22Қараша2017

Download Template for Joomla Full premium theme.

Deutschland online bookmaker http://artbetting.de/bet365/ 100% Bonus.

Online bookmaker bet365

05 Шіл

Кеден одағы жағдайында және ДСҰ табалдырығында қазақстандық үлесті дамыту өзектілігі арта түсуде

 
 
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық үлесті дамыту бағдарламасы жаңа өндірістердің өсімін ынталандыруға, білім мен технология трансферін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
 Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде инфрақұрылымдық өзгерістер орын алады, жұмыспен қамтудың деңгейі мен қазақстандық мамандардың құзырлық деңгейі арта түседі. Қазақстандық үлес дегеніміз - еліміздің аумағындағы кәсіпорындар пайдаланатын қазақстандық тауарлардың, қызметтер мен еңбек ресурстарының құндық мазмұндағы үлесі. Яғни, бұның өзі - Қазақстанның технологиялық және индустриялық-инновациялық даму деңгейінің индикаторы.
 Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыратын жұмыс органы «Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі NADLoC ұлттық агенттігі» болып табылады. Агенттіктің басты міндеті - отандық өндірушілерді ішкі нарықта ілгерілетуге жағдай жасау. Агенттіктің басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенов былай дейді: «Кеден одағы жағдайында және Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылудың қарсаңында қазақстандық үлесті дамыту мәселесінің өзектілігі арта түсуде. Біз, мысалы, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау, Индустрияландыру картасы аясындағы жобаларға жергілікті мазмұн бойынша сараптама жасау кезіндегі шығыстарды өтеуге негізделген мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін ұсынып отырмыз. Біз отандық өндірушілерді бастамашы болуға, алға қарай дамуға үндейміз».

Пікір жазу

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.