16Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

Ғылым-білім

Биыл жыл соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында алпыс жеті білім беру нысаны ғимаратының құрылысы аяқталады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бір жүз төрт білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, соның отыз жетісі пайдалануға берілген.   Бұл мектептердің құрылысы облыстық және республикалық бюджеттер есебінен жүріп жатыр. Пайдалануға берілген мектептердің арасындаон тоғыз  нысан кезінде апатты болып танылған. Апатты ғимарат санатына жатқызылған тағы он мектептің құрылысы да биыл аяқталады. Қалған жиырма жеті білім ошағының мәселесін 2017 жылға дейін шешу жоспарланған. Биыл жүз мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.  Бұл мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылында күтіп тұрған жақсылықтар болмақ. Айнадай жарқыраған мектеп іші, көз тартарлар аулалар, кең бөлмелер баланың оқуға деген және ұстаздың еңбекке деген ынта-ықыласын екі еселей алатыны сөзсіз. 

Толығырақ ...

Бақытжан Асқарұлы, «Жастар практикасына» қатысушы: -         Мен өз басым «Жастар практикасын» жастарға берілген мүмкіншілік деп білемін. Расында, қолына кеше ғана дипломын алған жас маман қайда барарын, алған мамандығы бойынша қай жерден жұмыс табарын білмейді. Ал, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты арқылы жастарды тәжірибеден өткізе отырып, жұмысқа қабылдауға немесе жұмысқа орналастыруға негіз бар. Бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Мен де 2010 жылы Ақдала ауыл округіндегі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебін аяқтап, Шымкент университетіне Есеп және аудит мамандығына оқуға түскенмін. Атаулы оқу орнын 2014 жылдың 17-шы маусымында тәмамдап шықтым. Қолыма диплом алған соң, мамандығым бойынша тұрақты жұмыс іздей бастадым. Жаңадан бітіріп жатқан жастар өте еңберінде жердегі мамандар жаңадан жұмыс көзі табылған сәтте  маған хабарласып, құлағдар ететінін айтты. Сонда ғана ішкі күдігім сейілгендей болды. Міне, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жастар практикасына 2015 жылдың 20-шы сәуірінен бастап шақырылдым, қазіргі таңда Арыс қаласының “Білім бөлімінде” мамандығым бойынша іс тәжірибеден өтіп жатырмын. Тәжірибе көп нәрсені үйретті. Егер жұмысты тиянақтылықпен, жауапкершілікпен атқарсақ, осында жұмысқа орналасуға мүмкіндігіміз бар. Сол себепті, қолымнан келгенше іскер, әрі қабілетті маман болуға ұмтылып жатырмын. 

Толығырақ ...

Оңтүстік Қазақстанда Ораза айт мерекесіне орай үш діни әдебиеттер мен бірнеше әдістемелік құралдардың таныстырылымы өтті. Аталған оқу құралдарын бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасына қарасты «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мекемесінің директоры Нұржан Тұрсынбай таныстырды. Орталықтың мұрындық болуымен жарық көрген «Ислам мәдениеті мен салт-дәстүрдің сабақтастығы» атты еңбекте ислам мәдениеті мен оның ерекшеліктері, Пайғамбардың (Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) сүннеті, қазіргі ғасырдың ислам мәдениетіне тосқауылдары тақырыптары қозғалып, кеңінен түсінік берілген. Ал «Менің таңдауым – ханафи мазһабы» кітабында ислам дінінің Ханафи мазһабын ұстанатын халқымыздың рухани өмірі, мәдениеті, салт-дәстүрі айтылған. Сондай-ақ бұл кітапта Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының артықшылықтары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған. Орталық шығарып отырған тағы бір жаңа кітап – «Елімізде тыйым салынған және дәстүрлі емес діни ағымдар» деп аталады. Мұнда кереғар діни ағымдардың пайда болу себептері діни, саяси, әлеуметтік тұрғыдан талқыланып, Қазақстандағы секта, кереғар діни ағымдардың орын алуы, олардың мемлекет қауіпсіздігін, қоғам тыныштығын бұзуы әрекеттерінің көріністері мен әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктері дінтанушылық тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Сондай-ақ «Әлеуметтік бастамалар орталығы» жалпыадамзаттық құндылықтар жөнінде Құран сүрелерінен үзінділер мен қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, тарихи тұлғалардың ой-пікірлері жазылған тақырыптық плакаттар басып шығаруды қолға алған. «Орталыққа жүктелген негізгі міндет – діннің шынайы қағиадаттарын халық арасында түсіндіру, дін атын жамылған теріспиғылды ұйымдардың әрекетінен сақтау, адамзат баласына…

Толығырақ ...

      ...Кей сәтте сабақтарға дайындап отырған кезімде өзімнің ҰБТ-ны тапсырып,өзі-өзімнің сенімді шығып келе жатқан бақытты кейпімді елестетіп отырамын.Жанымда жүздері қуанышқа толы, бал-бұл жанған ата-анам,бауырларым және ардақты ұстаздарым.Осы сәттің орындалуы үшін мен де аянбай, өз уақытымды нақтылы кезеңдерге бөліп дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын.        Мен, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 11-сыныптың «Алтын белгіге» үміткер оқушымын. Біз өз сыныптастарымызбен күнделікті сабақтарымыз қызу пікірталастарға ұласады десем шынайы болар еді. Себебі: бәріміз жиналып түсінбеген сауалдарымызға жауапты топтаса іздеп,зерттеуге әуеспіз. Кей күндері түсінбеген сұрақтарды дайындап әкеліп,бірі-бірімізге қойып, сынып ішінде ойталқыларды да ұйымдастырып жібереміз. ҰБТ- талапкердің болашаққа бастар жолының бас қадамы. Ол сынақтан әрбіроқушы сүрінбей,жоғары балл жинағысы келеді. Себебі,ол оқушы өміріндегі маңызды сәт,11 жыл бойы алған білімдерін шыңдайтын сәт,келешекте қандай мамандық иесі болатынын анықтайтын сәт. Міне, дәл осы сәтте мен 11-сыныпты бітіруші, түлектерге сәттілік тілегім келеді.   Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №226гимназияның 11-сынып оқушысы Рысмахан Жұлдыз Серікқызы

Толығырақ ...

 Елбасының "Балапан 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде көптеген жаңа балабақшалар бой көтергені белгілі.  Бүгінгі күнге дейін "Балапан" бағдарламасы бойынша ОҚО-да 160 ұйым іске қосылып, 152 мың бала қамтылған екен. Бұл халқы жағынан әсіресе мектеп жасына дейінгі бүлдіршіні көп біздің облысымыз үшін жоғары көрсеткіш.          Бұған дейін балабақша кезегін күту, бала санының шектен тыс көптігі, балабақша ғимараттарының тым аз болуы кешегі күнге дейін күрмеуі қиын мәселе болып келгенін елдің бәрі біледі. Елбасы қалай "Балапан 2020" бағдарламасын қабылдады, қордаланған сұрақтардың солай түйіні шешіле бастағандай. Бағдарламаның міндеттері 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; "республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру" болатын.          Міне, Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданындағы №35 "Сәуле" балабақшасы осы аталмыш бағдарлама негізінде құрылған. Жаңа балабақшада көптеген жылдар бойы педагогика саласында тәжірибе жинаған білікті ұстаздар, тәрбиеші мамандар еңбек етіп келеді. Ұжым іші өзара тату, сәбилер тобынан бастап мектепке даярлық тобына дейінгі балалар заманауи сипатта білім мен тәрбие алады. Әр даталы күн сайын ата-аналармен тығыз байланыса отырып ертеңгілік кештер,…

Толығырақ ...

Page 1 of 3