19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

25 Сәу

Шымкентте жаңа халықаралық әуежай салынады

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымы «Airport Management Group» ЖШС Шымкент қаласында жаңа халықаралық әуежай салу туралы екі жақты меморандумға қол қойды. Жобаның таныстырылымына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты.
Екі кезеңнен тұратын жобаның құрылыс жұмыстары биыл басталады. Мұнда тартылған инвестиция құны 143 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаның басты ерекшелігі жаңа әуежай маңынан темір жол вокзалы мен автовокзал бірге бой көтереді. Әуежайдың үш жақты логистикалық дамуы елімізде тұңғыш рет қолға алынып отыр.
Жылына 2,5 млн. жолаушыға еркін қызмет көрсететін жаңа әуежай өңір экономикасына тың серпін беріп, сауда-саттықты нығайтумен қатар, өңірдегі туризим саласын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. Ал жаңа темір жол арқылы Түркістан мен Сарыағашқа қатынау мүмкіндігі ашылып, мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
 
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.