26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

28 Там

Алпыс жеті мектептің құрылысы бітуге таяу

Биыл жыл соңына дейін Оңтүстік Қазақстан облысында алпыс жеті білім беру нысаны ғимаратының құрылысы аяқталады. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл бір жүз төрт білім беру нысанының құрылысы жүргізілді, соның отыз жетісі пайдалануға берілген.  

Бұл мектептердің құрылысы облыстық және республикалық бюджеттер есебінен жүріп жатыр. Пайдалануға берілген мектептердің арасындаон тоғыз  нысан кезінде апатты болып танылған. Апатты ғимарат санатына жатқызылған тағы он мектептің құрылысы да биыл аяқталады. Қалған жиырма жеті білім ошағының мәселесін 2017 жылға дейін шешу жоспарланған. Биыл жүз мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.  Бұл мектеп оқушылары үшін жаңа оқу жылында күтіп тұрған жақсылықтар болмақ. Айнадай жарқыраған мектеп іші, көз тартарлар аулалар, кең бөлмелер баланың оқуға деген және ұстаздың еңбекке деген ынта-ықыласын екі еселей алатыны сөзсіз. 

«ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов құрылыс алаңдарына бару кезінде мердігерлерден барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтауды талап етті. Тек сапалы құрылыс материалдарын пайдаланып, оларды мұқият тексеруді, мектеп маңындағы аулалардың абаттандырылуына мұқият көңіл бөлу керек екенін тапсырды», - деп атап өтті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Осы категориядағы басқа материалдар: « ТӘЖІРИБЕ КӨП НӘРСЕНІ ҮЙРЕТТІ

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.