19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

16 Ақп

2015 жылы сайлау өткізу идеясы қазіргі дағдарысты еңсеру шараларымен ұштасып жатыр

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне арнайы келген Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов кезектен тыс президенттік сайлауға орай альянс атынан Қазақстан халқына үндеу жариялады. 
«Біздің барлығымыз күрделі сыртқы ахуалға куә болып отырмыз. Біріншіден, әлемдік геосаяси дағдарыстың дамуы белгісіз болып тұр. Екіншіден, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық сақталуда. Әлемдік ресурстардың құны да айтарлықтай құлдырады. Көптеген мемлекеттердің экономикасы рецессияға бой алдырды. Көптеген елдерде жұмыссыздық белең алуда. Осы жағдайларда Қазақстанға әлемдік қоғамдастықтың бөлшегі ретінде сәйкесінше превентивті шаралар қабылдау маңызды. Мемлекет басшысының бастамасымен біздің елімізде сәйкесінше дағдарысқа қарсы шара - «Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ұлттық қордан бұл мақсаттарға қаржы бөлінуде. Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Жүздеген мың жұмыс орындары құрылды. Дағдарысқа қарамастан мемлекет индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын қаржыландыратын болады.
Біз  2015 жылы сайлау өткізу идеясы қазіргі дағдарысты еңсеру шаралармен ұштасып жатыр деп санаймыз. Белгілі болып отырғандай, келер жылы президенттік және парламенттік сайлауларды өткізу мерзімі тұспа тұс келіп отыр. Мұндай жағдайда президенттік сайлауды биыл өткізу оларды уақытымен бөлуге әрі қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл қадам барша атқарушы және өкілетті биліктің белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға шоғырлануына, сонымен қатар дағдарысты тез арада еңсеруге мүмкіндік береді.
Электоралды науқанды жедел өткізу қазақстандық қоғамдағы саяси тұрақтылықтың және келісімнің сақталуына септігін тигізетін болады. Біз ҚР Президентін кезектен тыс сайлау идеясын қолдаймыз», - деді аляньс үдеуін жария еткен Н.Ерімбетов.
http://www.inform.kz 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.