30Сәуір2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

09 Мам

ҰБТ- талапкердің болашаққа бастар жолының бас қадамы

      ...Кей сәтте сабақтарға дайындап отырған кезімде өзімнің ҰБТ-ны тапсырып,өзі-өзімнің сенімді шығып келе жатқан бақытты кейпімді елестетіп отырамын.Жанымда жүздері қуанышқа толы, бал-бұл жанған ата-анам,бауырларым және ардақты ұстаздарым.Осы сәттің орындалуы үшін мен де аянбай, өз уақытымды нақтылы кезеңдерге бөліп дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмын.
       Мен, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 11-сыныптың «Алтын белгіге» үміткер оқушымын. Біз өз сыныптастарымызбен күнделікті сабақтарымыз қызу пікірталастарға ұласады десем шынайы болар еді. Себебі: бәріміз жиналып түсінбеген сауалдарымызға жауапты топтаса іздеп,зерттеуге әуеспіз. Кей күндері түсінбеген сұрақтарды дайындап әкеліп,бірі-бірімізге қойып, сынып ішінде ойталқыларды да ұйымдастырып жібереміз.
ҰБТ- талапкердің болашаққа бастар жолының бас қадамы. Ол сынақтан әрбіроқушы сүрінбей,жоғары балл жинағысы келеді. Себебі,ол оқушы өміріндегі маңызды сәт,11 жыл бойы алған білімдерін шыңдайтын сәт,келешекте қандай мамандық иесі болатынын анықтайтын сәт. Міне, дәл осы сәтте мен 11-сыныпты бітіруші, түлектерге сәттілік тілегім келеді.
 
Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі
№226гимназияның 11-сынып оқушысы
Рысмахан Жұлдыз Серікқызы

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.