19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Ғылым-білім

Шымкенттік ғалымдар ойлап тапқан ғылыми жаңалық әлем мойындаған оқымыстылардың назарын аудартып отыр. Геномдық зерттеулер жүргізіп жатқан жергілікті ғалымдар адам ғұмырын ұзартып, жасартатын сыйқырлы сусынның құрамын табу үшін бар күш-жігерлерін салуда. Жоба авторларымен кездескен Эрвин Неер ғалымдардың бүгінгі жеткен жетістігін жоғары бағалады. Шымкенттік әріптестерінің адам клеткалары мен ерте қартаюдың себебіне жауап іздеген еңбектеріне көңілі толатындығын жеткізді. Медицина және физика ілімі бойынша ашқан жаңалығымен Нобель сыйлығының иегері атанған ол жас мамандарға арнайы дәріс оқыды. Онлайн жүйеде өткен сабақты еліміздегі медицина саласы бойынша білім беретін 6 жоғары оқу орындарының студенттері тыңдады. Шетелдік ғалым Қазақстанға Елбасының арнайы шақыртуымен келген. Нобель сыйлығының иегері Астанада өтетін экономикалық форумға қатысады. Эрвин НЕЕР, Нобель сыйлығының иегері: - Мен нағыз жұмыстың қызып жатқан шағында келіппін. Менің ойымша, бұл зерттеу жұмыстары өте қызықты. Мынадай жоғары технологияда жұмыс істеп жатқан зертханада көп жетістікке қол жеткізу мүмкін. Ғалымдардың қол жеткізген жетістігіне тәнті болдым. Әсіресе, тез қартаюдан сақтайтын және жасарудың сыйқырлы сусындары жайлы жоба қатты ұнады.

Толығырақ ...

Мамырдың 15-інде  Шымкент қаласында басталған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XV көшпелі отырысы бүгін қорытындыланды. Аталмыш отырыста Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы облыс әкімдерінің жауапты орынбасарларының есептері тыңдалды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Кеңестің көшпелі отырысы қоғам өкілдері мен жастардың кеңінен қатысуымен өтті. Оның аясында «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар, осы уақыттарда төрт үнқатысу алаңдарында бюджеттік сала және жас әскери қызметкерлерімен, жас спортшылар және жас ғалымдармен Кеңес мүшелерінің кездесулері жүзеге асты. Күннің екінші жартысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XV пленарлық қорытынды отырысына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, аймақта жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын және әкімдік тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін атап өтті. Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ғабидулла Абдрахымов кеңес жұмысына жоғары баға беріп, ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғысын айтты. Сонымен қатар, жастар кеңесінің төрағасы аймақтарда жастар саясатын дамытуда мұндай шаралардың маңызды екенін, жастардың өзекті мәселелерін талқылайтын алаңдардың көп болғанын қолдайтынын жеткізді. Үш күнге созылған Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XV көшпелі отырысында көтерілген мәселелер бойынша Үкіметке ұсыныстар әзірленіп, кеңес отырысында сөз болған өзекті мәселелер назардан тыс қалмайтындығы…

Толығырақ ...

Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарының барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне сапар жасады. Мемлекет басшысы ақпараттық стендтермен танысып өтіп, оқу мекемесінің педагогикалық ұжымымен, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен бейресми әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында Президент білім беру жүйесінде өткізіліп отырған реформалар мәселесін қозғап, білім беру процесін жаңғырту қажеттілігін атап өтті. Дәл сондықтан үздік халықаралық білім беру бағдарламаларын байқап көруде тәжірибелік алаң болып табылатын Назарбаев Зияткерлік мектептеріне ерекше назар аударылады. Облыста Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми ашылуы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде болды, оқу мекемесінің жобалық қуаттылығы - 1200 адам. Бүгінде білім ошағында 799 бала оқиды, 180 адам жұмыс істейді. Биыл мектепті 87 оқушы бітіріп шықты, олардың 21-і оқуды «Алтын белгімен», 8-і - үздік аттестатпен аяқтады. Оқушылар түрлі байқаулар, олимпиадалар және жарыстардың тұрақты қатысушылары болып табылады. 2011 жылы төрт оқушы Еуропада (Рим, Венеция, Альпі, Париж) шығармашылық және ғылыми жұмыстар байқауының (Фиджип-Евроталант-2011) жүлдегерлері болды. Сол жылы Швейцарияда өткен Халықаралық ғылыми олимпиадада мектеп оқушылар 5 жүлделі орынды иеленді.

Толығырақ ...

Page 3 of 3