16Тамыз2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Берлинде «Су және Орталық Азиядағы тату көршілік қатынастар» конференциясына қатысты. бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференцияда сөз сөйлеген Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде су мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық базасы даму үстінде екендігін, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы, Аралды құтқару бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары конференция қатысушыларына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Орталық Азиядағы су жағдайын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстар жасады.

"Халықаралық Аралды сақтау қорына мүше мемлекеттер басшыларының Кеңесі отырысын, немесе ірі донорлар мен сарапшыларды тарта отырып, Су саммитін өткізу қажет. Бұдан өзге, Қазақстан Орталық Азиядағы Су және экологиялық қауіпсіздік туралы келісімді бірлесіп әзірлеуді және оған қол қоюды ұсынды. Сонымен қатар, гидрологиялық мәліметтер алмасудың ашық жүйесін құру маңызды", - деді Б.Сағынтаев.

Осылайша, Қазақстанның тағы бір бастамасы мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы, «Сырдария» мен «Әмудария» бассейніндегі су шаруашылығы бірлестіктері жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.