19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

26 Қаз

Оқу орындарында «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық пайда болды

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру туралы» Заңды және 2011-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспарды қабылдаумен байланысты ҚР ІЖӨ энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10% және 2020 жылға қарай 25% төмендету болжануда. 
Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, қазіргі күні, 2,8 млрд. теңгені үнемдей алдық.Мемлекеттік энергетикалық тізілім қалыптастырылған, оған 2000 астам өнеркәсіптік кәсіпорын мен 28000 мемлекеттік мекемеле кірді. Негізгі 30 ірі кәсіпорын энергия аудитті жүргізуді жоспарлауда, 50 кәсіпорында энергия менеджменті жүйесі енгізілуде.Елдің 200 астам өнеркәсіптік кәсіпорындарында жаңғырту жүруде және 300 млрд. теңгеден астам қаражат инвестиция салу жоспарлануда.  Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы осы іс-шаралардан шамамен 3 млн. м.э.н. (мұнай эквивалентідегі тонна) мөлшеріндегі энергия ресурстарды үнемдеуден тиімділік алу жоспарлануда.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИЖТМ энергия үнемдеу саласында «Энергия тиімділігі - 2020» бағдарламасын сондай-ақ, «Энергобаланс - 2020» бағдарламасын әзірлеуде.
2012-2015 жылдарға арналған энергия тиімділігі бойынша кешенді жоспар шеңберінде 100-ден астам отандық энергия аудиторлары мен энергия менеджменттері дайындалды. 2012 жылы Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде «Энергетикалық менеджмент» атты жаңа мамандық ашылды. Осы мамандық бойынша Қазақ С.Сефуллин атындағы Агротехникалық университетінде 27 адам оқытылуда.

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.