22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Сәу

Балабақшада тәрбиеленген баланың артықшылықтары көп

 Елбасының "Балапан 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының өзінде көптеген жаңа балабақшалар бой көтергені белгілі.  Бүгінгі күнге дейін "Балапан" бағдарламасы бойынша ОҚО-да 160 ұйым іске қосылып, 152 мың бала қамтылған екен. Бұл халқы жағынан әсіресе мектеп жасына дейінгі бүлдіршіні көп біздің облысымыз үшін жоғары көрсеткіш.

         Бұған дейін балабақша кезегін күту, бала санының шектен тыс көптігі, балабақша ғимараттарының тым аз болуы кешегі күнге дейін күрмеуі қиын мәселе болып келгенін елдің бәрі біледі. Елбасы қалай "Балапан 2020" бағдарламасын қабылдады, қордаланған сұрақтардың солай түйіні шешіле бастағандай. Бағдарламаның міндеттері 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін – 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; "республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру" болатын.

         Міне, Шымкент қаласы Сәуле шағын ауданындағы №35 "Сәуле" балабақшасы осы аталмыш бағдарлама негізінде құрылған. Жаңа балабақшада көптеген жылдар бойы педагогика саласында тәжірибе жинаған білікті ұстаздар, тәрбиеші мамандар еңбек етіп келеді. Ұжым іші өзара тату, сәбилер тобынан бастап мектепке даярлық тобына дейінгі балалар заманауи сипатта білім мен тәрбие алады. Әр даталы күн сайын ата-аналармен тығыз байланыса отырып ертеңгілік кештер, балалар мерекесін ойдағыдай өткізіп келеміз.

         Кейбір ата-аналар мекеп жасына дейінгі балаларының үй ішінде тәрбиеленгенін қалайды. Алайда,балабақшада өскен баланың қатарынан оқ бойы озық тұратынын, ертеңгі күні достар табуға, көпшілікпен тіл табысуға бейім келетінін, бастысы бала бойындағы бұғып жатқан таланттар ерте дер кезінде ашылып, көзге түсе бастайтынын, ақыр соңында жетістігі мен жемісін беретіндігін айтқым келеді.   

 

Динара ОРАЗБАЕВА,

№35 "Сәуле" бөбекжай балабақшасының әдіскері

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.