашылған болатын. Облыс әкімінің қолдауымен пайдалануға берілген жаңа стадионда қазіргі таңда 9 топ бойынша 200-ге жуық (12 жастан 18 жасқа дейінгі) жасөспірім тәлім алады. Оларға 11 бапкер дәріс беріп, шеберлік сабағын өткізеді. Стадионның көрермендерге арналған 600 орындық жайы бар.
Автор: Сәбит Әуесбек
Шымкенттік садақ ату шеберлері бұдан былай өзге қалаларға бармай-ақ, шаһардағы су жаңа спорт кешенде оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады. Осы аптада пайдалануға берілген «Садақ ату спорт кешені» алдағы уақытта «атқан оғын жүзіктің көзінен өткізетін» кәнігі мергендердің жиі бас қосатын орталығына айналмақ.
Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағынан бой көтерген садақ ату кешенінің ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов келіп, спортшылар мен олардың бапкерлерінің қуанынышына ортақтасты.Көлемі 0,72 га жерді алып жатқан спорт нысанының құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны 2013 жылы қазан айында аяқталған. Құрылыстың Бас жобалаушы мекемесі «Сити Инжиниринг» ЖШС болса, құрылысты жүргізуші мекеме «Kaz imau» ЖШС-і. Құрылысқа облыстық бюджеттен 127,0 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген.
– Бүгін бізде спорт саласы мамандары үшін, оның ішінде садақ ату мамандары үшін қуанышты жағдай. Өздеріңізге мәлім, садақ ату спорты бойынша оңтүстікқазақстандық өрендер дүбірлі додаларда намысты қолдан бергенемес. Мәселен, садақ атудан Сидней Олимпиадасының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Ли, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Ойбек Сайдиев, Азия чемпионатының күміс жүлдегері ҚР бірнеше дүркін чемпионы Ерман Мұсабековтер талай рет үлкен жарыстарда топ жарып, ел мерейін үстеметті. Жаңадан ашылып отырған садақ ату спорт кешеніоблысатынан бақ сынайтын мергендердің дайындығын күшейтіп, алдағы өтетін жарыстарға тыңғылықты дайындалуына оң ықпал етері сөзсіз, – деді облыс әкімі спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімінде.
Шыны керек, Шымкент қаласында мұндай халықаралық талаптарға жауап беретін оқу-жаттығу орталығы бұрын-соңды болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен қолға алынып, облыс әкімінің тікелей қолдауымен аяқталғанбұл спорт нысаны бірмезетте 60 садақ ату шеберін қабылдай алады.
Автор: Сәбит Әуесбек
Қала күні мерекесіне орай облыстық опера және балет театрының ғимаратында "ШЫМКЕНТ АРУЫ – 2013" байқауы өтті. Сұлулар сайысында Шымкент қаласының тұрғыны Әсем Ізбасханова жеңімпаз атанды. 21 жастағы Әсем М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы – «Туризм». Ол болашақта жеке сән салонын ашуды армандайды. "ШЫМКЕНТ АРУЫ - 2013" байқауының бас жүлдегері енді "ҚАЗАҚСТАН АРУЫ" сайысында Шымкент қаласының намысын қорғамақ.
Байқауда қазылар алқасының төрағасы болған қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов сайыстың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айта келе, Шымкент аруы сайысында бақ сынаған барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Жалпы саны 16 бойжеткен өнер көрсеткен сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші вице-мисс болып Динара Сафина марапатталды. Ал, 2-ші вице-мисс номинациясына Анастасия Зиновьева, 3-ші вице-мисс номинациясына Фариза Мұқан лайық деп танылды.
Елімізге белгілі сахна саңлақтары Ғани Құлжанов пен Ирина Ажмухамедова жүргізген салтанатты кеш барысында Қазақстан эстрадасының жас жұлдызы Әли Оқапов пен жергілікті бір топ өнер майталмандары шымкенттік аруларға арнап тамаша әндерді тарту етті. 
 
Дерек көзі: shymkent.gov.kz.
 30 – 31 қазанда «Шымкент Агро 2013» ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтар халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі.
«Көрмеге жиырмадан астам шетелдік қатысуға келісім берген, олардың ішінде Rijk Zwaan, Hortilux Schreder, Invernaderos IMA, Nassan секілді компаниялар бар», - деп көрсетілген ақпар хатта. Сондай-ақ көрме аясында «АКК-дағы инновациялық технологиялар» атты халықаралық конференция өткізіледі. Шараны Қазақстанның жылыжай қауымдастығы, ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.
 
 Дерек көзі: www.bnews.kz.

 

 Оңтүстікте алғаш рет 6-дан 45 жасқа   дейінгі  мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында байқау өткізілді. Бұл шара мүгедектердің  дарыны мен қарымын танытуға, өмірге құштарлығын арттыруға бағытталған.  Аталмыш байқауға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйытқы болды.
          Сайысқа Оңтүстік өңірі бойынша 400-ден астам адам қатысуға ниет білдіріп, оның 114-і ақтық сайысқа жолдама алыпты. «Үздік әлеуметтік жоба», «Кәсібінің үздігі», «Ең тату отбасы» сынды аталымдар бойынша сайысқа түскендердің жұмысын қазылар алқасы оң бағалады.
- Қатысушылар арасында өнерімен көрерменнің ықыласына бөленгендер де бар. Олардың алға қойған арман-мақсаты асқақ. Мәселен, Ордабасы ауданынан келген үміткер тауық асырап, кәсібін ашуды қолға алмақ. Рухы мықты жандардың жобаларына қолдау көрсетілсе, кез келген үміткер жеңімпаз болуға лайықты, - дейді қазылар алқасының мүшесі Фарида Оспанова. 
  Байқау қорытындысы бойыншап «Кәсібінің үздігі» номинациясымен 1орынды шымкенттік Роза Мұса жеңіп алды. Ал «Үздік әлеуметтік жоба» аталымының жүлдесін Түркістан қаласынан келген  Бақытжан Сортбаев еншіледі. «Алтын қауырсын» Сарыағаштың жас жазушысы Мадина Ермахановаға берілсе, «Үздік би» аталымында түлкібастық «Шөжелер» бірінші орыннан көрінді. «Ақылдылар» арасында шымкенттік Ділнәз Әбілда жүлдегер атанса,  «Үздік студенттер» арасынан бірінші орынға Кентаудың серісі Айдос Қалиев лайық  деп танылды. Ал «Ең тату отбасының» жүлдесі  Жұмағұловтар жанұясына бұйырды. Байқау жеңімпаздарына сый-сыяпаттар табыс етілді. 
 
 
 
Қазанның жиырмасыншы жұлдызында Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Бұл байрақты бәсекеде ерлер мен әйелдер 15 салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындарға таласады.
 Польшада ел намысын қорғайтын спортшылардың есімдері белгілі болды. Ерлер – Арли Чонтей (56 келі), Тимур Хасаров (56 келі), Альберт Линдер (69 келі), Владимир Седов (94 келі), Алмас Өтешов (94 келі), Сергей Истомин (105 келі), Селимхан Әбубәкіров (+105 келі) және Ескендір Момынбеков (+105 келі).
Әйелдер – Галина Момотова (48 келі), Маргарита Елисеева (53 келі), Сәуле Сәдуақасова (58 келі), Карина Горичева (63 келі), Жазира Жаппарқұл (69 келі), Анастасия Халықова (69 келі) және Мария Грабовецкая (+75 келі).
Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни "Айқын" газетіне берген сұхбатында бұл Әлем біріншілігіне Лондон Олимпиадасының чемпиондары – Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова отбасылық жағдайларына байланысты жарыстан шет қалғанын айтқан. Сондай-ақ, бас бапкер Қазақстаннан шыққан тұңғыш екі дүркін Олимпиада чемпионты Илья Ильиннің демалыста екенін алға тартқан.
«Біз бұл жарысқа аралас құрамды апаруды құп көрдік. Өздеріңізге белгілі, Сондай-ақ бірқатар тәжірибелі спортшылардың еш алаңсыз тынығуына мүмкіндік бердік. Өйткені келесі жылғы әлем чемпионаты Қа­зақстанда өтеді. Бұл – лицензиялық дода. Яғни 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанатын жазғы Олимпиада ойындарына кімдердің қатысатыны осы жарыс арқылы шешіледі. Сондықтан да барлық күшімізді Астанадағы әлем чемпионатына жұ­мылдыруды жөн көріп отырмыз. Бірақ Вроцлавқа біз жай серуендеп қайту үшін бара жатқан жоқпыз. Жанкүйерлер де ауыр атлеттердің жеңісіне көздері үйреніп қалған. Сол себепті де жарыс жолына шығатын жерлестеріміз жеңіс тұғырына көтерілу үшін барынша күш салады, – дейді ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни.
 Baq.kz
 
Page 1 of 3