26Маусым2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Шіл

«100 нақты қадам» - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету

Елбасы атап көрсеткен «100 нақты қадам» реформасын халыққа кеңінен түсіндіру үшін облыста 5 ақпараттық насихаттық топ құрылып, жұмыс жүргізіп келеді. Жұмыс кестесіне сәйкес, облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов бастаған І топ Шардара ауданына келіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесті. 
Жиынды аудан әкімі Қ.Айтөреев жүргізіп отырды. Алғаш болып сөз алған топ жетекшісі ҚР Президентінің 5 институтционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» атты 2-ші бағытын жүзеге асыру туралы әңгіме өрбітті. Белгіленген бағыт-бағдар бойынша жүріп, ондағы тапсырмаларды орындау – ортақ міндет деді, – Б.Оспанов. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін «Жергілікті полици қызметін құру» реформасы – бүгінгі уақыт талабынан туындап отырған жағдай екенін айтқан Берік Оспанов заңға деген талап – қатал болу керек деді. Сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлерімен өткен дөңгелек үстелге облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Ержан, облыс әкімі аппаратының қылмыспен, терроризмен күресті үйлестіру және мемлекеттік-құқық жұмысы жөніндегі бөлім басшысы С.Атыхаев, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары С.Тіленшин қатысып, Ұлт Жоспарын жүзеге асыру жөнінде өз ойларын ортаға салды.  
Шардара аудан әкімінің баспасөз хатшысы
 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.