19Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

29 Сәу

Оқушылардың ізденісін қалыптастырудағы менің тәжірибием

       Заман талабына сай білім бере отырып,  оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту және шығармашылық ізденіске баулу бүгінгі ұстаз үшін үлкен жауапкершілікті іс дер едім. Өзім қызмет жасайтын Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия оқушылары мен ата-аналары заманға сай білім алуға ынталы, әрі негізгі сұраныстың көзі екенін және сол  сұранысқа сай білім беру -гимназия мұғалімдеріне тән мақтанарлық кәсіби дағды деп толық айта аламын. Қызмет жасайтын білім орданың әрбір ұстазы күнделікті білім әлеміндегі  жаңалықтан тыс қалғысы келмейтінін, әрі мақсатты ізденістері аудан, облыс, республика көлемінде дәлелденіп жүр.
        Оқушыларды терең біліммен қаруландырып, олардың назарын, білгендерін жадында сақтай білу қабілетін, білімге құштарлығын, іскерлігін, ізденімпаздығын, пәнге деген қызығушылығын жетілдіру - менің әр сабағымда қолданатын басты ұстанымым. Әрбір тапсырманы орындау барысында оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында – балалық адал қасиеттері мен пәк мінездеріне құлшыныс оятып, алға жетелеу мақсатында «сенің қолыңнан бәрі келеді», «өзің де тамаша орындай аласың» деп олардың кішкене жетістіктерін мақтап, көтермелеп отырамын.
        Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдердің шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Әр сабағымда оқушымның бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамытуды көздеймін. Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда қайталау сабақтарының берері мол. Қайталау арқылы оқушы алған біліміндегі олқылықтардың орнын толтырса, мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтайды. Қайталау сабақтары оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыруға, білім дағдысын арттыруға, оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға жағдай жасайды. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты –оның пәнге деген қызығушылығын артыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана бала оған көңіл қойып  қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Оқушыларға соның ішінде өзімнің  сыныбыммен, шығармашылық әрі іздене жұмыс жасауымның нәтижесінде бала үшін және өзім үшін де мақтаулы жетістіктерге қол жеткіздік. Атап айтар болсам: 2012 жыл - "Инфознайка"  ресейлік білім сайысында 16 оқушы өте жақсы бағамымен, 2012 жылы "Бастау"  облыстық математикалық олимпиада оқушым Жұмажанова Дильназ жетістікке жетті, 2013 жылы аудандық пән олимпиадада Амангелді Бағнұр  І орын (қазақ тілі бойынша ), Жұмажанова Дильназ  ІІ орын (математика), Әділхан Ақниет ІІІ орын  (дүниетану), 2013 жылы  халықаралық математика сайысында  Амангелді Бағнұр, Жұмахан Дамир, Базарбай Арайлым, Жұмажанова Дильназ ІІІ орын, 2013 жылы  "Кенгуру" халықаралық сайысында Әріпхан Әлихан ІІорынды иеленді.
            Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.
Бастауыш сыныбындағы бала қиялы мен талабы оқуға деген ұмтылысын әр уақытта жігерлендіріп, шығармашылық қолдау жасау  - менің кәсібімдегі міндетім, әрі мақтанышым, бақытым.
Айжамал ИІМБЕТОВА,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Б.К.Мергенбаев атындағы
№226 гимназияның
Бастауыш сынып мұғалімі
 

 

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.